Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік – адамгершілік бастауы

11 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
9 - сыныптағы «Өзін - өзі тану» пәні бойынша өткізген ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік – адамгершілік бастауы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдептілік, инабаттылық сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: 1. Әдептілік, инабаттылық, сыйластықтың адами қарым - қатынастағы мәнін ашу.
2. Ізетті, сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
3. Әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, Абай, Шәкәрім шығармалары, мақал - мәтелдер жинағы, жетондар.

Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері: Оқушылар өткен сабақтағы өзара сыйластық қарым – қатынастардың адам өміріндегі мәнін түсіндіру мақсатында бір - біріне жақсы сөздер айта бастайды: Қайырлы күн! Алланың нұры жаусын! Күннің шапағатына бөлен! Әр күнің нұрлы болсын! Көктем шуақты болсын! Сәттілік тілеймін!

2/. Ойланайық, пікірлесейік.
1. Әдептілік – адамгершілік бастауы дегенді қалай түсінесің?
2. Өз әрекетіңнен немесе досыңның әрекетінен ұялған кезің болды ма?
3. Сәлем – сөздің анасы дегенді қалай түсінесің?
4. Әдеп пен құқықтың байланысы бар ма?
5. Әдеп отбасынан басталады дегенге қалай қарайсың?

3. Мәтінмен жұмыс.
а/. М. Әуезовтің «Абай жолы»эпопеясындағы отбасы әдебі туралы түсінік беру./Мәтіннен үзінді слайдтан көрсетіледі /.... Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді шешесі анадай жерде тұрып: - Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді.
Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі - үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырдың мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды. ( М. Әуезов. “Абай жолы”)

ә/. 2 - мәтіннен үзінді оқулықтан алынады/... Ата - енеңді ренжітпе, жерге қаратпа. Енеңнің қолынан бейнетін ал. Байқаймын, олар да өзіміз сияқты момын адамдар көрінеді. «Отымның алды, суымның тұнығы,- деп енең байғұстың көрген беттен - ақ саған еміренгенін айтсаңшы. Енді қайтсін, бұл шаңыраққа тұңғыш түскен келіні екенсің. Сол ниетінен табыла көр, балам.»

4. Дәйексөз. Оқушыларға әдеп, адамгершілікті сипаттайтын сөздер жазылған жетондар таратылады. Оқушылар жетондағы сөздерге байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер айтады. Жетондағы сөздер тізбегі: Әдеп, сыпайылық, қамқорлық, үлкенді сыйлау, кешірім, сәлем беру, сөйлеу әдебі, қарапайымдылық, кішіпейілділік.
1. Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.
2. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.
3. Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады./Абай/.
4. Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен.
5. Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен - кішіні сыйлау - инабаттылық көрінісі.
6. Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады.
8. Жақсы кісі кешірімді болады.
9. Жұтпай тұрып шайнап ал, Сөйлемей тұрып, ойлап ал.
10. Қарапайымдылық - моральдық сұлулықтың басты шарты.
11. Кішіпейілділіктің жетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.

5. Жағдаятты талдау. а/. Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді, аулада отырған үлкен кісілер:- Осы бала жақсы бала, түбінде жақсы азамат болады,- деп мақтай жөнелді./Арман туралы бұл пікірдің қалыптасуының сыры неде?/
ә/. Оқушылар екінші жағдаятты өздері құрастырады./Өмірден мысал келтіріңдер/.

6. Жаңа ақпарат. Мұғалім әдептілікке инабаттылық, сыпайылық, ізеттілік, көркем мінездер, қарапайымдылық, тәрбиелілік жататындығы туралы, ал әдепті адам - адамгершілігі бар адам, демек әдеп - адамгершілік бастауы екендігі туралы сөз етеді. Әдеп пен салт - сана сабақтастығына мысал келтіре отырып әңгімелейді. ҚР - ң Конституциясынан, Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен үзінді келтіре отырып, әдептің тәртіп нормалары, құқық нормаларының бастауы екенін түсіндіреді.

7. Тыныштық сәті. Оқушылар өз еркімен көздерін жұмып, ойша «Әдеп» кемесіне отырып, «Адамгершілік» ауылына сапар шегеді.

8. Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік әліппесін»құрастырыңдар.
Әдептілік

Сәлемдесу
Жол беру
Ата - ананы тыңдау
Жай сөйлеу
Үлкендердің әңгімесіне араласпау
Үлкендерді сыйлау
Қамқорлық жасау

9. Жүректен – жүрекке./ Оқушылар жүрекшеге әдептілікке байланысты тілектерін жазып, бір - біріне тапсырады.
Өрескел болма! Тәртіпті бол! Ибалы бол! Кешірімді бол! Үлкенді сыйла! Үлкеннің алдын кесіп өтпе! Қатты күлме! Үйге жүгіріп кірме! Кішіпейіл бол!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 421
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Татулық - бірлік бастауы
Татулық - бірлік бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді.
Әдептілік - адамгершілік бастауы
Әдептілік - адамгершілік бастауы
Өзін - өзі тану пәні мұғалімі: Жолдасова Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×