ойын сауық отауы
Туылған күнге тілектер
06.07.2016 15 074 0 Дауыл

Туылған күнге тілектер

Бата, тілектер
Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің өміріңіздің мәнді де сәнді болсын деп тілеймін. Алға қойған мақсатыңызға жету жолында еш қиындыққа мойымаңыз. Қандай қиындық болса да қорықпай алға қарай баса беріңіз, өмірдің өзі осы қиындықтарды жеңіп, жеңіске жетуден тұрады емес пе? Қиындықта достарыңыз қасыңыздан табылсын, дұшпаныңыз қашық болсын. Өмірде әрқашан сәттілік сіздің серігіңіз болсын, шаңырағыңызда шаттыққа толы күндер көп болсын. Тағы да туылған күніңіз құтты болсын, өмірде бар жақсылықты тілеймін!

Туған күніңізбен құттықтаймын. Мен сізге мол табыс, зор денсаулық айналаңызда сенімді достарыңыз көп болсын деп тілеймін. Үйіңіз әрдайым мейірім шуағына толы болсын. Жайлы өмір сүру үшін өмірге деген құштарлығыңыз, шабытыңыз артып, алда алар асуларыңыз көп болсын, деп тілеймін. Айналаңызға әрдайым шуағыңызды төгіп, мейірімге бөлей беріңіз.

Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің барлық бастамаларыңызға сәттілік, әрқашан жарқын және жақсы көңіл - күй, сенімділік тілеймін. Сонымен қоса мықты денсаулық, әр күніңіз мерекеге толы болсын! Қызметтестер арасында мәртебеңіз жоғарылап, шығармашылық жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспін.

Авторы: Жадыра

Туылған күнге арналған өлеңдер немесе түрлі құттықтаулар білсеңіз, пікір қалдыру жолына жазып қалдыруға болады, сайтта жарияланады.

Құрбыға тілек Құрбыға тілек
Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін.
Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер
2024 жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен
Туған күнге арналған құттықтау тілектер Туған күнге арналған құттықтау тілектер
Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем
2024 жылға арналған құттықтау, тілектер 2024 жылға арналған құттықтау, тілектер
Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2043 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт - береке әкелсін! Жаңа 2024 жылда ырыстарың көп болып, табыстан
Туылған күнге арналған тілектер Туылған күнге арналған тілектер
Туылған күніңмен құттықтаймын! Құттықтай отырып тілерім
50 жасқа тілек 50 жасқа тілек
Жан аға, құтты болсын 50 жасың, Әр уақытта домалап өрге тасың. Бізді әрқашан бауырыңа жақын тарттың, Әрдайым аман болсын алтын басың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×