ойын сауық отауы
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
04.04.2016 11 580 0 Дауыл

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық - қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",
Мұнда жоқ "алтын иек, сары - ала қыз".
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

Батырдан барымташы туар даңғой,
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
Бес - алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге.
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім - кербез,
Қанша қызық болады өзіңізге?
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Түлкі менен жүзім жемісі - Спандияр Көбеев Түлкі менен жүзім жемісі - Спандияр Көбеев
Біреудің сап алтынын қолындағы, Жамандап надандар көп мыс қылатын. Асылдың жамандаумен заты кетпес, Көңілден сондай сөздің, даты кетпес, Кейбіреу
Оқу Оқу
Бүгіндегі жастарға оқу міндет, Тек қана оқуменен өнер білмек, Өнер - білім, адалдық, ар - намысты Жоятын надандық қой емсіз індет.
Білімдіден шыққан сөз Білімдіден шыққан сөз
Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегінде болсын көз.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық, Кім көңілді көретін, болады ермек?
Мен - дағы өлең жазбаймын Мен - дағы өлең жазбаймын
Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін, Ермек үшін, немесе өлмеу үшін. Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын, Жаралы жүректерді емдеу үшін.
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Қаза көрген жүрегі жаралы – ол, Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×