ойын сауық отауы
38 - қадам: әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз
18.09.2021 804 0 Admin

38 - қадам: әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
38 - қадам: әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз
Біз бақытты болғанымыз үшін күлмейміз,
Біз күлгеніміздіктен бақыттымыз.
Бақытты өмірдің құпиясы өте қарапайым: екі аз тамақтану, екі есе көп серуендеу, үш есе көп күлу, әрқашан сүйікті болу!
Айналаңызға әрдайым сәуле шашып жүретін тұлға болыңыз. Өмірге жеңімпазша қараңыз. Әрдайым тік жүріңіз. Адамадрмен қарым - қатынас жасағанда тік тұрып, жылы шырай таныта біліңіз. Сырт айналаңызға табысқа жеткен тұлға болып көріңіз.
Бұлай жүру сізге әрдайым күш сыйлайды. Әлемдегі табысқа жеткен тұлғалардың қайсысына қарасаңыз да жастайынан өмірге жеңімпазша қарап, мақсатына жетуге сенімді болып, оптимист мінезді адамадр болған. Бұлай үнемі өмірге жеңімпазша қарап жүре аламыз ба? Кейде мотивация алып істерге белсене кірісетініміз бар.
Бірақ бұл мотивациямыз көпке бармайды. 2 - 3 күн мотивациямен жүреміз, одан кейін желіміз шығып қалады. Қалай үнемі мотивациямен, өмірге жеңімпазша қарап жүруге болады. Ол үшін сіз мақсатыңыздан ләззат ала біліңіз. Үнемі мақсаттарыңызды оқып, жігеріңізді арттырып отырыңыз. Мақсатыңыздан алған жігеріңізді үнемі қуаттандырып отырыңыз. Әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз.
Егер күлімдеп жүру сізге қиынға түсетін болса, онда күніге айнаның алдында 10 минут күліңіз. Бұлай күлу сізді көңілді болып жүруді қалыптастырса, екіншіден, денсаулығыңызға да пайдасы мол болмақ.
Сіз қаншалықты айналаңызға энергия шашып жүретін болсаңыз, ол сізге еселеніп қайта келетін болады. Қуанышпен өмірге жеңімпазша қарап жүрсеңіз, ол міндетті түрде еселеніп өзіңізге оралады. Ал егер де сіз өмірге қорқынышпен, сенімсіздік, жағымсыз көңіл - күй шашып жүрсеңіз, ол да сізге еселеніп қайтып келетін болады. Сол үшін әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз, өміріңізге риза болыңыз. Аллаға әрқашан шүкіршілік ете біліңіз. Сонда бақытты өмір сүресіз.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Бақытты адам болғың келсе... Бақытты адам болғың келсе...
Бақытты адам болғың келсе, өткенді қопара берме. Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды. Әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де
Өмірге қажетті кеңестер Өмірге қажетті кеңестер
Денсаулық: 1. Көп су ішіңіз. 2. Таңғы асыңызды патшадай, түскі асыңызды ханзада сияқты, ал кешкі асыңызды «тіленшідей» ішіңіз. 3. Табиғат өнімдерін
Бақытты болу әр адамның өз қолында Бақытты болу әр адамның өз қолында
Біздің барлық ойымыз – материалды болып табылады, сондықтан да не ойласақ, сол орындалады. Сондықтан әрдайым жақсы дүние ойлауға тырысыңыз.
Бақытты жұптар. Бақытты жұптар.
Қоғамдық орында талқыланбайтын және бөлісуге келмейтін мәселелер бар және олардың кейбірі адамгершілік, әдеп нормаларына қайшы келеді. Солай бола
Туылған күнге тілектер Туылған күнге тілектер
Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің өміріңіз мәнді де сәнді болсын деп тілеймін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×