ойын сауық отауы
Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты
29.08.2021 1 280 0 Admin

Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты

Жалпы кеңес
Уақытыңды басқар
Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты
Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Таң намазынан бұрын және таң намазы кірген кезде, таң намазының екі рәкат сүннетінен басқа намаз жоқ» делінген.
Таң намазын оқығаннан кейін күн шыққанға дейін;
Екінті намазын оқығаннан кейін күн батқанға дейін;
Ақшам намазының парызынан бұрын;
Айт намаздарынан бұрын үйде де, мешітте де;
Айт намазынан кейін мешітте;
Арафат пен Муздәлифәда қосып оқыған екі намаздың арасында;
Парыз намазының уақыты бітуге шақ қалғанда;
Парызға тұрып, тәкбір (қамат) айтылып жатқанда оқуға болмайды. Ал таң намазының сүннеті бұлардан тыс. Яғни, басқа сүннеттерге қарағанда бұл сүннет әлдеқайда маңызды болғаны үшін оқылуы тиіс. Алла Елшісі (с. а. с.) былай дейді: «Таң намазының екі рәкат сүннеті дүние мен оның ішіндегі барлық нәрседен артық».
жұма күні имам мінберге шығып құтба оқып, жұма намазы біткенге дейін нәпіл намаз оқуға болмайды. Хадисте: «Жұма күні имам құтба оқып жатқанда, мұсылман адам жанындағы адамға тіпті «тыныш» дегеннің өзі қателік» делінген.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы
Намаз арқылы түн мен күндіз сырлы тәртіпке орнығады. Өмір ғибадатқа негізделген уақыт түсінігіне сәйкес реттеледі.
Мүбәрак күндер мен түндер Мүбәрак күндер мен түндер
Аптаның ең қадірлі күні. Құран Кәрім әмірі бойынша аптасына бір рет оқылуы парыз етілген намаз осы күнге сәйкес келеді.
Тырнақ алудың тәсілі мен күні Тырнақ алудың тәсілі мен күні
«Кім тырнақтарын жұма күні алып, қысқартса Алла Тағала оны келесі жұмаға дейін және үш күн артығымен бәлелерден қорғайды». «Кім тырнақтарын жұма күні
Дəретпен жүрудің пайдалары Дəретпен жүрудің пайдалары
Бір мүмин дәрет алу ниетімен бетін жуған кезде көзімен істеген күнәларының барлығы сумен бірге төгіледі. Қолдарын жуған кезде қолдарымен істеген
Абралыға Абралыға
Мен жасымнан көп көрдім Мұсылманды, кәпірді. Абралыдай көрмедім Намаз білмес пақырды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×