ойын сауық отауы
Үлкеннің жолын кеспе
22.05.2021 2 515 0 Admin

Үлкеннің жолын кеспе

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді
Үлкеннің жолын кеспе
Бірде Әзірет Әлі жолда келе жатқан бір шалдың алдынан менсінбей кесіп өтеді. Мұны байқап қалған Мұхамбет пайғамбар:
– Әлижан, қарттың жолын неге кестің? – деп сұрайды.
– Ол кісі мұсылман емес қой. Ондай құрметке лайық көрмедім, – дейді Әли.
Пайғамбар:
– Әли, есіңде болсын! Үлкен кісіге құрметі жоқ жанды Тәңірім сүймейді. Ол мұсылман болмаса да, сақалының ақтығы сенің бәсіңнен артық. Барып, одан кешірім сұра! – дейді. Әзірет Әлі қайтып келіп, қариядан кешірім сұрайды. Ол:
– Неге кешірім сұрайсың? – деп қайран қалады.
– Мен тәкаппарлықпен жолыңызды кесіп өттім, сізді менсінбедім. Сол үшін кешіріңіз, – дейді. Сол сәтте әлгі қария Қызыр бабаға айналып шыға келеді.
– Әй, Әлижан, мен сені сынап едім. Егер артыңа қайырылмай кете бергеніңде, тәкаппарлық сені тозаққа түсірер еді. Құдай бір апаттан аман сақтапты. Өркенің өссін! – деп, батасын береді. Әли сыннан аман өткеніне шүкірлік айтып, пайғамбарға келеді.
Расул:
– Әй, Әли мен саған «Ол қарттың сенен бәсі артық» деп айтып едім ғой. Бұдан былай үлкеннің алдын кеспе! – дейді. Осыдан бастап, пайғамбардың бұл сөзі қауымға тез таралып, келе - келе көркем сүндеттердің біріне айналыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жас баланың аузына түкірту Жас баланың аузына түкірту
Қызыр ата бірде Әзірет Сұлтанға қонаққа келеді. Яссауи бабамыз шәкірттерін отынға жұмсайды. Жолда жаңбыр жауып, әкелген отынның бәрі су болады.
Нан қиқымын қастерле Нан қиқымын қастерле
Бірде Ыбырайым пайғамбар Құдайға: – Уа, Тәңірім! Өзімді бай еттің, төрт түлігімді сай еттің. «Алмақтың да салмағы бар» деген. Мыңғырған малдың сұрауы
Жайнамазды қадірлеу Жайнамазды қадірлеу
Бірде Иса (ғ. с.) пайғамбар намаз оқып тұрған Ібілісті көріпті. Астына жайнамаз төсеп алыпты. Иса (ғ. с): Әй, малғұн, сен намаз оқитын болғансың ба?
Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз
Қарт Сүлейменге: «Менің халімды көріп тұрсаң, маған жәрдем бер!» - деп өтінеді. Сүлеймен пайғамбар оған құнды бір тас беріп: «Осы ұрпағыңа жетеді», -
Менің соңғы хатым... Менің соңғы хатым...
Сені сағынудан шаршадым Бұдан былай хат жазбаймын Уәде беремін мына менің соңғы хатым
Кешірім Кешірім
Тағдырыңның жапқаныңша есігін, Өкпелеуден тұрмау керек шешімің. Айналаңа өту үшін тік қарап, Бұл өмірде керек екен кешірім.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×