ойын сауық отауы
Чили - шуағым менің
13.05.2016 2 788 0 Дауыл

Чили - шуағым менің

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Пабло Нерудаға ескерткіш.
1
Барлық ақын - баласы бір ананың.
Ақын келсе өмірге, қуанамын,
Ақын өтсе өмірден - жылағаным.
Барлық ақын - баласы бір ананың.
Барлық ақын - бауыры тірі адамның!
Тұтандырсам бірінен жыр алауын,
Бірінен қасиетті сыр аламын.
Тәңір деген жоқ қой,
Жоқ!
Бар болса егер,
Ақындарға тиме деп сұранамын.
Ақын - халық перзенті қашаннан да!
Халқыменен қартайған, жасарған да.
Болашағын халқымен қоса армандап,
Ақын туған, дүние жасалғанда.
Момын өтпес ақыннан қашаннан да.
Өмірге нұр, қаһарын шашар жауға.
Өткен, сірә, ақыннан асау бар ма?!
Жазмыш деген жоқ қой,
Жоқ! Бар болса егер,
Тиме дер ем ақынға, асау жанға!
Бұйырар ем жендетке бас алмауға
Өлді ақындар...
Ақындар туар тағы,
Талай - талай ұрпақты қуантады.
Қаза болар ғасырлар, замандар да,
Адамдарға жырымен тұмар тағып,
Тірі Байрон, Пушкиндер тұрар тағы!
Тарих па?
Тарих қуаң тартып,
Қуаң тартып, алыстан мұнартады.
Ал ұрпақтар шындыққа құмартады.
Ақиқатты іздейді, табады олар -
Паблоны, Хосені, Лорканы...
Біледі олар бір кезде таң да атқанын,
Атқан таңның азапты зардаптарын,
Кешіп жүріп ғасырдың қан - батпағын,
Азаптанып жаңа өмір орнатқанын -
Құрбан болған Бостандық солдаттарын
Мен сеземін ұрпақтар ардақтарын!!!
О, Бостандық!
Мен сені құдай көрем.
Құла десең, алдыңа құлай берем.
... Чили! Чили!
Ақынын аза тұтып,
Күңіреніп күй, күйзеліп жылайды өлең.
Жоқ қой. Жоқ! Жоқ!
Бар болса құдай деген,
Тура қарап жүзіне былай дер ем:
Тағы да қан,
Тағы ойран танымалы.
Тағы да дар...
Тағы кім таңылады?!
Тағы түрме...
Тағы кім жабылады?!
Кандыбалақ қарақшы қару алып,
Аңырады адамдар, аңырады.
Бостандығын халқының қайтарып бер,
ЬІрза болсын ақынның аруағы!!!
Топырақтан, тозаңнан теріп келген,
Бостандығын бер оның өліп көрген!
Қара күшке сенбісің желік берген?
Вольпарамса ілесіп бара жатыр,
Бостандықтың құрбаны - өліктермен.
Өліп көрген айрылған ерікті елден,
Паблоға, бар болсаң, бостандық бер,
Отанымен қоштассын келіп көрден.
Соқтығыс басталғанда сойқаңдаған,
Сорлы ақын соңғы сөзін айта алмаған.

Толық нұсқасын жүктеу

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ішкі ой Ішкі ой
Қолын алдым ақын аға Әбілда, Елу жасқа келген кезде алдыңда. Бір топ ақын дүркіретті өлеңдер, Қала алмады бала көңіл жадымда.
Арманым Арманым
Барлық адам баласы Өзіндей көрсе өзгені — Озбырлық өшіп қарасы, Өзімшілдік өлгені.
Жайықпен жүздескенде Жайықпен жүздескенде
Сәлем, ұлы Жайығым! Толқынына кім салмады қайығын. Кім шертпеді саған келіп шаттығын, Кім жумады саған келіп айыбын.
Қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз!
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз! Рас - ақ, біздер - патша!
Ақынды ақын оятпаса, болмайды Ақынды ақын оятпаса, болмайды
Ақынды ақын оятпаса, болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы. Ақынды ақын сүйемесе, болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Адамзаттың ұрпағы Адамзаттың ұрпағы
Дәл осы көшеменен кім жүреді, Он жылдар, жүз жыл өтер, кім біледі. Оны тек сол шақтағы күн біледі! Оны тек сол кездегі түн біледі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×