Қош бол, мектеп!
Мақсаты:
Мектеп бітіруші түлектермен дөңгелек үстел басында армандары, тілектері туралы ой бөлісе отырып, 10 сынып оқушыларымен байланысын нығайту, оқушыларды бірін - бірі құрметтеуге, мектебі мен ұстаздарына деген сүйіспеншіліктерін арттыруды жалғастыру.
Болашақтарына ақ жол, сәттілік тілеу.
Көрнекіліктер:
Сөздер: «Қош бол, мектебім!»
Білімді мыңды жығады.
Мектеп – кеме, білім теңіз.
Ақ жол! Сәттілік! Сенімділік! Төзімділік! Сәт сапар!
Шарлар, гүлдермен безендіріледі.
Музыкалық нөмірлер.
Тәрбие сағатына мектеп бітіруші түлектермен бірге олардың алғашқы ұстаздары мен қазіргі сабақ беріп жүрген ұстаздары, ата - аналары шақырылды.
Жүргізушілер:
Дастан: Құрметті ұстаздар мен ата - аналар! 10 «а» сынып оқушыларының мектеп бітіруші түлектерге арналған «Қош бол, мектебім» атты дөңгелек үстеліне қош келдіңіздер!
Тоты: Елнар ендеше биылғы мектеп бітіргелі отырған түлектерімізді ортаға шақырмаймыз ба?
Дастан: Дұрыс айтасың Тоты, бірақ қалай шақырамыз?
Тоты: Расында да, жәй ғана ортаға келіңдер дей саламыз ба?
Шырын мен Елнар кіреді.
Шырын: Тоты, Дастан жүректері толқып тұрған мектеп бітіруші 11 «а» сынып оқушыларын жетекшілерімен қосып, ортаға шақыруды Елнар екеумізге тапсырсаңдар, қалай қарайсыңдар?
Тоты: Өзімізде қиналып тұр едік, бастасаңдар бастаңдар.
Елнар: Ендеше, түлектерді ортамызға шақыратын кез келді.
Мектеп бітіруші түлектердің Жетекшісі бүгінгі,
Үндемей жүріп, тындырады жан - жақтағы бар істі.
Райкамал Ибитайқызы балаларыңызбен ортамызға келіңіз,
Шапалақтап, қошеметпен қарсы алайық бәріміз
Шырын
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Дастан:
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана.
Сарп етіп, сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың дана.
Тоты:
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп,
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын: «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Дастан:
Тоты ал, енді арнайы шақырылған құрметті қонақтарымызды қалай жайғастырамыз?
Шырын: Дастан - Тоты екеуің тағы да қиналып тұрмыз деп Елнар екеумізге сілтей салайын деп тұрсыңдар – ау шамасы.
Тоты: Шырын, Елнар сендер өздеріңді біз күшті жүргізушіміз деп біраз бөсіңкіреп қалдыңдар ғой деймін, ә. Өзіміз – ақ қазір жайғастырамыз.
Шырын: Тоты бұл бізге кетіңдер дегенің бе? Сендердің түлектерді жайғастырғандарыңды көрмей кетпейміз, иә Елнар.
Елнар: Сендердің дауларың бүгін бітпес, тезірек жайғастырайықшы, түлектердің ішінде менің апайым бар, ұят болды ғой.
Жүргізушілер: Түлектерге қағаз таратады.
Дастан:
Дулаттың орындауындағы «Балдәурен» әні мектеп бітіруші түлектер, сіздердің құрметтеріңізге арналады, Қарсы алыңыздар!
Массаған, алдандыңдар.
Директорға сөз беріледі.
Шырын. Келесі тыңдайтындарыңыз мектеп бітіргелі отырған 11 сыныпқа сипаттама. Оқитын Азамат, назар аударыңыздар!
11 «а» сыныбын бір мемлекет ретінде қарастырып көрейікші
Жер көлемі 45 кв. км. Халқы сирек қоныстанған. Табиғаты қыста жылы, жазда суық болып келеді.. Мемлекеттік басқаруы – монархиялық, мұғалімдер әулеті басқарады. Алғашында екі бөлек мемлекет болған. Сол кезде біреуіне Гүлза Сайлауғалиқызы, екіншісіне Мариям Түсіпбекқызы билік жүргізген. Кейіннен Райкамал Ибитайқызы мен Жамиға Жақсыбекқызы билік басына келген. 2008 жылы халқының күрт азаюына байланысты екі мемлекет қосылып, билік Райкамал Ибитайқызына берілген. Билік басында ұзақ отырған Райкамал Ибитайқызының бұл мемлекетке сіңірген еңбегі ерекше.
