Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары

07 мам 2021, Жұма
Категориясы: Психология
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі шақта даму өте қарқынды, жедел өтеді, жеке қалыптасу, балалардың іс - әрекеті кеңейеді. Бұл шақта танымдық даму қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Ана тілін меңгеруі, түстерді қабылдауы қалыптасады, көлем, форма, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау, зейін, ес, қиял түрлері, ойлау операциялары: топтау, жинақтау, салыстыруы қалыптасады.
Психологтың міндеті балалардың психикалық даму ерекшеліктерін анықтау, психикалық жаңарулардың қалыптасуын, жас ерекшеліктерін, білім, дағды, әдет, жеке қасиет деңгейінің жас ерекшелігіне сәйкестігін анықтау жатады.
Диагностика барлық топтарда қыркүйек айында жүргізіледі. Кішкентайлар тобында диагностика Бине – Симонның ақыл - ой шкаласы әдістемесі қолданылады.
Әр жастағы бала төмендегі көрсеткіштерді білуі тиісті:
өзінің дене мүшелерін көрсете алу;
6 сөзден құрылған сөйлемді қайталап айту;
Мен анамды өте жақсы көремін.
екі санды есте сақтап қайта айту;
суреттегі заттардың атын атау;
өз аты жөнін атау.
Зерттеу қорытындысы шартты белгілермен журналға түсіріледі.
Тапсырма орындалды +
Тапсырма толық орындалған жоқ +?
Тапсырма орындалмады –
Таным процестерін: зейін, қабылдау, ес, ойлау диагностикалау жүргізіледі. Психолог зейін мен сөйлеу деңгейін балаларды бақылау, іс әрекетін, берген сұрақтарға жауап беруіне қарап бағалауына болады. Зейінді зерттеу. Не өзгерді ойын жаттығуымен ұйымдастырылады. Балалардың алдына үш түсті пластик стакан қойылады. Балаларға олардың орналасу ретін есте сақтау ескертіледі. Стакандардың орындары алмастырылады, балалардан не өзгергені сұралады. Зерттеу қорытындысы таблицаға шартты белгілермен енгізіледі.
Түстерді қабылдауды анықтау Дөңгелектерді түсіне сәйкес қораптарға сал
ойын жаттығуымен ұйымдастырылады. Диаметрі 3 см болатын дөңгелектер жиыны, әр негізгі түстен 2 дөңгелек, түстерге сәйкес қорапшалар. Балаларға дөңгелектерді түстеріне сәйкес қорапшаларға салу ұсынылады. Психолог дөңгелектердің түстерін атамайды.
Көріп есте сақтау деңгейін диагностикалау заттық суреттер көмегімен анықталады. Балалардың алдына өзіне таныс 7 заттық сурет қойылады. Балаларға мына нұсқау беріледі Суреттерге зейін қойып қараңдар, аттарын естеріңе сақтаңдар. Суреттер алынады, балалардан естерінде қалған суреттердің атын атап беру сұралады.
Ойлау деңгейін диагностикалау. Төртінші артық ойын жаттығуымен ұйымдастырылады. Балаларға үш таблица кезекпен көрсетіледі, онда 4 геометриялық фигура салынған. Бірінші таблицадағы фигуралар көлеміне қарай ерекшеленеді., екінші таблица түстеріне, үшінші таблица фигура түрі мен көлеміне қарай ерекшеленеді.
Екінші нұсқасы: балаларға заттық сурет салынған таблица ұсынылады: қуыршақ, мұнара, доп, етік. Балаларға нұсқау беріледі Зейін қойып қара, мына карточкада төрт заттың суреті салынған. Үшеуі бір - бірімен байланысты, ал төртіншісі артық. Қай зат артық екенін тап.
Психологтың міндетіне психологиялық диагностика жүргізу кіреді. Балалардың психикалық даму ерекшеліктерін анықтауға бағытталған және нақты жеке даму деңгейінің қалыптасуын анықтауға бағытталған.
