ойын сауық отауы
Өтелер ме?
16.05.2016 1 998 0 Дауыл

Өтелер ме?

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Аңсамаймын,
Алмаймын көп өмірді!
Білемін, көп өмірден көрерімді.
Аларымды алған соң, ақысына
Беріп кетсем болғаны берерімді.
Мынау аспан,
Мынау жер мекеніме,
Есеп берер күн туар кетерімде
Тоқсан жасап, жүз жасап неғыламын,
He беремін жүз жылдың өтеуіне.
Өтелер ме жылуы жарық күннің?
Төленер ме қызығы мамық түннің?
Жүз жыл емес, бір жылдың өтеуі жоқ,
Ылаж құрып, мінеки налып тұрмын
Нағып тудың, Анам - ай, нағып тудың?
Күндерімді күйбеңмен жалықтырдым.
Аңсамаймын,
Алмаймын көп өмірді!
Көріп жүрмін онсыз да көрерімді...
Күндер батып, таңдарым атқан сайын,
Күдіктенем, біле алмай не дерімді.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өледі кімдер, туады кімдер Өледі кімдер, туады кімдер
Өледі кімдер, туады кімдер, Батады күндер, шығады күндер. Семеді гүлдер, өседі гүлдер, Келеді күндер, көшеді күндер.
Саяхат Саяхат
Сал - сал да күндер, сал күндер, Балалық атты бал күндер, Барайын баяғы ауылға, Жоқ кімдер, я бар кімдер.
Несіне асығады?! Несіне асығады?!
Күн қайда асығады?! Нендей күш күннің нұрын жасырады?! Қызарып соңғы сәуле шашырады. Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Москвадан кетерде Москвадан кетерде
Ұлиды боран, Қарып тұр. Сауықтыр мені, сауықтыр Боранын - дағы Мәскеудің Сімірейінші қанып бір.
Бибігүлге Бибігүлге
Қарлығаш көмей Құрбым - ау Қай күні, қандай Анадан, Бағына елдің тудың - ау?! Ізеттім, әрі келбеттім, Қасыңда жүріп көрмеппін.
Анау - аспан, мынау - бақ Анау - аспан, мынау - бақ
Анау - аспан, мынау - бақ, Аспанда бұлт, бақ жадау. Мамық ұшты, қылаулап, Қыс та келіп қалған - ау.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×