Халқының негізгі шаруашылығы – гүл суару, тақта сүрту, мусор төгу. Таяуда тал егіп, тал суару шаруашылығы қолға алынуда. Ұлттық тағамдары – чупа – чупс» Жетістіктері ғылым, білім, өнер. Халқы мемлекет басшысы мен қызметкерлерін сыйлағанымен, өздері жоқта оларды атымен атайды. Мысалы: Райкамал, Нұрғиза, Дайыр деген сияқты..
Халқы негізінен арық болып келеді. Оның басты себебі қаржы дағдарысына қатты ұшыраған мемлекет.
Сынып жетекш: Мұғалімдерге сөз береді. Ойын. «Қойлар»
1. Оларды жақсы көресіздер ме? Жақсы көрсеңіздер неге?
2. Олар сіздерге бағынбай жан - жаққа қашса не істейсіздер?
3. Оларды еркімен жіберсе не болады деп ойлайсыздар?
4. Олардың болашағы туралы не айтуға болады?
(Сыйлық беріледі.)
Елнар.
Осы ұстаздарына 11 сынып оқушылары не дайындап келді екен?
Соны тамашаласақ.
Тоты:
Мектебім, қия алмаймын,
Көп нәрсе қиялдаймын.
Мәңгілік оқушың боп,
Қалуға ұялмаймын.
Дастан:
Өзіңнен, тегінде, мен,
Аттанам сенімменен.
Ассалаумағалейкум,
Дәу мектеп - өмір деген
Тоты: Ендігі тамашалайтындарыңыз 11 сынып аруларына арналған әзіл өлеңдер.
Дастан: Жаннұрдың орындауындағы сыған биі өздеріңізге арналады құрметті 11 сынып арулары, қарсы алыңыздар.
Елнар: Өмір қызық, ойлап тұрсаң, тым қызық.
Бірде сені арғымаққа мінгізіп,
Тізгініңді ұстатады қолыңа,
Жігіт болып қалғаныңды білгізіп.
Шырын: Зымырайсың, жетем дейсің ақ таңға,
Қалады ескі таныстарың қапталда.
Не білдім деп, не көрдім деп ойлайсың,
Барып, барып аттың басын тартқанда.
Елнар. Ендігі тыңдайтындарыңыз 11 сынып серілеріне арналған әзіл өлеңдер.
Шырын: 11 сынып жігіттерінің құрметіне Инабат пен Азаматтың орындауында би.
11 сынып оқушыларымен ойын. «Алма»
Тоты: Мұғалім – бұл өмірдің ардақты аты.
Білімді бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты
Дастан: Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң – ұстаз деген данаң бар
Ортаға мектеп әкімшілігін шақырамыз.
Тоты: сіздерге жұмбақ.
Бір қарны бар, төрт құлағы бар (қазан)
Аузы іште, мойны сыртта (пеш)
Дүниеге тұмсықсыз келеді,
Тұмсығынан өледі (қарындаш)
Сіздерге арналатын ән «Шоқ қыздар»
Дулат пен Елардың орындауында КВН.
11 сынып оқушыларына арналған өлең жолдары
1. Әділетке
Әділ болар болашақта ол, сірә,
Бір зауыттың бастығы да болсын ба?
Қашан көрсең күлімдейді әрқашан,
Бір күлмесе, көңілі оның толсын ба?
2. Арнұрға
Сұңғақ бойлы ойы терең, бұл адам,
Асықпай жүріп қызықтардан құр қалған.
Тыныш жүріп, бұзықтығы бар, сірә,
Ұзын шашпен қыздарға көп ұнаған
3. Жасұланға
Дауысынан сеземіз көп былықты,
Ұйықтаудан жүлде алып, көпті ұтты.
Мұғалімдер сабақ сұрап келгенде,
Қонжықтардай момақан боп тұрыпты
4. Дәулетке
Ойлап қалар біреу оны бала деп,
Дегенменен ойлайтұғын сана көп,
Кіп – кішкентай бойыменен ұшқан бір,
Дер едім мен шағып алар ара деп.
