ойын сауық отауы
Қара өрік қосылған салат (Салат с черносливом)
02.12.2016 3 582 0 Дауыл

Қара өрік қосылған салат (Салат с черносливом)

Ас дайындау
Қара өрік қосылған салат (Салат с черносливом)
Тауық еті – 200 гр
Жұмыртқа – 4 бас
Ірімшік сыр – 150 гр
Қияр немесе алма – 1 - 2 бас
Кептірілген қара өрік – 100 гр
Грек жаңғағы – 100 гр
Сарымсақ (чеснок) – 2 түйір
Майонез – қалауыңызша


Өте дәмді әрі тойымды салат деп осы салатты атауға болады.
▪ Тауық етін тұз, дәмдеуіштер қосып қайнатып пісіріп алу қажет. Тауық етін суыған соң ұзынша етіп тураңыз.
▪ Ірімшікті үккіштен (терка) өткізіп алыңыз, сарымсақты майдалап турап екеуін майонезбен араластырып қойыңыз.
▪ Жұмыртқаны қайнатып пісіріп алып, суыған соң қабығын тазалап, үккіштен өткізіңіз немесе ұзынша етіп тураңыз.
▪ Қиярды ұзынша етіп тураңыз (қияр немесе алма қосуға болады).
▪ Кепкен қара өрікті ыстық суға 5 - 7 минутқа салып қойып, жұмсарған соң жуып алып ұзынша етіп тураңыз.
▪ Жаңғақты майдалаңыз.
Үлкендеу тәрелкені алып барлық өнімді қатар - қатар (слой) салып шығу керек.
Ең бірінші майонезбен сарымсақ қосып араластырып қойған ірімшікті саламыз. Аздап майонез жағып үстіне тауық етін саламыз, майонез жағып үстіне қиярды саламыз. Аздап майонез жағып жұмыртқаны саламыз майонез жағып үстіне кепкен қара өрікті саламыз үстіне майонез жағып ең бетіне жаңғақты себеміз.
Егер қатар-қатар салуды қаламасаңыз, барлық өнімдерді ұзынша етіп турап майонезбен араластырып бетіне жаңғақты сеуіп қоюға болады.
Салат дайын асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра

Ананас қосылған салат (Королевский салат) Ананас қосылған салат (Королевский салат)
Тауық етін қайнатып пісіріп алу қажет. Тауық етін, ананасты, саңырауқұлақты төртбұрышты етіп немесе ұзынша етіп қалауыңызша тураңыз.
Алма мен жұмыртқадан дайындалған оңай салат Алма мен жұмыртқадан дайындалған оңай салат
Алманы үккіштен өткізіңіз немесе майда ұзынша етіп тураңыз.
Жүзім мен тауық етінен жасалған салат Жүзім мен тауық етінен жасалған салат
Оңай салат рецепті. Бұл салатты жасу үшін жаңа піскен жүзім болуы қажет.
Алма қосылған салат (Салат Черепаха) Алма қосылған салат (Салат Черепаха)
Алманы жуып тазалап қабығын аршып алып тастап, ұзынша етіп турап майонезбен араластырып қойыңыз.
Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер) Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер)
Бұл салатты дайындау үшін жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу керек, картопты майға қуырып алу керек (картошка фри).
Тез дайындалатын салат түрлері Тез дайындалатын салат түрлері
Қырыққабатты ұзынша етіп майдалап тураймыз,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×