ойын сауық отауы
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
17.05.2016 5 444 0 Дауыл

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу атық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.

Әркімнің өзі іздегені нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар.
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң, жерде қалмас бірдей жағар.
Біреуден-біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Біреу бай, біреу жарлы Біреу бай, біреу жарлы
Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы, Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды. Атаңды жау шапқанда бірге шауып, Борсықтар семіріп жүр көміп арды.
Піл мен қанден Піл мен қанден
Көшеде піл жетелеп біреу жүрді, Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі. Көрсеткелі ап жүрген жануарды Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.
Біреуден біреу артылса Біреуден біреу артылса
Біреуден біреу артылса, Өнер өлшеніп тартылса, Оқыған, білген - білген - ақ, Надан - надан - ақ сан қылса.
Көкбайға Көкбайға
Сорлы Көкбай жылайды, Жылайды да жырлайды, Ол жыламай қайтып тұрады, Мынау азған қу заман
Жазушының қанағаты Жазушының қанағаты
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, Құлағын біреу салмас, біреу салар. Теп - тегіс көпке ұнау оңай емес, Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Қаза көрген жүрегі жаралы – ол, Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×