Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді тапқырлар (математика сабағынан)

05 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Білім сайысы
Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар.
Мақсаттары: 1) Білімділік: Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру; 2) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту; 3) Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Топ бойынша жұмыс.
Әр тапсырма 10 балдық жүйемен бағаланады.
Кіріспе сөз.
Бүгінгі шәкірт - ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
« Білімді азамат - ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар,- дей отырып сіздерге ақ жол тілейміз.
Кешімізді бастамас бұрын біз әділ - қазылар алқасын таныстырып өтейік.
Олар: Бүгінгі сабаққа қатысып отырған ұстаздарымыз.
1 - жүргізуші:
Қош келіпсіздер, ойынға, барша қауым!
Қатардан артта қалып қоймайық.
Белсенді болайық ортада.
Уақытты тектен - текке жоймайық.
2 - жүргізуші:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық,
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық.
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
1 - жүргізуші:
Сіздерді кешімізге шақырамыз,
Есеппен басыңызды қатырамыз
Математиканы ұғындырып,
Аз да болса білімімізді толықтырамыз.
2 - жүргізуші:
Кешіміз міне басталды
Ұмытып болғанды еске алды
Қиын да болса қызық сабақ
Жұмыс істетейік бастарды.
1 - жүргізуші: Қатысыңыздар!
2 - жүргізуші: есептен шет қалмаңыздар!
1 - жүргізуші: Есеп додасы басталды.
2 - жүргізуші: Кірісейік жұмысқа!
1 - жүргізуші: Жайбарақат болмаңыздар.
2 - жүргізуші: Қатыратын бастарыңызды,
1 - 2 жүргізуші бірге: Кешіміз міне, басталды!!!
1 - жүргізуші: Сөз математикалық білім сайысына келген оқушыларға беріледі.
1 - кезең - сәлемдесу.
« Алғырлар» тобы:
Шақырып жарыстарды сан - салалы.
Алғырлар топ жарғалы зер салады!
Ту етіп достықпенен татулықты.
Тапқырлар командасын қарсы алады!
Тапқырлар биіктіктерге қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын.
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
Білімге толы санамыз.
Бүгінгі күн жеңісте.
Алғырлықпен аламыз,
Есепті біз шешеміз.
Оны мақтан етеміз.
Тапқырларға бүгінгі
Кете қоймас есеміз.
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым.
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз ардайым.
«Тапқырлық» тобы:
Осындай алғыр достар кез келгенше
Жетсін - ау жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғаныңмен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге біз,
Құрметтеп алғырларды ой - саналы.
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайысты достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа,
Есеп білсек жетеміз ғой табысқа.
Сайыстарды біз оңай беріспейміз.
Тек ойынға тағы да беріспейміз.
Тапқырлықпен алдына жан салмаймыз
Алғырлардан ешқашанда қалмаймыз
2030 - дың бағдарлы биігі,
Білімнің еншісі бұны әркім біледі.
Сондықтан достар - ау, дарынды қарайық,
Алынбас қамал жоқ, шыңдайық жігерді.
2. Болашақ баспалдағы.
Ғылымның сырын ұғынып,
Шығыңдар білімнің шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізеді сіздерді
Математика сырына!
Қадамдарың оң болсын.
Сәт сапар енді тілейік!
Тілек туы
720: 9
810: 9
90*9
80*8
64+ 36
54+44
3. Күлдіргі жұмбақ есеп шығару.
1 - топ. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 километр жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? ( Ол да 12 км жол жүрген.)
2 - топ. Бір топ үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, екеуі артында, үшеуі тізбектесіп қатар ұшқан? Қанша үйрек келеді? ( Үш)
4. Берілген фигураны тап, таныстыр.
1 - топ 2 - топ
Амал таңбасын қой:
27* 36=63
63*27= 36
35*49= 84
84*34= 40
46*8*8=30
11* 18* 9= 20
64*16 = 48
80*20= 100
Сергіту сәті. «Қара жорға».
7. Сөзжұмбақ шешу.
1. Б. Саттарханов Олимпиада чемпионы атанған спорт түрі. ( Бокс.)
2. Спорттық ойын. ( Баскетбол)
3. Канадада дамыған спорт. ( Хоккей.)
4. Қазақтың ұлттық ойыны. ( Тоғызқұмалақ)
5. Ми тынықтыратын ойын түрі. ( Шахмат.)
6. Ағылшын елінде дүниеге келген ойын түрі. ( Футбол.)
8. Топ жетекшілер сайысы. Екеуіне бірдей беріледі. Қайсысы дұрыс тапса сол ұпай жинайды.
- Неше рет арттырса да өзгермейтін қандай сан? ( 0)
- Қандай санды бір - біріне көбейткенде нәтижесі осы екі санның қосындысына тең болады? ( 2*2= 4; 2+2=4)
- Қай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
( 100 - жүз, 10 - он.)
Топ басшылары жауап бергенге дейін топпен жұмыс. Берілген фигураларды ретімен сызу керек:
1. Параллель түзу.
2. Үшбұрыш
3. Тікбұрышты үшбұрыш
4. Төртбұрыш
5. Перпендикуляр түзу.
6. Текше ( куб)
9. Цифрограмма шешу.
Тақтада көрсетілген 81 санынан 63 - ті алып, ал 86 санына 12 - ні қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады.
81 86
10 - кезең. Мен жаңылмаймын.
Нешеге дейін санай аласыз?
Қане, батылдырақ айт. Жүзге дейін? Мыңға дейін? Жақсы! Ендеше біз сенен дауыстап санауыңызды сұраймыз. Миллионға дейін емес, әрине 30 - ға дейін.
Ойын шарты: 3 санын 3 - ке бөлінетін сандарды сен айтпауың керек ( 6, 9, 12...) сонымен қатар 13, 23 сандарды да айтпайсың, оның орнына жаңылмаймын деп айтуы керек. Мысалы: 1, 2 жаңылмаймын, 4, 5 жаңылмаймын, ал кеттік, тезірек 30 - ға дейін санап шық!
11. Топтардың бір – біріне дайындаған жұмбақтары.
12. Қорытынды. Әділқазыларға сөз беріліп, сарапталады.
4 571
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Сайыс сабақ
Сайыс сабақ
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі: Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×