Психодиагностиканың негізгі мақсаты зерттелушінің психологиялық портретін, мінез құлқының сипаттамасын, таным процестерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы және баланың жеке дамуын анықтау. Зерттеу қорытындысы мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына жүйелі түзету дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға көмектеседі.
Психодиагностикалық зерттеу қорытындыларына сүйене отырып психолог қауіпті топқа арналған жеке түзету - дамыту жұмыстарын құрады. Бұл жұмыстар балалардың психикалық процестерін дамытуды көздейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы қыркүйек айында жүргізіледі. Негізгі жұмыс баланың эмоциялық – тұлғалық күйіне көңіл бөлінеді. Психолог балалардың үрейлену деңгейін, үрейдің пайда болуын, қарым қатынастағы шиеленіс және шиеленістің пайда болу ерекшеліктерін бағалайды.
Ойын бөлмесі әдістемесі. Балаларға сиқырлы бөлмеге кіргені туралы елестету ұсынылады. Бұл бөлмеде қалаған ойыншықтары бар және түрлі ойындар ойнауға болатындығы айтылады. Сиқырлы бөлмеге өзіне таныс екі баланы ертіп кіруге болатыны, достармен бірлесіп ойыншықтармен ойын ойлап табу қажет екендігі түсіндіріледі. Балаға мынадай жетекші сұрақтар қойылады Қандай ойын ұсынасың?, Егер достарың сен ұсынған ойынды ойнағысы келмесе сен не істер едің?. Баланың әңгімесі мен жауаптарынан құндылық туралы, құрбыларымен қарым қатынасы, шиеленістен шығу жолдарын табуын анықтауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ой дамуын анықтау Бине – Симонның шкаласы әдісімен жүргізіледі. Балаларға төмендегі тапсырма ұсынылады:
күннің бөліктерін анықтау;
күнделікті өмірде қолданатын заттарды не үшін пайдаланатынын әңгімелету;
үлгі бойынша ромб суретін салу;
30 затты санап шығу;
Ересек адам мен баланы әсемдік және адамгершілік тұрғысында салыстару; (Топта ең ұқыпты кім? Неліктен солай ойлайсың? Топта ең мейірімді кім? Себебі?).
Барлық қорытынды диагностика журналына шартты белгімен енгізіледі.
Тапсырма орындалды +
Тапсырма орындалды, бірақ қате, нақтылық жетіспейді +?
 Тапсырма орындалған жоқ –
Зейінді диагностикалау әдістері.
1. Суреттерді салыстыр.
Балалардың алдына бір бірінен сәл ерекшелігі бар екі сурет қойылады.
Суреттерге зейін қойып қара, салыстырып ерекшеліктерін тап нұсқауы беріледі.
2. Болмайтын жағдай.
Балаға өтірік өлең оқылады, өлеңнен өмірде болуы мүмкін емес жағдайды табу
сұралады.
3. Сәйкессіздікті тап.
Балаға мағынасы байланыспайтын суретті көрсету. Суретке зейін қойып қара,
дұрыс салынбаған заттарды ата. Әр дұрыс салынбаған затты сыз, шындығында қалай болуы керек екенін түсіндір.
Қабылдау ерекшелігін зерттеу түстерді қабылдауды анықтаудан басталады.
Дөңгелектерді қораптарға сал ойын әдісі қолданылады. Балалардың алдына негізгі және қосымша түске боялған қорап қойылады.( қызыл, көк, сары, жасыл, қоңыр, қара, ақ, сұр, алқызыл, көгілдір, қызғылт сары, фиолетовый, ашық жасыл, бежевый) қораптың түсіне сәйкес түрлі түсті дөңгелектер қойылады. Балаға дөңгелектерді түстері сәйкес келетін қорапқа салу айтылады.
Форманы қабылдауды анықтау Геометриялық фигураларлы орналастыр әдісімен ұйымдастырылады. Балаға бірдей түсті әртүрлі геометриялық фигуралардың карта таблицасы беріледі. ( дөңгелек, шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, сопақша, ромб). Балаға карта таблицаның үстіне сәйкес келетін фигураны қою ұсынылады.
