Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы тәрбиесі

17 ақпан 2017, Жұма
Категориясы: Психология
Қазіргі таңдағы әлеуметтік мәселенің бірі ата - ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас. «Ата - ана - бала» жұбындағы кез келген қарым - қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Отбасында бала тәрбиелеу өте маңызды мәселенің бірі Бала тәрбиелеу тек жанұяға ғана емес, қоғамға да қатысты. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу мұғалімдердің және отбасының негізгі міндеті.
Отбасындағы тәрбие бір жақты емес, жан - жақты, әр тарапты ерекшелігі бар, даму процесі бар педагогикалық мәселе.
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін мектеп, ата - ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Демек, бала бақытының кепілі ата - ананың өнегелі тәрбиесінде. Сондықтан баланың бас ұстазы ата - ана болғандықтан, ата - анамен үздіксіз байланыста болу керек.

Тақырыбы: Отбасындағы тәрбиенің түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері /ата - аналармен жұмыс/
Мақсаты: Отбасындағы тәрбиенің жауапкершілігін сезіне, түсіне білу.
Тәрбиенің тиімділігі және дұрыс қолдана білу жолдарын түсіндіру.
Ата - ананың білімдерін көтеруге көмектесу.
Кіріспе бөлімі:
«Тәрбиелеуде негізгі орын әрине отбасыға беріледі, бірақ мемлекетте бұл мәселеден шет қалмауы керек». (Н. Ә. Назарбаев)

Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды, соңғы уақыттағы еліміздегі нарықтық экономиканының қарқынына ілесу қиыншылығынан және жұмыссыздық көбейіп көптеген отбасы мүшелері жұмыссыз қалды, аналар базар аралап, әкелердің беделі төмендеп көптеген отбасыларында бала тәрбиесі әлсіреп, тіпті еріксіз қолдан шығып, орны толмас олқылықтарға әкеліп соғуда. Соның салдарынан ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, тәрбие сапасының құлдырап кетуіне әкеліп соқты.

Қазіргі отбасында балаға ерекше назар бөліне бастады, бірақ кейбір отбасылар жалғыз бала немесе еркетотай бала деп тәрбие шектен шығып жатады. Беріліп жатқан тәрбиенің дұрыс, бұрысын білмей адасып жатады. Соның салдарынан мінез - құлықтары ашушаң, тілазар, өз дегендерімен жүретін т. т түсініксіз мінезді балалар осындай тәрбиенің жемісі болып отыр. Сондықтан, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе баламен бірге ата - ананы сапалы бірге тәрбиелеу.
Сапалы отбасылық тәрбие ата - ана мен ұстаздардың, мектеп психологтарының, басқа да оқушылармен жұмыс жүргізетін мамандардың бірлесіп кіріскен күштерінсіз мүмкін болмайды.
Біріншіден, балаға отбасы мен мектептің қоятын талаптары, ұстанымдары, тәртіптік нормаларды білдіре отыра, бір - біріне қарама - қайшылықта болмауға тиісті. Ата - анаға мектеп тәрбиесі туралы оң пікір қалыптастыру, ата - анамен тығыз байланыста болу.

Екіншіден, тіпті жақсы көретін және бала тәрбиесіне басты назар аударушы
ата - аналар өз білімін көтеруге мұқтаж болады, оған білім беруші мекемелердің қызметкерлері ұтымды түрде көмек бере алады. Олар мына сіздер, барлығымыз, қай жерде жүрсекте мектеп тәрбиесі туралы оң пікірде болуымыз тиіс.
Ата - ананы тәрбиелеу – ол ата - аналардың өз қызметтерін орындауға көмек көрсету
Мақсаты - өзіндік ата - аналық сезімдері мен мақсаттарын сезіне білуіне және өзінің сүйікті баласының үйлесімді тұлға болып қалыптасуы үшін қайсы бірін бақылап, түзету мен енгізуге қабілетті болуына көмектесу.

Негізгі бөлімі:
Отбасындағы ата - ана мінез - құлқы стилдері және оның балаға тигізетін әсері
Отбасылық тәрбиенің индифференттік түрі - Немқұрайлы тип - мұндай ата - аналар балалары үшін ешқандай шектеулер қоймайды, өзінің жеке басты мәселерімен айналысып жүреді және қарым - қатынасқа жабық болады. Оларды баланың ішкі жан дүниесі қатты толғандырмайды, олардың ойынша егер баланың тамағы тоқ, киімі бар болса, мектепке барып отырса ата - ана парызы орындалады деп ойлайды. Олар баланы жазалай отырып, сол жерде - ақ ынталандырады, тек қана бала ата - анасына кедергі болмаса болды. Басты тәрбиелік әдіс - қамшы мен аялы алақан.
Салдары: мұндай балаларда құпия көп болады, үнемі сақ болып жүреді, өз ойы болмайды, адамға шын көңілмен жаны ашып, аяушылық білдірмейді.

