Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анаммен біргемін

07 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың мақсаты:
Ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін ойын арқылы көрсету. Қайырымды болуға, үлкенге, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу:
Сабақтың көрнекілігі: шарлар, фотосуреттер, жүрекше.

Сабақтың барысы.
Шаттық шеңбері: «Жүректен жүрекке».
- Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жақсы ниетімізді білдіріп, тілек айтып, сабағымызды бастайық.
(Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім жүрекше бейнесін ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған оқушыға ұсынады. Ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағындағы көршісіне береді. Осылайша барлық балалар бір - біріне жақсы тілектерін білдіреді)
/Музыка ойнап тұрады. Мұғалім жұмбақ оқиды/.
Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген,
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім?
(Анаң)
Ана бақыты мен ана махаббаты – оның болмысы мен өмірінің мәні, қос қанаты.
Абу Хурайра жеткізген рауаятта айтылады, бір адам Пайғамбарымызға келіп «Я Алланың Елшісі, құрметке бәрінен лайықтысы кім?»- деп сұрайды.
Пайғамбарымыз:
– Анаң, – деп жауап берді.
– Ал одан кейін кім?
– Анаң, – деді ол.
– Ал тағы кім?, — деп үшінші рет сұрады әлгі адам. Пайғамбарымыз тағы да:
– Анаң, – деп жауап берді.
Менің бұл әңгімем аналар туралы, ең жақсы ана туралы.
Ана туралы әр ұлт адамдары да жылы сөздер айтқан екен - деп
/ Белинскидің, Гюго, Бальзактың сөздері тақтаға ілінеді/.
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
В. Г. Белинский
Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.
В. Гюго
Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
О. Бальзак
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. – деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Анаммен біргемін» /тақырып атын тақтаға ілу/

Мұғалім: Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам, жарығым, сұлуым...). Ендеше біз де аналарымызға арнап еркелететін сөздер жазайық
«Сиқырлы таяқша» Анаға арналған асыл сөздерді сіріңке шиімен жазу. /музыка ойналып тұрады/.
«Екеуіміздің суретіміз!» Анаммен біргемін атты фотосурет көрмесін ұйымдастыру. /оқушылар өз анасымен түскен фотоларды іледі/
Ой - толғаныс. «Анама Ризамын» тақырыбында өлең, эссе немесе әңгіме жазу..
Мұғалім: Анаңа арнап қандай сыйлық жасар едің? / оқушылардың аналарына арналған өз қолдарымен жасалған сыйлықтары/
«Тілек шамы»./Анамызға мың алғыс тақпақтарын оқи отырып шардан аналарға арналған гүл жасау/.
Анамызға мың алғыс
Аялаған, баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Анамызға мың алғыс!

«Адал бол, - деп, - балдырған»,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде – махаббат,
Тілегінде – марқабат
Анамызға мың алғыс!
Қорытынды.
4 279
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Салауаттылық болашағыңды сәулелендіреді
Салауаттылық болашағыңды сәулелендіреді
Жан - жылуы тренингі. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Мұғалім май шамды жағып, қасында тұрған оқушыға өз тілегін айтып, ол оқушы әрі қарай жалғастырады. Осылайша оқушылар қасындағы оқушының атын айтып тілектерін айтады.
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Д. Қонаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Кыдырбаева Малика
Жақсы сөз – жанға қуат
Жақсы сөз – жанға қуат
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. (Науаи)
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі. Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×