ойын сауық отауы
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Ашамайға мінгізу
22.10.2021 833 0 Admin

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Ашамайға мінгізу

Салт-дәстүр
Ұмытылған ұлт дәстүрлері
Ашамайға мінгізу
Ашамайға мінгізу /салт/. Баланың сана - сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп 6 - 7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп, қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдың бірі – осы ашамайға мінгізу арқылы да көрінеді. Осы қуанышты сәтте баланың атасы:
Ал ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақ жол болсын, -
деп бата береді.
Ақ тілекті аналар шашу шашады. Басқа балалар тайға мініп жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тілашар Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тілашар
Тілашар /салт/. «Тілашар» тойына арнап шашу шашады». /Қазақ халқының салт - дәстүрлері/. Әр отбасы баласы 6 - 7 жасқа толған соң медресеге, мектепке
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Қапқа салар Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Қапқа салар
Қалындығын алуға келген күйеу барлық жол - жоралғыларымен яғни құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый - сияпатымен, той маылмен келеді. Той
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөп сындыру Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөп сындыру
Шөп сындыру /ырым/. Бұл әдетте жақсылық жағдайға, іске байланысты жасалатын ырым
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тойхана Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тойхана
Тойхана /салт/. «Тойға шақырылған адамдардың барлығы тойхана алып келетін салт бар ғой» /Қазақстың би - шешендері/. Тойға әкелген сый - сияпатты
"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×