Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар
Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры
Ағайындылар. Бір ата - анадан туған ұл, қыздар, ағалы - інілілер мен апалы - сіңілілілерді бір сөзбен ағайындылар дейді. Ағалы - інілілердің балалары да бір - біріне осылай аталады. Олардың үлкені аға, апа (әпке), кішілері іні, сіңілі болып саналады. Ағаның балалары оның інісі мен қарындасына іні, ал інінің балалары ағасына баласы (ұлы, қызы) болып есептеледі. Демек, олар өз әкесінің ағасын «әке» деп айтуға хақы бар.
Осы жерде ерекше айтып кететін тағы бір қазақы ғұрып, жол - жоралғы бар. Егер осы ағайындылардың балалары бір дастарқанда бас қосса немесе олжа бөліссе, онда үлкен жол (жасы кіші болса да) ағаның баласына тиеді. Мұны қазақ «жолы үлкен» (әкесі үлкен) дейді. Бұл тәртіпті бұзуға болмайды. Егер бұл жол бұзыла қалса, ол ағаға зәбір жасағанымен бірдей. ал, апа мен қарындастың балалары «жиен» деп аталады.
Ағайын тату болса – ат көп.
Жыласуға жақын жақсы.
Сыйласуға жат жақсы.
Ағайынды жігіттің кере қарыс жалы бар,
Жалғыз басты жігіттің шығар - шықпас жаны бар.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі
Қарындас (әйел) – ағайындылар ішінде жасы кіші қыз ағалары үшін қарындас болады. Бұлар аға, іні үшін қымбат та, қимас жандар.
Туыстық атаулар сыры: апа (әйел)
Апа (әйел) – бірге туған және туыстардың жасы үлкен қыздары оның інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» болады. Бұлардан апаның жолы үлкен және
Туыстық атаулар сыры: аға, іні
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі.
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды. Ұл туғанда – күн туар. Ұлға – отыз үйден
Туыстық атаулар сыры: бала
Бала (ұл / қыз) – ата-анадан тараған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», «қыз» деп аталады. Балалы үй
Туыстық атаулар сыры
Әже (әйел) – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы