ойын сауық отауы
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
17.05.2016 12 328 1 Дауыл

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайдың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.
Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

Ағайын, жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
- Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың,
Ұғындырар кісіне кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев
Ойнап - ойнап манадан, Орақ келді даладан. Пальто сүңгіп қуысқа, Бөрік зырлап бұрышқа, Етік шкаф үстіне Ұшып барып түсті де, Қолғап төрге атылды –
Нұржан Төлендиев & Бауыржан Тәңірберген - Қазағым - ай! Нұржан Төлендиев & Бауыржан Тәңірберген - Қазағым
Күмбір - күмбір күй ойнатқан, қазағым - ай! Жыр тербеген жүректен жыр жазамын - ай! Дүбір - дүбір той тойлатқан думандатып, Таусылмасын кәдеге ақ
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы.
Қайран жеңгем Қайран жеңгем
Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың - ау, қайран жеңгем! Қарғаның валетіндей едірейіп, Қасыңа мына біреу қайдан келген?
Жұртыма Жұртыма
Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым, Табылса оңай олжа, ортақ жұртым. Сияқты қара қарға шуылдаған Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері №1 Абай Құнанбаевтың өлеңдері №1
Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәріден белін буған. Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңды ұрайын бірге туған.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Молдир
#1 Молдир Қонақ 28 наурыз 2017 10:20
Керемет дүние Мен оқып өзіме керемет әсер қалдырдым
×