ойын сауық отауы
61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету
26.03.2021 1 015 0 Admin

61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету
Бірде әлеуметтік желіде мынадай бір сөз болды. Әзілге айналдырған екен. Ондай былай жазылыпты:
Бір жас бала таудың етегінде отырған ақсақалдан: «Өмірдің мәні неде?» - деп сұрайды, ал ақсақал: «Өмірдің мәнін Googlе - ден сұрап көрсей», - деп тіл қатты.
Әрине бұндай сөзді әзілге айналдырған дұрыс емес. Бірақ осы сөзді оқып, шынымен де, өмірдің мәні неде деп сұрақ қойсақ. Басында аса бір мән бермедік.
Кейін уақыт өте келе, әлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқып, жалпы өз түсінігімізге сәйкес келгені өмірдің мәні ол алдыңа сені жақсылыққа апаратын, артыңа із тастайтын, көпшілік адамға көмектесетін даңғыл мақсат қойып, соған жетсең сол өмірдің мәні деп білсек. Өмірдегі барлық жақсылықты алдыға мақсат қып, оны орындауға болатынына сенімдіміз.
Мысалы, денсаулық адамның өміріндегі бақыттың 10 - нан 9 - на тең. Денсаулықты сақтау - сақтамау біздің өз қолымызда. Сіз ішімдіктерден, шылымнан, зиянды тағамдардан бас тартсаңыз, спортпен күніне 1 сағат айналыссаңыз, қиындықта сабыр сақтай білсеңіз және әрдайым өзіңізге зиян ететін нәрселерден сақтана білсеңіз, сіздің денсаулығыңыз жақсы болатыны анық.
Денсаулықты күтуді мақсаттарыңыздың арасына қосып қойыңыз және оны әрдайым орындаңыз. Осы секілді барлық жақсылықты мақсат қылып, алдыңызға қойып, оны орындасаңыз, бақытты болғаныңыз. Білім жинау болсын, отбасы құру болсын, бала - шағаңыздың саналы ұрпақ болып өсуі, айналаңыздағы адамдарға көмектесу болсын барлық жақсылықты мақсат қып қойып, оны орындау нағыз батыл адамның қолынан келетіні анық. Өмірдің мәнін ғарыштан немесе айналаңнан немесе біреуден емес. Әуелі құдіретті Алладан жәрдем сұрап, алдыңа мақсат қойсаң, содан табатынымыз анық деп білем.
Мақсаты жоқ 1000 адамнан мақсаты бар 1 адам артық.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Балалар жайлы қысқа жазбалар (Статусы о детях) Балалар жайлы қысқа жазбалар (Статусы о детях)
Бала – біздің бақытымыз. Оларсыз мына әлем бақыттан ада болмақ. Бала – өмірдің мәні. Баласыз үйде жылу жоқ, жайлылық жоқ, қуаныш жоқ. Бала – сенің
Өмірдің мәні неде? Өмірдің мәні неде?
Бағзы заманда бір кісі өмірдің мақсатын білмекке ізденіпті. Әрі ойлайды, бері ойлайды бірақ санасын торлаған сауалға жауап таба алмайды.
Бақытқа апарар жол қайсы? Бақытқа апарар жол қайсы?
Таңның атқанын көзбен көріп, биік таудан түсіп келе жатқан Сүлеймен патшаны тау етегінде күтіп тұрған халқы ортаға алып, неше түрлі сұрақ қояды.
Өмір - арпалыс, күрес. Өмір - арпалыс, күрес.
Өмір — арпалыс, күрес. Өмір — бұл үлкен жол. Өмір адамға бір-ақ рет берілген үлкен сый.
Өркендеу керек өмірде Өркендеу керек өмірде
Тек көктеп шыққанымен, гүлдемейтін өсімдік болады. Гүлденгенімен, жеміс бермейтін де ағаш бар. Ал өмірдің қызығы көктеген соң гүлдеу керек, гүлденген
Өмірдің өзі қызық - ақ Өмірдің өзі қызық - ақ
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ, Жап - жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап. Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×