5. Асыланға
Сабаққа да кейде ғана келетін,
Сыныбына шаттық нұрын төгетін.
Сабақ беріп шаршағанда, ұстаздың,
Айтқанына сонда ғана көнетін
6. Ақанова Айгерім – тіл маманы,
Қатысады жарысқа ол сан - саналы.
Астанаға жол тартып жүлде алғанда,
Ұстаздары мәз болып қарсы алады.
7. Мусинова Айгерім де тіл маманы,
Аудармашы болу оның аңсағаны.
Би билеп, тамақ жасау өнеріне,
Талантына барлығы тамсанады.
8. Әрқашан да таудай биік талабы,
Дүние тарихы оның таңдау сабағы.
Әлімбекова Әйгерім ерекше қыз,
Тігу, тоқу – қабілеті болады
9. Бақытқанова Айдана дарынды қыз,
Әйгерімсіз отыра алмас өзі жалғыз.
Дәрігер болу сенің ізгі арманың,
Биіктерге қыран құстай самғағын.
10. Ақбошанова Айданаға
Ұстанымы - «ізденген жетер мұратқа»,
Дайындалар алдағы болар сынаққа.
Асу асып, белестерді бағындыр,
Мектебіңді сен ұмытпа, бірақ та.
11. Әсемге
Таңдағаны стандартизация маманы,
Бақыт тілеймін өміріңе алдағы,
Жеңіске жету ұстанымы өмірде,
Физиканы тез меңгеріп алады.
12. Индираға
Тек алға - өмірдегі ұраны,
Ақ жарқын боп, күлімсіреп тұрады.
Инспектор мамандығы қалауы,
Әлі талай заңғар шыңға шығады
13. Арайлымға
Ақ арманың орындалсын көңілдегі,
Ұстаз болу – қалауың өмірдегі.
Ұтаздық еткен жалықпас – деген сөз бар,
Тәрбиелейсің ертеңгі жас өрендерді.
14. Мейрамгүлге
Болашаққа сенімменен қарайды,
Ядролық физиканы ол қалайды.
Бойыңдағы білімің мен дарының,
Өжеттігің таң қалдырар талайды.
15. Камилаға
Дәрігерлікті алдына мақсат еткен,
Сәттілік тілейміз біз шын ниетпен.
Ақ халатты абзал жан атанарсың,
Жаңа өмірге қадам бас ақ ниетпен.
16. Біржанға
Ақындықпен қадам басқан өмірге,
Мақсатыңа сен қол жеткіз өмірде.
Біржан ақын, асықпайтын мінезің
Жазылып тұр мына сенің жүзіңде
17. Бауыржанға
Бар таланты бір бойына сыймайды,
Бір өнері – ескі тыйын жинайды.
Мектептегі ең көңілді Бауыржан,
Барша жұртқа әзіл - қалжың сыйлайды
18. Нұрбекке.
Бұл мектептің мақтанышы түлегі,
Жақсылыққа толы әрқашан жүрегі.
Бағындырар белестер бар әлі алда,
Тек сәттілік – ұстаздардың тілегі.
19. Бақытжанға
Ұлағатты ұстаздың сен ұлысың,
Бітіруші түлектердің бірісің.
Ақ жол тілеймін саған сәт - сапар,
Әлі алда өзің шығар биік шың!
20. Наржанға
Аласа ғана бойы бар,
Теңіздей терең ойы бар.
Ертеңгі күні еліне,
Ғалым боп мүмкін танылар.
