Жайықпен жүздескенде
Өлеңдер
Мұхтар Шаханов
Жайықпен жүздескенде
О. Еркіновке
Сәлем, ұлы Жайығым!
Толқынына кім салмады қайығын.
Кім шертпеді саған келіп шаттығын,
Кім жумады саған келіп айыбын.
Ғұмырында қозғалыстан таңбадың,
Заманалар қанатында самғадың,
Ғасырлар мен ғасырларды жалғадың,
Айтшы маған, бар ма сенің арманың?
Қуат - күші сендегі ұлы дарынның
Орталанса қайтер еді, Нарын құм?
Жадыратып сен ашпасаң қабағын,
Халі қалай болар еді даланың?
Сен айнысаң мінезіңнен дағдылы,
Қалай болмақ қарт Каспийдің тағдыры?
Жұрт көп еді атақ - даңқтан үмітті,
Оның көбін қатал тарих ұмытты.
Туған Отан мәңгі ұмытсын мені де,
Сендей өзен бола алмасам еліме!
***
Байқаймысың,
Байқаймысың
Мына ғажап тамашаны:
Бір адамға байланысты бір адамның болашағы.
Байыппенен көз жіберсең асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.
Бұл замани қағиданың мүмкін бе екен көнермегі.
Қозы Көрпеш аман тұрса.
Баян сұлу өлер ме еді?
Исатайды жеңбесе жау,
Махамбетті жеңер ме еді,
Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме еді?
Қайран ақын — сұңқар қиял, наркескен ой, батыл арман,
Исатайдан айрылғанда жер бауырлап жатып алған.
Бұдан асқан қайғылы түн қонған емес басына оның,
Досы барда алшысынан тұрушы еді асығы оның.
О, сұмдық - ай,
Жаулық сезім парасатты паналапты,
Исатайдың өлімімен Махамбетті жаралапты...
Қадірлім - ау,
Көз жіберші асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.
Кейде мені мұқатпақ боп жаулар сені жамандайды,
Ал егер сен жамандалсаң, бұл, әрине, маған қайғы.
Басымызға шиыр - шиыр күн туғанда құстаналы,
Кейде мені жеңу үшін жаулар саған күш салады.
Тайғақ, өмір жолдарында сүрінгенде тірек алар,
Сүйенішім сен екенін айтпастан - ақ біледі олар.
Әлемнің бар ажарынан бізге достық сымбаттылау,
Мен жадырап жүрсін десең, сен мықты бол, қымбаттым - ау

Туған жер, Отан туралы өлең шумақтары
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа, Мәз боласын ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Жайық. Қасым Аманжоловтың өлеңі
Жарқын жүзбен жайраңдап Жатырсың ағып, Жайығым. Жағаңда ойнап, сайрандап Ескенмін заман қайығын.
Туған күн
Өмір мынау қатар тосқан Жеңілі мен ауырын, Шуағы мен дауылын. Бүгін мына сенің туған күніңде Қандай тілек айтсам екен, бауырым? Саған байлық тілер ем
Сүйген – сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Алғашқы махаббатқа хат
Бір үмітке бір үміт жалғадым, Көп - ақ екен бергенімнен алғаным. Заңғар көкке самғағаным не керек, Саған ұшып бармаған соң, арманым.
Чили - шуағым менің
Пабло Нерудаға ескерткіш. 1 Барлық ақын - баласы бір ананың. Ақын келсе өмірге, қуанамын, Ақын өтсе өмірден - жылағаным. Барлық ақын - баласы бір