Отбасылық тәрбиенің либералдық стилі - Бақылау деңгейі төмен, бірақ қарым - қатынастары жылы. Мұндай отбасындағы ата - аналардың басқарушылық рөлі мағыналы емес, олар баланы тәрбиелеуді білмейді және тәрбиелегісі келмейді,
бірақ, оның тұлғасын жоғары бағалайды, кішігірім қателіктерін кешіреді, онымен сөйлеседі, сенеді, шектеулер мен тыйымдар қоймайды. Бірақ, осы еркіндікті бала көтере ала ма?
Салдары: мұндай балалар бейәлеуметтік топтарға бейім болады. Есейе келе олар өздеріне қарсы шықпайтындармен қақтығыса бастайды, басқа адамдардың мүдделерін есепке алу қабілеті болмайды, шектеулер мен жауапкершілікке дайын емес болады.

Авторитарлық – өктемшіл түрі - Бұл баланы бақылаудың жоғары деңгейі және салқын қарым - қатынас. Баламен осы стилдегі қарым - қатынасты ұстаушы ата - аналар оның қандай болып өсетінін жақсы түсінеді және оған барлық күшін жұмсайды. Отбасындағы диктат отбасындағы мүшелердің бірінің, басқа мүшелердің жігерлілігін, өзіндік құнын сезінуін үнемі басып отыратындығымен көрінеді.
Оның себебі: Өзінің отбасымен немесе балаларымен қанағаттанбауы, баланы қабылдамау

*Ата - аналардың өздері балаларға қатал қарайтын отбасыда өскен, және олар ата - аналарының тәрбиелік стилін өздерінің отбасысына ауыстырады.

*ата - аналар өздерінің балалары туралы басқа адамдардың пікірін өте маңызды деп санайды және өз балаларын бақылауда сол пікірлер маңызды деп санайды
Салдары: мұндай отбасындағы балалар ата - ана мейірімінің, жылуының, мақтау мен қолдауының жетіспеушілігін сезінеді. Олар өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі/себебі бұл туралы ата - анасы үнемі есіне салып отырады/ және өздерінің жақсы жақтарын көрсетуден мүлдем айырылған болады.

Отбасындағы гиперқамқорлық - Ата - аналардың өз еңбегімен баланың талаптарын қанағаттандыра отыра, бар қиыншылық, проблемаларды өз иығына алу. Отбасылық тәрбиенің мұндай стилі кейбір себептерге байланысты болады: баланың кішкентай кезінен денсаулығының нашар болуы, ата - анасының мінезінің ерекшеліктерінен. Нәтижесінде, ата - аналары тым күманданғыш болады және баланың кез - келген ауруына қатты уайымдайды. Баланы назардан тыс қалдырмайды, кез - келген жазалаудан қорғап отырады. Ата - анаға баланың осындай қамқорлықта жүрген ыңғайлы, себебі барлық дағдарыстар айналып өтеді деп ойлайды, тұлғаны белсенді қалыптастыру мәселесі екінші орынға шегеріледі
Салдары: мұндай отбасындағы бала – ұжым ішіндегі өмірге дайын емес болып шығады. Кез - келген нәрсеге қауіптенгіш, көмексіздік, тура осы балалар а еш нәрсеге ренжімейтіндей болып тәрбиеленгендер, өсе келе ата - анасының шексіз қамқорлығына қарсы шыға бастайды.

Беделді отбасы - бұл ата - аналар өз балаларының өсіп келе жатқан дербестігін түсінеді және ынталандырады, жас ерекшеліктеріне сай жауапкершілікте болады. Баламен қарым - қатынасқа ашық, дайын және балаларымен отбасыдағы тәртіп ережелерін талқыға салады. Баланың ойымен санасады.
Салдары: Мұндай балаларда өзін - өзі бағалау сезімі және еріктік қасиеттері ерте пайда болады. Олар өмірге бейімделген, өздеріне нық сенімді және жауапкершіл тұлға болып өседі.

