ойын сауық отауы
Өркендеу керек өмірде
13.05.2018 1 438 0 Дауыл

Өркендеу керек өмірде

Бұл қызықты
ӨРКЕНДЕУ КЕРЕК ӨМІРДЕ!
БӘЗБІРЕУЛЕР:
- Не керегі бар осыларды жазып? – дейді. Әрине, менің не жазып жатқанымнан бейхабар. Әйтсе де, санаға солқ етіп әсер еткен әлгі сөз жүрегімді толқытты. Бұл өзім үшін де, ұрпағым үшін де керек! Бұл – өмір - сабақтан үлгергенімше алып жатқан конспектім! Біле - білсең, менің тағдырым. Бұл менің сөзім, бұл менің өзім ғой. Осыны неге түсінбейді екен?!
Қайта көңілге қонатын сөзді еске сақтап, тіпті жаттап, дұрыс сөзді тыңдап, ден қойып, мән беріп жүру ләзім. Сондықтан да айтарым, адам өткенін, өмірін ұмытуға болмайды. Қайта құрметтеп, еске алып, әрбір күніне есеп беріп отыру керек...
Өмірдің мәні – тамақ ішу, мәнті жеу емес. Өмірдің мәні – өткеннен ұлағат алу, көп бақылап, байыпты болу, үлгі тұтар жәйттерді үйрену дер едім.
Ешнәрсені оқымай - ақ, көңілге тоқымай - ақ, үйренбей - ақ іс тындыра алмайсың. Ананың не керегі бар, мынаның не қажеті бар деудің еш қисыны жоқ. Бар нәрсені ұқсатып, қажетіңе жарата біл.
Әкесімен баласы қарындары аш, кәсіп іздеп келе жатады. Жолда түсіп қалған аттың тағасын көріп:
- Балам, тағаны ала жүр, - дейді.
Шаршап келе жатқан бала алмайды. Амал жоқ әкесі өзі алады. Жолда кездескен темір соғушы ұстаға бір теңгеге сатады. Оған бір килограмм жеміс (жиде) сатып алады. Баласы сұраса бермейді. Әлден соң жидені біреуден тастай береді. Аш бала әр жеміске еңкейіп, алады да жейді. 15 рет еңкейген соң, әкесі: «Балам, тағаны бір рет еңкейіп алмап едің. Ал соған сатып алған жидеге 15 еңкейдің. «Керек тастың ауырлығы жоқ» деген сөз бұдан былай есіңде болсын», - деп жидені уыстап берген екен.
(Ата өсиетіндегі әңгімеден)
Тек көктеп шыққанымен, гүлдемейтін өсімдік болады. Гүлденгенімен, жеміс бермейтін де ағаш бар. Ал өмірдің қызығы көктеген соң гүлдеу керек, гүлденген соң жеміс беруі керек емес пе! Менің ойым, әкелік парызым, ұрпағымның өсімдіктей гүлденгенін, көркейіп өсіп - өнгенін, тамыр жайғанын қалаймын. Ешқандай жамандықтың арамшөптері басып кетпесе екен дейсің.
Ата - ана ретіндегі арың да, абыройың да кішкене солқылдақ шыбықтай өсіп келе жатқан перзентіңе байланысты.
Су ішпеген ағаш қисық та тапал болып өседі. Жақсылықтың шапағаты, ізгіліктің нұры бойына дарып, зерделі де биік болып өссе екен дейсің. Адамдықты сезінген, жылылықты ұғынған бала жақсы азамат болып өсері анық. Ол үшін әрине, ойланбаса, қолға қалам алып толғанбаса, әкелік махаббат арналмаса болмайды.
Жексенбі, 25 қыркүйек, 1994 жыл
Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен
Толық нұсқасын қарау

Жаңа өмірді қалай бастаймыз? Жаңа өмірді қалай бастаймыз?
Кейде өмірімізде орын алып жатқан жағдайлар бізді күйзеліске ұшыратады. Ол армандардың орындалмауы, үміттің үзілуі, адамдармен түсіністіктің жоғалуы,
Әділет айнасы. Қасым Аманжолов өлеңі Әділет айнасы. Қасым Аманжолов өлеңі
Юрист емен, ақынмын, сонда - дағы Көз алдымда, қолымда елім заңы. Ескі таныс сөздермен сырласамын, Жырдай қонып көңілге әр тармағы.
Өмірдің мәні неде? Өмірдің мәні неде?
Бағзы заманда бір кісі өмірдің мақсатын білмекке ізденіпті. Әрі ойлайды, бері ойлайды бірақ санасын торлаған сауалға жауап таба алмайды.
Асыл сөз Асыл сөз
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жат тоқып ал көңілге.
Екеуіңе Екеуіңе
Қиын да емес, оңай да емес үй болу, Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену, Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның, Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру.
Мен - донормын Мен - донормын
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Жасыңа да кәріңе! Кімге қан керек? Ішуге емес, дәріге... Мен - донормын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×