Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ы. Алтынсарин "Атымтай жомарт"

19 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ әдебиеті 5 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Атымтай жомарт".
Жомарттық пен сараңдық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5 А/И 1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді табу.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: әдеби шығармадағы екі нәрсе салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулер туралы түсінік алады, өз ойымен сәйкестендіреді.
Оқушылардың көпшілігі: әңгімедегі қарама - қайшы ұғымдарды салыстырады, ажыратады, сөз мағыналарын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар: әдеби шығармадағы байлық пен кедейлік, жомарттық пен сараңдық секілді ұғымдарды ажыратып, өмірмен байланыстыра талдап, қорытынды пікірлерін дәлелдейді.
Бағалау критерийлері: *Салыстыра суреттеу мен қарама - қарсы суреттеулерді әдеби шығарма арқылы нақтылайды.
* әңгімедегі қарама - қайшы ұғымдарды салыстырады, айырмашылығын түсінеді.
* жомарттық, сараңдық секілді ұғымдардың мағынасын ажыратып, өмірмен байланыстырады, талдайды, тұжырымды пікір айтады.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: "Атымтай жомарт" әңгімесіндегі қарама - қарсы айтылған ұғымдарды ажыратып, салыстырады, ой толғайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көңілге жел кіру, ескі - құсқы, жарлы, әбірет, пұл, кем - кетік, тұтынсам
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Әңгімедегі Атымтай жомарт айтқан төрт түрлі себептерден қандай ой түйдің?
2. Қазіргі заманда Атымтай жомарт сияқты адамдар бар деп ойлайсыңдар ма, нақты дәлел келтіре аласың ба?
3. Әңгімеде салыстыра, қарама - қарсы суреттеулер қалай көрініс табады?

Құндылықтарға баулу: Оқушы бойына еңбек, жауапкершілік, денсаулық, достық, өмірбойы білім алуға дайын болу құндылықтарын сіңіріп, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, ұлттық педагогика
Алдыңғы оқу: Ы. Алтынсариннің "Атымтай жомарт" әңгімесі.

Сабақтың басы: 3 минут
Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Мен қандаймын? «Акроним» әдісі арқылы жүзеге асады Түстер үйлесімділігіне байланысты жұп болып лентаның түсін таңдайды, лентаның екі ұшынан ұстап оқушылар өздерінің бойларындағы жағымды, жағымсыз бір - бір қасиетін есімдерінің бас әріпі бойынша айтып шығады. Мысалы: Махмұт - мырзамын, Саят - сараңмын, Қарлығаш - қызғаншақпын, Айда - ақылдымын т. с. с
"Сен - маған, мен - саған" әдісі арқылы сыныпқа ортақ сауалдар беріледі.
- Атымтай жомарттың бойынан қандай ізгі қасиет байқадыңдар?
- Сендердің бойларыңда сондай қасиеттер кездесе ме?
- Ы. Алтынсариннің Атымтай жомарты, оқушы дәлелі
- Бүгінгі күннің Атымтай жомарттары, оқушы дәлелі
 Салыстыра суреттеу дегенді қалай түсінесіңдер?
 Қарама - қарсы суреттеулер қандай суреттеулер?
 Ы. Алтынсариннің "Атымтай жомарт " әңгімесінде осындай суреттеулер бар ма? Қай тұсынан аңғардыңдар? Дәлелді пікір айт!
 Жомарттық пен сараңдықтың айырмашылығы қандай?

Керемет! Жарайсың! Тамаша? Пікірің құнды!

Салыстыра суреттеу дегеніміз - ұқсату арқылы адамның ішкі және сыртқы әрекеттерін байланыстыруға мүмкіндік беретіндіктен, заттар мен құбылыстарды салыстыра суреттеу.
Қарама - қарсы суреттеу дегеніміз - антонимдес суреттеулер.

Оқушылар ойын білгеннен кейін, теориялық түсінік беріп, сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы: 25 минут
Т. Ж
1 - топ: «Жылқы сұлбасы» стратегиясы.
1. Жылқының басына әңгімедегі қарама - қарсы суреттеуді жазыңыз.
2. Жылқының ішкі құрылысына әңгімедегі салыстыра суреттеулерді жазыңыз.
3. Жылқының 4 аяғына әңгімедегі 4 себепті жазыңыз
Дескриптор
*дәлелі бар сөйлемдер жазады;
*салыстыра суреттеу мен қарама – қарсы суреттеулерді жазып қорытындылайды
2 - топ: «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізеді
«Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір.
Әңгіме мәтінін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.
2. Дәлел.
Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
3. Мысал.
Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.
4. Қорытынды
Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.
Дескриптор
*дәлелі бар сөйлемдер жазады;
*пікірлерін өмірмен байланыстырады;
*ойларын жүйелі жеткізеді.
Екі жұлдыз бір тілек (кері байланыс)
3 - топ: "Үш жақты күнделік"

№ 158 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Кетепова Жаухар

Ы. Алтынсарин "Атымтай жомарт". жүктеу
10 388
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 3-сабақ
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 3-сабақ
Бөлім Әңгімедегі образдар жүйесі. Оқу мақсаты 5. А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді табу. Оқушы мақсаты Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді табу.
Ы. Алтынсарин “Атымтай жомарт” Жомарттық пен Сараңдық.
Ы. Алтынсарин “Атымтай жомарт” Жомарттық пен Сараңдық.
Әдеби шығармадағы байлық пен кедейлік, жомарттық пен сараңдық секілді ұғымдарды ажыратады, қорытынды пікірлерін дәлелдейді.
Керқұла атты Кендебай
Керқұла атты Кендебай
Ертегінің композициясы мен тілдік құрылымы. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Қарама-қарсы сандар Бүтін сандар. Рационал сандар
Қарама-қарсы сандар Бүтін сандар. Рационал сандар
Қарама – қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсініктерін дамытады оны есептер шығаруда қалыптастырады.
Су мен Балық
Су мен Балық
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба отырып, өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіре алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×