Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған
Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман.
Қас - кірпігің қарлығаштың қанатындай қап - қара,
Үлбіреген жүзіц сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем - басың әп - әдемі, мүсініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар, бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен!?
Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сепбеймін,
Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің.
Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде,
Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін.
Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым,
Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай таусамын?!
Мың Мәжнүн мендей, сірә, тебіренбеген шығар - ау,
Аппақ құсым, қайдасың сен? Аңсадым - ау, аңсадым...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн - ау бір.
Сүйген – сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Иек артқан теңізге мүйістейін
Иек артқан теңізге мүйістейін, Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін? Иіскейін тек қана, тиіспейін, Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?
Жүрек арызы
"Бас, ием менің. Өзіңнен бұрын жаралғам. Алдымен - менмін, Сонан сон, - сенсің жаралған. Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың,