ойын сауық отауы
Туған жерге
13.05.2016 15 115 2 Дауыл

Туған жерге

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде - құрбылармен алысқам,
Анау жерде - құрбы жанмен табысқам.
Алба - жұлба ақша бұлттар жарысқан,
Таулар әне, ұйықтап кеткен данышпан,
Жолдар анау, шұбатылып шаңы ұшқан,
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.
Шабындықтар,
Егістіктер,
Тоғайлар.
Төбелердің төбесінде - көк айдар.
Ақ сағыммен араласып, аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Бір тынбайды шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры,
Бәрі таныс - кісінеген құлыны
Ін аузында шаңқылдаған суыры.
Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Түн. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығынан Түн. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығынан
Желменен тербелсе жапырақ, Мен оны ойлаймын жатып ап. Бір кезде әйнектің сыртынан, таныс үн Тілдері күрмеле шақырад.
Жыл санау Жыл санау
Жылдармен таныс: Тышқан, Сиыр, Барыс. Әрі қарай бұдан: Қоян, Ұлу, Жылан.
Хат Хат
Саған таныс адыр, қырқа, беттегі, Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді. Рақатта іші - сырты ауылдың, Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені.
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Күзетші Күзетші
Сәлем бере бара қалсам Мұрата,- Тыныштық деп алдымен сұратпа. - Тыныштық па, тыныштық па, балалар? Деп отырар қысы - жазы иықта.
Ақ кимешек көрінсе Ақ кимешек көрінсе
Әже, сен бірге жүрсің меніменен, Өліге мен өзіңді телімегем. Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем, Ақ кимешек астынан сені көрем.
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Jessica
#1 Jessica Қонақ 1 сәуір 2018 21:04
Magan Katty unady , keremet an
Jessica
#2 Jessica Қонақ 1 сәуір 2018 21:09
Men bilsem sozderi ote magynaly
Men bul andi bir jarysta aitaiyn dep edim
×