Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Архимед күші

23 шілде 2013, Сейсенбі
Категориясы: Физика
І. Сабақтың тақырыбы: § 49 Архимед күші
ІІ. Сабақтың мақсаты: Сұйыққа толық немесе біразы батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күштің дененің көлемі мен сұйық пен газдың тығыздығына байланыстылығын тәжірибемен анықтау.

А) Білімділік: Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау
Ә) Дамытушылық: Оқушыларды ой - өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға, өзін - өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Архимед шелегі, штатив, су, шыны ыдыс, әртүрлі денелер, картоп, таразы, керосин, бүктеме қағаз, үлестірме қағаздар, карта.

ІV Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру, зерттеу жұмыстарын жүргізу
V Сабақтың түрі: Демонстрациялық, Саяхат сабақ
VІ Пәнаралық байланыс: математика, тарих, география
VІІ Сабақтың әдісі: Жаңа технологиялық әдістер; топтастыру стратегия, структуралық - логикалық схема, ақпарат жинау

VІІІ Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
а) оқушылармен сәлемдесу, психологиялық көңіл – күйін байқау
б) сабаққа керекті құрал - жабдықтарды түгендеу
в) сабаққа қатысуын қадағалау, сабақ мақсатымен таныстыру

2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Қорытындылау
6. Оқушыларды бағалау, мадақтау
7. Үйге тапсырма
І. Өткен тақырыпқа шолу жасау.
1. « Мектеп» станциясы Қатынас ыдыс құрастыру
№1 тапсырма: Оқушыларға берілетін тест сұрақтары: Тапсырманың жауабы дұрыс болса, қатынас ыдыс шәйнек шығу керек.
1. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал не деп аталады?
а) динамометр
б) барометр
в) термометр
2. Атмосфераның ең төменгі қабаты не деп аталады?
а) тропосфера
б) стратосфера
в) мезосфера
3. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым қандай құралмен өлшенеді?
а) манометр
б) барометр
в) сфигмотанометр
4. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне не жатады?
а) альтиметр
б) сорғылар
в) ниппель
№2 тапсырма « Физикалық аспаптар» Интерактивті тақтамен жұмыс
№3 тапсырма: « Кім жүйрік»

ІІ. Жаңа сабақ: « Ізденімпаз» станциясы
1. Жаңа тақырып бойынша қосымша мәлімет беру
«Маған жердің тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны, мен Жерді көтеріп берем»сөзімен тарихта қалған Ежелгі грек ғалымы
287 - 212 ж. ж. б. э. д өмір сүрген Сиракуз ғалымы Архимед (Интерактивті тақтамен жұмыс)

«Қызықты физика» станциясы. Демонстрациялық тәжірибелер жасау.
№1 тәжірибе Архимед заңы: Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті архимед күші ( ҒА ) деп атайды.
Ғ А = ρgv

№2 тәжірибе
Б) Сұйық немесе газдың кері итеруші күшінің мәні сұйыққа немесе газға батырылған дененің көлеміне және сұйықтың тығыздығына байланыстылығын демонстрациялау.

Жаңа тақырыпты пысықтау
«Білім» станциясы. «Білдік» топтау стратегия әдісі
(сурет беріледі)
«Тапқырлар» станциясы « Кім күшті»
(сурет беріледі)

«Ойлан тап» станциясы
Неліктен кейбір денелер батады, ал кейбіреулері батпайды?
Саған керегі: Пластилин, шыны ыдыс, су,
Тәжірибе барысы: 1. Ыдысты суға толтыр
2. Пластилиннен қайық жасап, ыдыстағы суға сал
3. Қайықты судан алып, бауырсақ сияқты домалақта да, қайтадан суға сал.
Не байқалады? Қайық суға батпайды, домаланған пластилин суға батады.
Себебі неде?

Сабақты қорытындылау.
НӘТИЖЕСІ: 1. Толық үлгірімге қол жеткізілді
2. Оқушылардың пәнге қызығуы артып, білім алу сеніміне ие болды.
3. Зерттеу жұмысының нәтижесінде қабілеті жоғары баланы таңдау мүмкіндігі туды.
Оқушыларды бағалау, мадақтау

Үйге тапсырма: § 49 Архимед күші. Оқып келу
Эксперименттік тапсырма:
Апельсинді суға батыр
Саған керегі: Апельсин, суы бар шұңғыл ыдыс,
Тәжірибе барысы: а) Бүтін апельсинді суы бар шыны ыдысқа сал. Оны суға батыруға тырыс. Б) Апельсинді қабығынан аршып алдыңғы тәжірибені қайтала.
Не байқалады: Нәтижесінде: Қабығы бар апельсин суға батпайды, қабығы жоқ апельсин суға батады. Себебі неде?
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сіздей өренді
Физиканың сырына - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 608
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып білім және білік дағдыларын қалыптастыру.
Архимед күші
Архимед күші
Сұйық ішіндегі, сұйыққа батырылған денеге кері итеруші қысым күші туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күшінің сұйық тығыздығына және дене көлеміне тәуелдігін біледі. Есеп шығаруда пайдаланады. Денелердің жүзу шарттарының анықтамасын біледі.
Архимед күші
Архимед күші
Сұйыққа немесе газға батырылған денені - сол дене ығыстырып шығарған сұйықтың немесе газдың салмағындай күш вертикаль жоғары итереді. Бұл ежелгі Грецияның ұлы ғалымы, математика механигі Архимед ашқан заң. Енді осы заңды түсіндіріп көрейік.
Денелердің жүзу шарттары
Денелердің жүзу шарттары
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Садвакасова Райхан Даулетханқызы
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×