ойын сауық отауы
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
31.10.2021 8 656 0 Admin

Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім

Пайдалы кеңестер
Пайдалы кеңес
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жинап:
- Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? – деп сұрапты. Жиналған халық көп дағдарып:
- Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, - деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан:
- Елде келмеген кім қалды? - деп сұрапты.
- Келмеген Қарабас шешен қалды, - дейді халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін содан сұрапты.
Сонда Қарабас шешен:
- Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой, - депті де:
- Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім,
Жоқтаусыз қыз жетім, - деген екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: жетім Туыстық атаулар сыры: жетім
Жетім (ер, әйел) – әкесі мен шешесі немесе әке - шешесі бірдей қайтыс болған балаларды «жетім» дейді. Кейде бір рудың жетімі деп те аталады. Әке -
Туыстық атаулар сыры: Жесір Туыстық атаулар сыры: Жесір
Жесір (әйел) – күйеуі қайтыс болған әйелді айтады. «Жетім бала, жесір қатын» деген сөз тіркесі осыдан шыққан.
Қазақ халқына киелі 7 саны Қазақ халқына киелі 7 саны
Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы – ақыл, 2. Жетекшісі – талап. 3. Жолаушысы – ой. 4. Жолдасы – кәсіп. 5. Қорғаны – сабыр. 6. Қорғаушысы – мінез. 7.
Төле би Әлібекұлы Төле би Әлібекұлы
Аллаға жағайын десең Азанды бол, балам! Халыққа жағайын десең, Қазанды бол, балам!
Бекентайдың батасы Бекентайдың батасы
Әуелі Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Ғайып Ерен Қырық шілтен Қолдаушың боп қорғасын.
Қайырымды түлкі Қайырымды түлкі
Бір мерген бозша құсты атып алды, (Қоймады өлтіріп - ақ жалғыз жанды). Басында бір ағаштың үш баласы Шырылдап ұясында жетім қалды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×