Тұңғыштар:
1. Ақанова Айгерім
2. Әлімбекова Айгерім
3. Мейрамгүл
4. Индира
5. Камила
6. Әділет
7. Дәулет
8. Асылан
9. Біржан
10. Бауыржан
Кенжелер:
1. Ақбошанова Айдана
2. Бақытқанова Айдана
3. Әсел
4. Арайлым
5. Мусинова Айгерім
6. Арнұр
7. Нұрбек
8. Бақытжан
Ортаншылар:
1. Жасұлан
2. Наржан
11 сынып оқушыларының 10 сыныптарға арнаған тілектеріне назар аударыңыздар:
Алға қарай самғап, биіктерден көріне беріңдер (Әсел)
Тек қана үздік болыңдар (Ақанова А)
Үлкен жетістіктерге жетіңдер (Арайлым)
Мақсаттарыңа жетіңдер (Камила)
Армандарың орындалсын (Әлімбекова А, Бақытханова Айдана, Индира)
ҰБТ – дан жоғары балл алыңдар, 125 балл тілейміз (Мейрамгүл, Дәулет)
Бауыржанның тілейтіні - Жақсылық
Жалқау болмаңдар, оқыңдар, оқыңдар - дейді Асылан
Өзіме не тілемесем сендерге де сонны тілемеймін - дейді Арнұр
Сендер не тілесеңдер соны (Жасұлан)
Ешқашан мұңаймаңдар, патшалар мен ханшайымдар (Әділет)
Үлкен адам болу үшін ғаламда
Үлкен арман болу керек адамда (Мусинова Айгерім)
Дастан
Биылғы мектеп бітірушілер елімізде жақсы оқиғаларға толы болған жылы бітіргелі отыр
Тоты.
Иә, щынымен де, соларды тізбектеп атап көрейікші.
Шырын:
1. Қазақстан ОБСЕ – ге төрағалық етіп, 56 мемлекеттің басын қосып саммит өткізген жылы,
Дастан
2. 7 - ші Азия ойындарын өткізіп, зор жеңіске жеткен жылы,
Тоты
3. Біздің жеріміздегі Байқоңырдан дүние жүзінде бірінші рет ғарышқа ұшудың басталғанына 50 жыл толған жылы,
Шырын:
4. Негізгі заңымыз - ҚР Конституциясының 15 жылдығында,
Дастан
5. Президент сайлауы өтіп, Елбасымыздың теңдессіз жеңісі жылы,
Тоты
6. ҚР - ң 20 жылдығы қарсаңында,
Шырын:
7. Семей палигонының жабылуының 20 жылдығы қарсаңында,
Елнар
Болдыңдар ма? Ал ендеше мені тыңдаңдар:
Мен өзіміздің мектептегі айтулы күндерді айтам.
11 сынып оқушылары бітіргелі отыр -
Мектебіміздің директоры Медғат Рахметұлының 60 жылдығы қарсаңында,
Балалар сендер білесіңдер ме, Дайыр Сейілқанұлы мен Медғат Рахметұлының туған жылы, күдері, айлары да бірдей екенін, ендеше физика мұғалімнің 60 жылдығы қарсаңында,
Сәуле Жұмабекованың 50 жасқа толғанында,
Шырын
Елнар айтып тұрғандарың ұят болған жоқ па.
Дастан. Тоты: Расында да.
Елнар. Несі ұят екен. Ұялсаңдар мен сендерге ерегескенде тағы да айтам.
Қазақтың халық әртісі Бибігүл Төлегенова осы мектептен білім алса, биыл мектебімізге Бибігүл Төлегенова мұғалімі жұмысқа кірген кезде,
Ең бастысы Дәурен мұғалімнің көптен күткен үйлену тойы қарсаңында бітіргелі отыр.
Дастан: Жас түлектер болашақ өмірлерің осындай қуаныштарға толы болып, жолдарың әрқашан ашық болсын деп тілейміз!
Тоты: Алдыдағы үлкен міндеттерің - Бірыңғай ұлттық тестте білімдегі еңбектерің жансын!
Шырын: Сәттілік, Ақ жол тілейміз, қымбатты мектеп бітіруші түлектер, алтын ұя мектептеріңді, білім берген ұстаздарыңды ұмытпаңдар, еліміздің тәрбиелі, өнегелі азаматтары болуларыңды 10 сынып оқушыларының атынан шын жүректен тілейтінімізді білдіргім келеді.
Мектеп бітіруші түлектерге арналған дөңгелек үстел
Сынып жетекші: Кульджина Нургиза Бекзуркановна

Жаңалықтар
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар! (11 - сынып оқушылары мектеп алдына 1 - сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).
Мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиын сценарийі
Құрметті ұстаздар және аяулы мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі мектеп бітірушілер құрметіне арналған «Мектеп бітіру кеші - 2018» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ---- түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Қош бол, аяулы мектебім! (аттестат тапсыру кеші)
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жумагалиева Назыгул Амандыққызы
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.