ойын сауық отауы
Сәби өсіп келеді
12.05.2016 2 123 0 Дауыл

Сәби өсіп келеді

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Түнге карай,
Түйсік салып,
Таң атқанша не болады?!
(Оны қайдан білейін)
Бүкіл адам баласына тек жақсылық тілейін,
Ортасында солардың мен,
Ойнап - күліп жүрейін.
Маужыраған күллі әлем,
Жақсы жатып, жай тұрсын.
Адамзаттың төсегіне,
Төңкерілген Ай тұнсын.
Қылауы жоқ, қыстары аппақ,
Аман - есен май тусын,
Таңсәріде, Адамзатқа,
Арнап гимн айтылсын!
Менің мына Ғасырымның кезінде,
Бір жақсылық,
Тыным алмай, жердің бетін кезуде.
Күтуде оны күтуде оны,
Күллі ғалам төзуде.
Ақырында тоғысады,
Сезімдер кеп сезімге!
Адамзат пен табиғаттың,
Таусылмайды қорегі.
Қайырымсыз қара тас та,
Өз жемісін береді.
Құл болмаспыз, құндақтайық,
Әлдилейік бәріміз,
Тыныштық деп аталатын сәби өсіп келеді.
Үрейменен өтеді ылғи тұнжыраған түндерім
Сол сәбиді әлдилеген адамзатпен біргемін.
Қарғыс атсын!
Атсын қарғыс!
Түнге айналып күндері,
Сол сәбиді ұйқысынан шошытса егер,
Кімде - кім!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайырлы таң Қайырлы таң
Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім, өзендерім, көлдерім! Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім! Орманым да шуламай,
Тоқта, ботам Тоқта, ботам
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға. Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын Айырбастап ала алмай жүр алтынға.
Сәби болғым келеді Сәби болғым келеді
... Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен
Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен, Кейбіреуге қарыздар емеспін мен. Пейілімді теңізбен таластырып, Тереземді аспанмен теңестірем.
Жанарым Жанарым
Түспесін десең, егер сезімге кір, Жанарым, менің ылғи кезімде жүрі Жамандық көрсең менің қабағымнан, Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Жігіттер, мақтанбалық Жігіттер, мақтанбалық
Бөрікті аспанға атып, аттан салып, Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық! Қашаннан қазақ деген сырмінезді, Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×