“Жемісті тәрбиенің он кілті”-
*Аз сөйлеп, көп істе - статистика бекіткен: бір күнде 2000 - ға жуық ақыл - кеңес пен ескертулер береді екенбіз! Сондықтан, балаларымыздың «естімейтіндегі» де ғажап емес. Егер сіздің өтінішіңізге қарамастан балаңыз шұлығын теріс аударған күйі лақтыра салса, бір күні сіз де сол қалпында жуып бере салыңыз. Өзі оны жуып, кептірудің өзі мүмкін емес екендігін сезінсін. Іспен көрсеткен, сөзден гөрі дәлірек болады.
*Балаларға олардың күшті екендігін жариялы түрде сезіндіре біліңіз - әйтпесе олар өздері астыртын тәсілдерін тауып алады. Ол үшін балалармен үнемі кеңесу керек, оларға таңдау, сатып алу, ақша санау, қиын емес тағамдарды дайындау құқығын беру керек. Мысалы екі жастағы балаға пластикалық ыдыс жууға, ыдыстарды жинастыруға мүмкіндік беру, тыйым салуға болмайды.
*Сіздің сөздеріңіз бен істеріңіз неге әкеліп соғатынын ұмытпаңыз - өзіңізден Мен кіріспесем де болар еді деп сұрап отырыңыз, кез - келген нәрсеге кірісе кетсек, нағыз өмірді ұрысып ақыл үйретумен, қорқытумен алмастырамыз. Егер үйден қажетті нәрсесін ұмытып кетсе, еске салмаңыз, келесіде ұмытпайтын болады.
*Мәңгілік туралы әрқашан есте сақтау керек, сөзіміздің қазір ғана емес, балаларымыз өздерінің немерелерін тәрбиелеген кезде де алдынан шығатынын ұмытпайық.- осы ойларды қорыта келе егер де келешекте бұл ісіміз баламыз бен немеремізге пайда әкелсе қиын және ауыр проблемаларға кезек беріп, проблемаларды тез және қарапайым шешуден бас тартамыз. Мысалы баланы ұратын болсақ онда бір минут ішінде проблеманы шешуге тырысып басқа адамнан бір нәрсені талап ету кезіндегі агрессивті әрекеттерге үйретеміз, немесе басқа адамнан жылулық іздейді.
*Баланы аймалап, мейіріммен қараңыз. – баланы күніне 4 рет құшаққа басып, аймалауымыз керек

Сауалнама: Сіз қандай ата - анасыз? жауабымен қорытындыланып, жарияланды
Баламен қарым - қатынас кезінде жиі қолданатын сөйлемдерді белгілеп, оң жақ бағандағы ұпайларды есептеңіз:
С ұ р а қ т а р -------------------------------------------- ұпай
1 Саған қанша рет қайталап айтуға болады 2
2 Маған ақыл айтатын сен кімсің 1
3 Сенсіз қалай болар едім 1
4 Ай - и! Кімге тартты екенсің?! 2
5 Сенің достарың қандай жақсы адамдар!!! 1
6 Ой - и! Осы сен кімге тартқансың!.... 2
7 Мен сенің жасыңда..... 2
8 Сен менің қорғанымсың және көмекшімсің 1
9 Не қылған достар сенікі осы? 2
10 Не ойлап жүресің осы ылғи? 2
11 Ақылдым менің!!!! 1
12 Сен қалай ойлайсың балам?! 1
13 Бәрінің баласы балада, менікі.... 2
14 Менің балам қандай тапқыр!!! 1

Нәтижелері:
5 - 7 ұпай: сіз балаңызбен өте жақсы қарым - қатынастасыз. Ол сізді жақсы көреді және бұл қарым - қатынас оның тұлға ретінде қалыптасуына жақсы әсер етеді.
8 - 10 ұпай: сіздің балаңызбен қарым - қатынаста кейбір қиыншылықтарыңыз бар. Оның проблемаларын түсінбейсіз және оның дамуындағы кемшіліктері үшін кінәні баланың өзіне аударуға тырысасыз.
11 ұпай және жоғары: баламен қарым - қатынаста тұрақсыз. Оның дамуы кездейсоқ, өздерін мойындамайды. Сізге ойлану керек!
Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар беріліп, ата - аналар өз ойларын айтады.
Қорытынды: Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. “Отбасы” атауының мәніне терең үңілер болатын болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.
Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін баламыздың жан – дүниесіне үңілейік! Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін!

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Харкин орта мектебі психологімі Сая Сатыбалдиева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
36 131
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады
Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады
Мұханбетқалиева Бибігүл Қыдырғалиқызы Ақтөбе қаласындағы №3 «Ертегі» МДҰ меңгерушісі А.Байтұрсынов атындағы медаль иегері
Отбасындағы тәрбие түрлері  және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Мендигалиева М. К.
Отбасымен бірлесе отырып тәрбиелейміз
Отбасымен бірлесе отырып тәрбиелейміз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы ұйымдастырушы педагогы Қоханова Алия Елеубергеновна
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×