ойын сауық отауы
Сәби болғым келеді
12.05.2016 6 448 0 Дауыл

Сәби болғым келеді

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

... Құс та болғым келмейді!
Қанатым бар..
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуым бар, керекпе жылыныңдар.
Әлди болғым келеді, әлди болғым -
Күн сәулесі ойнақтап тұлымында,
Отыратын анасы құлынымдеп.
Қанаттанып өмірге ұшарымда,
Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ Ананың құшағында.
Tap бесігі - кең жаһан тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.-
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өкпесіз өмір сүре білейік Өкпесіз өмір сүре білейік
Шəкірті ұстазына айтыпты: - Сіз үнемі көңілді жүресіз. Ешкімге ашуланбайсыз, ренжімейсіз. Менің де сіз сияқты болғым келеді. Көмектесіңізші.
Ұшқыш болғым келеді. Қасым Аманжолов өлеңі Ұшқыш болғым келеді. Қасым Аманжолов өлеңі
Мөлдір тұнық көк аспан, Сол аспанға жарасқан Самолеттей сұңқармен, Ұшқан құспен таласқан, Ұшқыш болғым келеді!
Бала болғым келеді Бала болғым келеді
Сабақтан қайтып келем екі - үш қызбен, Қыздар мәз болушы еді жүрсе бізбен. Айтысып әзіл - қалжың күлісеміз Нұр тамып, гүл жайнаған жастық жүзден.
Тоқта, ботам Тоқта, ботам
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға. Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын Айырбастап ала алмай жүр алтынға.
Таудай болғым келеді Таудай болғым келеді
Өлмесін деп берген ғой тауды маған. Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған. Көңілімде бір құйын көтерілсе, Тауларымда тұрады қарлы боран.
Сәби өсіп келеді Сәби өсіп келеді
Түнге карай, Түйсік салып, Таң атқанша не болады?! (Оны қайдан білейін) Бүкіл адам баласына тек жақсылық тілейін, Ортасында солардың мен, Ойнап -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×