ойын сауық отауы
Қазақ әдебиеті жырлайды: құралай және құралайдың салқыны
14.05.2019 2 850 0 Admin

Қазақ әдебиеті жырлайды: құралай және құралайдың салқыны

Бұл қызықты
Қазақ әдебиеті жырлайды: құралай және құралайдың салқыны.

Осы жазбамда "Қазақ әдебиетінде" айтылатын киіктің лағы құралай мен құралайдың салқыны (амал) туралы талдап, сіздермен бөлісуге жөн көрдім. Мүмкін пайдасы тиіп қалар.

Қазақ тілінің сөздік қорында "құралай" (зат есім) - киіктің лағы.

Қазақ ұлттық Энциклопедиясы "Құралайдың салқының" былай жазыпты: "Мамыр айының екінші жартысынан басталып, он шақты күнге созылатын дауылды қара суық, амал; киіктің лағын өргізетін мерзім".

Халық күнтізбесіндегі жеті амалдың бірінде: "Осы кезде көктемгі салқын түсіп, қар жауады. Киіктер төлдеп, құралайының кіндігі мұзға жабысып түсіп қалады, қазақтың есепшілері текебұрқылдақ амалы – текелердің шағылысатын кезіне қарап, құралайдың салқыны амалының уақытын дәл анықтап отырған".

Қазақ жазушыларының еңбегіндегі теңеулер мен эпитеттер:

Түсті шықтар шөптерге, Жауатындай қар, түрі.
Соғады әр жыл көктемде, Құралайдың салқыны.
Баяғы сол тәртібі – келеді жел арқылы,
Лағы боп киіктің құралайдың салқыны.
(С. Мәуленов, Алыс кетіп барамын)

- Көресің бе, Жақан, жел батыстан соғып тұр. Бұл құралай салқыны деген амал. Бүгін киіктер лағын өргізеді, - деді Хасен Жақанға (Қазақ әдебиеті). Хәлелден құралайдың салқынында көз жазып қалды. Қызық, қазір Ғазиза тірі ме екен? Не күй кешуде, ұшырасса. Құралайға жиі келетін. Кішіпейіл. Айыбы... Жүзіктің көзінен жиі өтетін (Жалғыз салт атты).

Құралай суығының аяғы кейде аязға айналып кетеді (М. Дүзенов, Ақәже).

Көрсем де де құралайды атқаным жоқ,
Ұқсаттым Мақпал жанға шын жүректен (Ә. Найманбаев, шығармалары).

Шыңда шырлап ойнаған. Қызыл киік құралай, Айшықты мүйіз арқары - ай, Тоспада тойын тойлаған (И. Байзақов, Құралай сұлу).

Көздеп атып құралай мен елікті, Кесір көңіл аяқ асты желікті. Қол шіркіндер сүйеді екен тізгінді, Тақым әсте сүйеді екен көлікті (Қ. Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Құралайын өргізген үйір - үйір киіктер түстікті бетке ұстап, бұл өлкеден әлдеқашан безіп кеткен (Ә. Кекілбаев, Дала балладалары).

Құралайы құлаған жас туша жанын жалауға байлап бір - ақ қарғып, құзар тастан ұшты (Қазақ әдебиеті).
Бұл – қыр еркесі сұр киіктің құралайы еді (Қазақ әдебиеті).

Айтатын алда сөзің, Ыбырайым, Сөз тыңда, Жамал келін, құралайым. Шығып ем көңілге алып бір Алланы Шаураның Дүйсеке аға айтсын жайын (Мәшһүр - Жүсіп, шығармалары).

Өте ме сұм өсірдің тепкісінде, Бота көз Күләнда атты құралайың, Не өлім, не бостандық – бірі маған, Төресін өзің берші апатайым (Ж. Саин, Күләнда).

Қуан дейсің, ал, енді қуанайын, қуаныштан қолыма ту алайын, қайыра бір қасыма соғар ма екен, аулақ кеткен адасып құралайым (М. Мақатаев, Аққулар ұйықтағанда).

Желбіреп сары ала ту шыққан бойда, Құйылып қалың әскер қырдан ойға, Астында Ақ табан ат, алда Исатай, Сол күнде «қырқарланып құралайда». (Ғ. Қайырбеков, Көнсадақ).

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Айдың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар бес - он күндік жауын - шашынды амал, «Бес тоғыстың бет жуары» болады. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ,
Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі
Құралайдың салқыны Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киіктің
Өкінбеймін Өкінбеймін
Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын, Жыласам да жұбат деп сұрамаймын. Қыранның құдіретін қимасаңдар, Қайтейін, тағдырын бер құралайдың.
Зуһра Зуһра
Зуһра деген қыз бала, Беті - алма, жүзі - Ай, Саусақтары күмістей, Сүмбіл шаш, көзі - құралай.
Батқан күн, атқан таңның жыры Батқан күн, атқан таңның жыры
Алтын күн батып барады, Күйдіріп көктің жиегін. Құралай көзді қарағым, Болдың ба иіріп жібегің?
Қазиза...... Қырмызы Қазиза...... Қырмызы
Қазиза...... Қырмызы ҚАЗИЗА - (қараңыз: Ғазиза). ҚАЗИЛА - араб тілінен алынған қази, қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×