Көлемді қабылдауын диагностикалау. Жолақтарды орналастыр әдісімен ұйымдастырылады. Балаға 5 - 7 түстері бірдей ұзындықтары 2 см айырмашылықта болатын жолақтар беріледі. Бала жолақтарды солдан оңға қарата кемуі бойынша, содан кейін өсуі бойынша орналастырып қоюы керек.
Балалардың саусақ бұлшықеттерінің дамуын бақылау қажет.
Есту қабілеттерін анықтау. Мәтінді түсінуі әдісі бойынша ұйымдастырылады.
Балаға бірнеше сөйлемнен құрылған шағын мәтінді тыңдау ұсынылады.
Сымбат таңертең ұйқысынан тұрып жуынды, тісін жуды, жаттығу жасады, киінді, тамағын ішті, альбом, бояуларын алып балабақшаға барды. Күндіз балабақшада Сымбат ойнады, сурет салды, серуенге шықты, түскі ас ішті. Кешке Сымбатты үйге әкетуге анасы келді, олар үйлеріне қайтты. Үйіне келгесін Сымбат кешкі тамақ ішіп, ұйықтады..
Психолог зерттелуші баладан мәтін бойынша Сымбаттың күннің әр бөлігінде не істегендігін сұрақтар қою арқылы сұрайды. Балалардың тілдік даму деңгейі, дыбыстарды анық айтуы, сөздік қорлары, сөйлемнің грамматикалық құрылысы бақыланады.
Естіп есте сақтауын анықтау. Он сөз әдісімен өтеді. Балаға Мен бірнеше сөздерді айтамын, ал сен зейін қойып тыңда, естіген сөздерді есіңе сақта. Соңынан есте сақтаған сөздерді кез келген ретпен айтасың. Тыңда сағат, өтек, піл, мысық, алма, шөп, күн, жел, доп, машина. Екінші қайталануда мына нұсқау беріледі: Қазір мен сөздерді қайталап айтамын, сен алдында естіген сөздерге жаңадан естіген сөздерді қосып айтасың.
Үшінші, төртінші қайталауда Тағы да тыңда нұсқауы беріледі.
Бесінші нұсқау: Мен сөздерді соңғы рет айтамын, ал сен сөздерді есіңе сақта, көбірек сөздерді есте сақтауға тырыс.. Зерттелуге 5 - 7 мин.
Бірінші нұсқауда 5 - 6 сөз, бесінші нұсқауда 8 - 10 сөзді жатқа айтқан жақсы көрсеткіш.
Көріп есте сақтауды анықтау заттық суреттер арқылы өтеді. Баланың алдына өзіне таныс заттық сурет немесе геометриялық фигура қойылады. Суретке зейін салып қара нұсқауынан кейін сурет алынады. Баладан қандай суретті көргендігі сұралады.
Балаға есте сақтауға 5 сөз және 16 карточка беріледі. Сөздер өрт, жаңбыр, еңбек, қате, жақсы. Карточкалар: асхана құралы, тақта, дүкен, тарақ, күн, жер шары, құмыра, тауық, қақпа, шорты, ат, көше шамы, аяқ киім, сағат, завод мұнарасы, карандаш.
Зерттеу алдында дайындық жұмысы жүргізіледі, балаға түсініксіз деп табылатын суреттердің мазмұны таныстырылады.
Балаға есте сақтауға ұсынылатын сөздерді қайта айту үшін көмекші суретті таңдап алу керектігін, бұл суреттер сөзді еске түсіріп айтуға көмекші болатынын түсіндіріледі.
 Есте сақтауға ұсынылатын сөздердің суреті карточкаға салынбаған, бірақ әр сөзге сәйкес суретті таңдауға болады. Үйрету жұмыстары ұйымдастырылмайды. Бірінші өрт сөзін ұсынарда көмектесуіне болады. Егер бала өз бетімен көмекші суретті табуға қиналса, педагог қажетті карточканы көрсетіп, сөзбен түсіндіреді: Карточкаға қара онда завод мұнарасынан шығып түтін бейнеленген. Өрт болған кезде түтін шығады. Бұл карточка өрт деген сөзді еске түсіруге көмектеседі. Көмекші суреттерді таңдауға 30 секунд беріледі. Осы уақыт ішінде карточка таңдап алынбаса, келесі сөз ұсынылады. Педагог әр таңдауды негіздеп айтуын сұрайды, балалардың таңдау себебі мен уақытын журналға енгізеді.
