ойын сауық отауы
Анау - аспан, мынау - бақ
04.05.2016 2 663 0 Дауыл

Анау - аспан, мынау - бақ

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Анау - аспан, мынау - бақ,
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты, қылаулап,
Қыс та келіп қалған - ау.
Аспан, жердің арасын.
Дәрігер - қыс алуда.
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.
Таңдырып ап мандайын
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп, тал - қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
... Қыс - тазалық, қыс - аппақ,
Әрі өкініш, әрі өлең...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өтелер ме? Өтелер ме?
Аңсамаймын, Алмаймын көп өмірді! Білемін, көп өмірден көрерімді. Аларымды алған соң, ақысына Беріп кетсем болғаны берерімді.
Үнсіздік Үнсіздік
Бәрі де үнсіз. Үнсіз аспан, үнсіз жер, Үнсіз орман, үнсіз таулар, үнсіз көл. Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер.
Соғыстың соңғы көктемі Соғыстың соңғы көктемі
Жасылмен бояп қойған ба?! Жап - жасыл таудың бөктері Қырлар да, мынау ойлар да, Жап - жасыл болып көктеді.
Барлығы да менікі Барлығы да менікі
Барлығы да менікі: Мына дәуір, мына өмір, Мынау аспан, мына күн. Мына мұхит, мына жер - Мына менің тұрағым.
Алматының аспаны Алматының аспаны
Тал түсте, Бозғыл деңгейде, Шуағын жерге төккен Күн. Жылымық қыста кей - кейде, Иісі келер көктемнің.
1941 жыл. Ақпан. 1941 жыл. Ақпан.
1941 жыл ақпандатқан, Сыртта аяз. Аулымызды ақ қар жапқан. Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін, Алапат аспан, жерді аттандатқан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×