ойын сауық отауы
Намаз бастасам міндетті түрде орамал тағып, ұзын киім киіп жүруім керек пе?
04.09.2021 5 552 0 Admin

Намаз бастасам міндетті түрде орамал тағып, ұзын киім киіп жүруім керек пе?

Пайдалы кеңестер
Пайдалы кеңес
Намаз бастасам міндетті түрде орамал тағып, ұзын киім киіп жүруім керек пе?
Жоқ.
Себебі, намаз – өз алдына жеке құлшылық, ал орамал тағып, ұзын киіну – ол өз алдына жеке құлшылық. Екеуі екі бөлек парыз етілді. Екеуіне де сауап бар. Күтіп тұрған үлкен сый- сияпат бар.
Егер әйел адам тек орамал тақпағанының, ұзын киінуге әлі дайын еместігінің кесірінен намазға келе алмай жүрсе, демек, ол әлі бір нәрсені дұрыс түсінбей жүр деген сөз.
Сіз намаз оқудың парыз екендігін біліп, жүрегіңізбен түсініп тұрсаңыз, намаздың пайдасын сезініп, Алланы разы етуге қадам жасағыңыз келсе, онда мұндай себептер сізге кедергі келтірмеуі керек.
Сіз сауапты нәрсені жасауыңыз керек. Себебі, бұл мүлде жоқ болғаннан әлдеқайда жақсы!
Өзіңіз ойлаңызшы, сіз сол бір ойдың, «Намаз оқысам міндетті түрде бірден ұзын киініп, орамал тағуым керек» деген түсініктің кесірінен қазір қаншама сауаптан, намаз арқылы келетін көркем мінез бен ризықтан, берекеден құр қалып жатырсыз...
Иә, балиғат жасына толған қыз бала үшін әуретін жауып, ұзын киіну – парыз. Ал сіз бұған әлі келе алмай жатқан болсаңыз, қам жемеңіз. Себебі, әр нәрсенің өз уақыты, орайы келеді. Барлығы бірден, бір мезетте бола салмайды.
Ал намаз бастау бұл – үлкен бастама! Намаз – барлық жақсылықтың кілті! Бұл – құтылудың жолы. Адам өзін намаз арқылы түрлі бәле, кесірден, тозақтағы азаптан құтқарып қалады. Намаз адамды жамандықтан, арсыздықтан тыяды. Қияметте ең бірінші адам намаздан сұралады.
Сондықтан "Жәннаттың кілті, діннің тірегі" деп сипатталған маңызды амалды тастап қойып жүре бермеңіз. Тек намаз оқығанда ғана ұзын киіп, намазыңызды бастай беріңіз. Намаз оқи жүріп, Алладан иманыңызды күшейтуді, Өзі бұйырған амалдарды орындауға жеңілдік беруін сұраңыз. «Өзің разы болатын амалдарды жасауды нәсіп ет» деп тілеңіз.
Сөйтіп, ақырын - ақырын иманыңызды да, біліміңізді де күшейте беріңіз.
Алла сіз бен біздің жасап жатқан құлшылықтарымызды, Өзін разы ету үшін жасап жатқан алғашқы қадамдарымызды, бастамаларымызды қабыл етсін деп тілейміз.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты
Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Таң намазынан бұрын және таң намазы кірген кезде, таң
Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы
Намаз арқылы түн мен күндіз сырлы тәртіпке орнығады. Өмір ғибадатқа негізделген уақыт түсінігіне сәйкес реттеледі.
Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Жайнамазды қадірлеу Жайнамазды қадірлеу
Бірде Иса (ғ. с.) пайғамбар намаз оқып тұрған Ібілісті көріпті. Астына жайнамаз төсеп алыпты. Иса (ғ. с): Әй, малғұн, сен намаз оқитын болғансың ба?
Абралыға Абралыға
Мен жасымнан көп көрдім Мұсылманды, кәпірді. Абралыдай көрмедім Намаз білмес пақырды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×