ойын сауық отауы
Сен үшін
11.05.2016 3 131 0 Дауыл

Сен үшін

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Біреулермен жалғастырып жең ұшын,
Жасап жүрсем жаным сүймес келісім,
Барлығы да
Поэзия, сен үшін
Сырласым - ау,
Сырымды ұқсын кім менің,
Кімге керек мұңайғаным, күлгенім?
Барады етіп,
Барады өтіп күндерім...
Ай - жылымды алып қашып ілгері
Жырым - сырым,
Мен сенімен біргемін.
Мәзір етіп мәпелегеи жемісін,
Мәуелесе баққа толып өрісім,
Барлығы да,
Поэзия, сен үшін!
Күйінішін, сүйінішін тең бөлген,
О, Бақытым!
Мына өмірде мен көрген!
О, Тағдырым!
Сырласайық кел бермен! О Қуатым!
Құлағанда дем берген!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым... Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым...
Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым Ұстай алмадым, Өткізіп қойып уақытын. Сансырап, шаршап жүргенде,
Түйсік Түйсік
Киген киім, асқа ырза күндегі ішкен, Жалықтым - ау, осы бір күн көрістен. Үмітім де үзіліп бара жатыр, Мына құрғыр мандышай жүрген істен.
Тағдырмен бетпе - бет Тағдырмен бетпе - бет
Хабар жоқ саған кеткен елшілерден, Ей, Тағдыр! Сөйлесейік, келші бермен. Қаншама соқпақтарға бастасаң да, Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен.
Жырлар жазам Жырлар жазам
Жырлар жазам, Алайда ол кімге керек?! Жанға шипа іздеймін, тілге дерек. Мәжнүн болып барамын күннен - күнге, Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Барлығы да менікі Барлығы да менікі
Барлығы да менікі: Мына дәуір, мына өмір, Мынау аспан, мына күн. Мына мұхит, мына жер - Мына менің тұрағым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×