Өкінбеймін
Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев
Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын,
Жыласам да жұбат деп сұрамаймын.
Қыранның құдіретін қимасаңдар,
Қайтейін, тағдырын бер құралайдың.
Тағдырын бер, тағдырын құралайдың,
Қашан атып алғанша құламаймын.
Сусындатып тұп - тұнық тау бұлағы,
Жанарымда жайнаған тұнады айдын.
Сайраңдаймын сайларда, қырды асамын,
Сыңсыған ну орманмен сырласамын.
Қарауылға ілексем, ілігейін,
Құзғынға ұқсап келмейді мың жасағым.
Өшем деп өкінбеймін, қайғырмаймын,
Өткен өшті.
Енді оған қайрылмаймын.
Қыран да, құралай да болмақ емен,
Атымнан адам қойған айрылмаймын.
... Арпалысып жүргенде өмірменен,
Қай - қайдаға әкетпес көңіл деген.
Өлсем өлем, өзімнің жерімде мен.
Қалсам қалам, өзімнің елімде мен!
Жыламаймын, сондықтан көңілденем.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын,
Жыласам да жұбат деп сұрамаймын.
Қыранның құдіретін қимасаңдар,
Қайтейін, тағдырын бер құралайдың.
Тағдырын бер, тағдырын құралайдың,
Қашан атып алғанша құламаймын.
Сусындатып тұп - тұнық тау бұлағы,
Жанарымда жайнаған тұнады айдын.
Сайраңдаймын сайларда, қырды асамын,
Сыңсыған ну орманмен сырласамын.
Қарауылға ілексем, ілігейін,
Құзғынға ұқсап келмейді мың жасағым.
Өшем деп өкінбеймін, қайғырмаймын,
Өткен өшті.
Енді оған қайрылмаймын.
Қыран да, құралай да болмақ емен,
Атымнан адам қойған айрылмаймын.
... Арпалысып жүргенде өмірменен,
Қай - қайдаға әкетпес көңіл деген.
Өлсем өлем, өзімнің жерімде мен.
Қалсам қалам, өзімнің елімде мен!
Жыламаймын, сондықтан көңілденем.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Қазақ әдебиеті жырлайды: құралай және құралайдың
Осы жазбамда "Қазақ әдебиетінде" айтылатын киіктің лағы құралай мен құралайдың салқыны (амал) туралы талдап, сіздермен бөлісуге жөн көрдім. Мүмкін
Құлагердің бермесе екен тағдырын… Бек Ноғайбайұлы
Құлагердің бермесе екен тағдырын… Өлкесінде ойнақтаған өлеңнің, Құлаш керген, бастықпаған құлынмын. Бөрі ұлыған қасқа түннің ішінде, Дәрігердің
Өзімнің есебімше...
Өзімнің есебімде, Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде. Кім біледі... Ендігі қалған өмір, Неше жылға жетерін,
Менің мақсатым
Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бар замандаспен мұңдасамын. Асыққан уақытпен, Адымымды, Абайлап, анда - санда бір басамын.
Махаббатым өзімде
Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде, Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе... Жастықта жалын атып сүйсем егер, Түспес ем дел мынадай күйге мүлде.
Бәріне де түсінем
Бәріне де түсінем, Бәрін білем, Бірақ білмейім өзімнің әлімді мен. Пайдам да жоқ ешкімге, зияным да, Ұялтуға қақым жоқ, ұялуға. Жаяулатып жүріп - ақ,