Баланың аты жөні ————————– жасы ——— тобы ——————– —
Зерттелген күні ——————————-
Есте сақтауға ұсынылатын сөздер
Карточка таңдалған уақыт (сек.)
Карточка таңдау себебі
Қорытынды
Қорытынды бағаланған кезде келесі сұрақтар ескеріледі:
нұсқауды дұрыс түсінгендігі;
шешім табуы;
түсіндірудің мазмұндылығы;
түсіндірудің есте сақтауға қолайлылығы;
көмек көрсетудің қажеттілігі мен саны;
Сондай – ақ пиктограмма әдісі қолданылады. Балаға 11 - 12 сөзді есте сақтау ұсынылады. Балаға бұл сөздерді өзі сәйкес деп ойлайтын суретті салу арқылы есте сақтау керектігі ескертіледі. Бұл әдіс арқылы ойлау әрекетінің ерекшелігін анықтауға болады. Ақыл - ой белсенділігін зерттеуге фигуралы таблицасы әдісі қолданылады. Тап та, сызып таста әдісі бойынша 2, 5 мин жұмыстанады. Әр 30 секунд сайын педагог Тоқта нұсқауын береді. Бала қай фигураның тұсына тоқталса, сол фигураның тұсына тік сызық жүргізеді. Жұмыс қорытындысы жоғары, орта, төмен деңгей бойынша анықталады.
Ойлау және сөйлеу дамуын анықтау әдістері.
1. Сөйлемді аяқта. Балаға аяқталмаған сөйлем айтып, әрі қарай жалғастыру сұралады. Мысалы: Қыз қолына қар алды да …, Бала тез жүгіре жөнелді, өйткені…..
2. Топтау. ( Гольдштейн - Выгодский - Зейгарник).
3. Еркін топтау. Балаға суретті белгілеріне қарап жинақтау ұсынылады.
4. Суреттерді мазмұнына қарай орналастыр.
Педагог балаға қарапайым бір мазмұнды бірнеше суреттерді әңгімелеп беруін сұрайды. Барлық сурет бір мезгілде ұсынылады. Педагог балаға суреттерде белгілі бір жағдай бейнеленгенін, оларды жүйелі түрде орналастыру керектігін түсіндіреді. Құрылған сюжет бойынша әңгіме айту сұралады.
 Таблицаға баланың суретті орналастыру реті, орналастыру себебі, түсіндіру мазмұны енгізіледі.
Турганбаева Нурсауле Туракбаевна
Педагог - психолог, МКҚК «Айгөлек» балабақшасы
Құрық ауылы, Маңғыстау облысы
14 882
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту
Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту
Заманауи кезеңде бағдарлама талаптарын тиімді іске асыру және білім сапасын арттыру мақсатында педагогтардың күш - жігері мектеп жасына дейінгі баланың ақыл - ой тәрбиесін жетілдіруге бағытталады.
Ата – аналармен жұмыс: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Ата – аналармен жұмыс: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі шақ – адам өмірінің ең қысқа уақыт аралығы, алғашқы 7 жасқа дейінгі аралықты алады. Алайда осы кезеңде баланың ересектерден алшақтауы, кішкене әлсіз сәбидің өзбетті, белсенді тұлғаға айналуы басталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.
Еңбек тәрбиесі
Еңбек тәрбиесі
Білім алушылардың мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері және ерекшеліктері туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерін айқындап, мектепке дейінгі кезеңдегі
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Сөйлеу қабілеті – психикалық және сапалы дамудың маңызды шарты болып табылады. Л. С. Выготскийдің тұжырым бойынша «сөйлеу танымның күрделі және ең жоғарғы түрі болып есептелінеді».
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Психикалық даму тежелісі /ПДТ/ дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×