ойын сауық отауы
Қайран жеңгем
13.01.2017 4 167 0 Дауыл

Қайран жеңгем

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Су сұраса сүт берген, айран берген,
Қартайып қалыпсың - ау, қайран жеңгем!
Қарғаның валетіндей едірейіп,
Қасыңа мына біреу қайдан келген?
Апырай, суық еді сұрқы неден?!
Адамға қарайды ғой сыртыменен.
Жол көрсеткіш сақшының таяғындай,
Қимылынды бағып тұр мұртыменен.
Женеше - ау, есіңде ме біздін ағай?
Сыйласып отырар ек біз құдадай.
Қанды балақ соғысты қарғыс атсын,
Қайран жеңгем, шырқынды бұзды қалай
Күлкің қайда күмістей сыңғырлаған?
Жүзің неге ымырттай түнжыраған?
Бұғалыққа тұрмайтын асау едің,
Сені әкеліп теліген кім мынаған?
Өзің болсаң, тым ағат ойланғансың,
Бақыт емес, басыңа қайғы алғансың,
Жан едін ғой жанының талғамы бар,
Қара мұртқа қалайша байланғансың?!
Ел - жұртың қараушы еді мақтан етіп.
Киіп ап аяғыңа салтама етік,
Талайлардан кетуші ең аттап етіп,
Талайларды жүруші ең таптап етіп...
Қартайып қалыпсың - ау, қайран жеңгем!
Қайғыға мойымаушы ең.
Қайдан келген?!
Сағынып жүрсің бе әлде, қадірлім - ай,
Баяғы жастығыңды майданда өлген?..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қуаты оттай бұрқырап Қуаты оттай бұрқырап
Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырқырап, Көк бұлттан үзілген.
Қара шалғы Қара шалғы
Жетелеп сонау жылдар қара шалды, Қарасазда жүруші ең, қара шалғы. Қара шалғы ішінде қарт пен сенің, Талай - талай көріп ем тамашаңды.
Қайран жандар Қайран жандар
Қайран біздің шешелер! Арды ойлаған, Шілік шауып, ши орып, бау байлаған. Жігіттерден айрылып, қалмай қараң, Қырман басып, егін caп арба айдаған.
Қайран бауыр Қайран бауыр
- Мұқаш - ай! Қарасазды сағындым - ау! Сағындым - ау, суымды, тауымды да! - ... Қайран дос, барғанымда осылай деп, Өрт кетіп өзегіне тарындың - ау!
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт! Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт!
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт! Жүруші ең кейбір жерде ойран салып, Жүруші ең кейбір жерде сайран салып, Шау тартып қалыпсың - ау қайран
Бозқараған Бозқараған
Бозқараған... Көрдің бе бозқараған? Сирень иісі аңқиды боз даладан. Бозқараған - тікенек, тікенге өскен Сирень гүлін ешкім де қозғамаған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×