ойын сауық отауы
Аяқты аспанға көтерме
15.10.2020 1 662 0 Admin

Аяқты аспанға көтерме

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді
Аяқты аспанға көтерме
Әбілет пен Тәбілеттің аяқтарын көкке көтеріп жататын жаман әдеті болыпты. Осы әдеттерінен тыйыла алмапты. Кейін күнәлі болып, Тәңірі алдына барғанда оларды ерекше жазалайды. Екеуінің аяғын аспаннан келтіріп, салбыратын іліп қояды.
Уа, Тәңірім, неге бізді бұлайша жазаладың? – дегенде, Тәңірі тағала:
Сендер үнемі аяқты көкке қаратып жататын едіңдер. Бұл мен үшін жағымсыз қылық деп талай рет ескерттім де. Құлақ аспадыңдар. Енді осы әдепсіз қылықтарың үшін қиямет - қайымға дейін тұрасыңдар, - дейді.
Осыдан бастап ел арасында аяқты көкке көтеріп жатуға болмайды деген тыйым таралыпты. Көкке аяқ созсаң, Тәңірі шамданады деп сенеді. «Аяғы аспаннан келді», «көктен келді» деген тіркестер Әбілет пен Тәбілеттен қалыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Аяқты айқастырма Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба
Әбілет пен Тәбілет жағын таянса, жер беті алай - дүлей болып, астан - кестеңі шығып жамандық атаулы жанына жиналады екен. Осыдан бастап ел ішінде
Шапанды желбегей жамылма Шапанды желбегей жамылма
Әбілет пен Тәбілетке Алла тағала көктен шапан түсіріп: – Жалаңаш жүрген жақсы емес. Тәндеріңді көрсетпей, үстеріңе шапан киіп жүріңдер, – дейді
Пышаққа қатысты тыйымдар мен ырымдар Пышаққа қатысты тыйымдар мен ырымдар
Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды.
Үйге сол аяқпен кірме Үйге сол аяқпен кірме
Әбілет пен Тәбілеттің оң аяғында құт, сол аяғында жұт болады екен. Олар үйге кіргенде үнемі сол аяқпен, сыртқа шыққанда оң аяқпен қадам басады екен
Хан тәңірі Хан тәңірі
Хан тәңірі – қарт Тянь - Шаньнің жүрегі... Хан тәңірі – көк аспанның тірегі... Хан тәңірі – көп жасаған қария, – Хан тәңірі – жер жүзіне жария.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×