Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Өлеңдер
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы – ол,
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар - жар мен бет - ашар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шылдақана,
Олар да өлең айтып шулап жана.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең - селең.
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,
Айтсаң да, үддасына шыға алмайсың.
Сен білмейді екен деп айтпайсың ба.
Неге мұнша сіресіп құп алмайсың?
Өлең деген – әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымды.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді.
Қадірін жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа оған да айтар кезді.
Сый дәметпе, берсе алма, еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?
Сүйенерлік адамды құрмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.
Көп топта сөз танырлық кісі де аз - ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреу олай, біреу бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бәрі – жамау, бәрі – құрау.
Әттең дүние - ай, сөз танып кісі болса,
Кемшілігі әр жерде – ақ көрініп тұр - ау.
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып көзін ашпақ
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан - сауық ойда жоқ әуел баста - ақ.
Қаза көрген жүрегі жаралы – ол,
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар - жар мен бет - ашар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шылдақана,
Олар да өлең айтып шулап жана.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең - селең.
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,
Айтсаң да, үддасына шыға алмайсың.
Сен білмейді екен деп айтпайсың ба.
Неге мұнша сіресіп құп алмайсың?
Өлең деген – әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымды.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді.
Қадірін жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа оған да айтар кезді.
Сый дәметпе, берсе алма, еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?
Сүйенерлік адамды құрмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.
Көп топта сөз танырлық кісі де аз - ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреу олай, біреу бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бәрі – жамау, бәрі – құрау.
Әттең дүние - ай, сөз танып кісі болса,
Кемшілігі әр жерде – ақ көрініп тұр - ау.
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып көзін ашпақ
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан - сауық ойда жоқ әуел баста - ақ.
Құмырысқа менен шегіртке - Спандияр Көбеев
Адам көп ойламайтын жан пайдасын, Біреудің өзімсініп мал мен басын. Ah ұрып ақырында мехнат көрер, Кемітіп қатарынан ғазиз басын.
Мен - өртпін. Танакөз Толқынқызының өлеңі.
Мен – өртпін. Күресе алмайсың. Өртеуден жіп есе алмайсың. Мендегі тегеурін - алапат, Сен оған ілесе алмайсың.
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
Ердің туы – намыс. *** Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. *** Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, Жауды күйрете алмайсың
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек, Бұған ұйқасты өлең, сөз керек Өзіне орайлы. Денең жан нұрлы болса, жөнделмек, Өлең әнге өлшеп айтса, өңделмек, Ұйқасса
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ - барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы.