Махаббатпен жылытылған жүрек
Қостанай облысы, Арқалық қаласы,
А. Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын
бастауыш гимназиясы А. Ғ. Сұлтанова
Тақырыбы: Махаббатпен жылытылған жүрек
Ата - аналар арасында бала тәрбиесіне қатысты пікір таластыра отырып, балаға деген махаббаттың күшін сезіндіру. Балаға деген сүйіспеншіліктен қоғамның да оң өзгеріске қадам басатындығына назар аударту. Мектеп пен ата - ана арасындағы тығыз байланысты дамыту мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Барысы: І Ұйымдастыру.
Жүргізуші: - Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар! Бүгінгі «Махаббатпен
жылытылған жүрек» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Алдымен
барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамыз.
Шаттық шеңбері.
Жүргізуші: - Бұл шаттық шеңберінде мына менің қолымдағы гүлді шеңбер бойымен айналдыра, өз есімімізді атап, бір - бірімізге тілек тілеп ұсынамыз.
Мысалы: - Мен - Асылаймын. Сізге бақыт тілеймін! Гүлді ұсыну.
(Осылайша жалғасады)
Жүргізуші: - Тамаша! Енді дөңгелек үстел басына жайғасып, ой өрбітсек.
(Үстел басына жайғастыру)
Жүргізуші: - «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл - қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»- деп Сара Назарбаева ханым айтқандай бүгін сіздермен бұл дөңгелек үстел басында өз махаббатымызды балаға дұрыс білдіре алып жатырмыз ба, бала жүрегіне жол таба білуде қандай кемшіліктер кетіп жатыр, қандай жетістіктерге жетіп отырғанымыз жайлы ой бөлісіп, тәжірибе алмасқалы отырмыз.
Жүргізуші: - Бұл кездесу барысында бізде мынадай аялдамалар болады. Әр аялдаманың сіздерге арналған тапсырмалары мен сұрақтары болады. Сонымен:
1 - аялдама: «Бала - өмір жалғасы»
2 - аялдама: «Балапан қанат қаққанда»
3 - аялдама: «Баламен сөйлесудің 10 ережесі»
4 - аялдама: «Адамгершілік - жылы жүректен»
5 - аялдама: Қорытынды.
1 - аялдама: «Бала - өмір жалғасы»
Өзіммен - өзім.
Жүргізуші: - Бала - өмірдің жалғасы. Ата мен ананың бауыр еті.
Балаларымыз бізді өмірге келген күнінен бастап қуанышқа кенеп келеді. Бір сәт балаларымыздың дүниеге келген сәтін еске алайықшы!
(Музыка қосылады)
Жүргізуші: - Есімізге қандай тәтті ойлар келгені айтпаса да түсінікті. Сол
тәтті - тәтті ойларымызбен бөлісіп отырайық.
(Ата - аналарға сөз кезегін беру)
2 - аялдама: «Балапан қанат қаққанда»
1 - жүргізуші: «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата -
ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы - балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер нені айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені - ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетері мен берер тәлімі мол болмақ.
Жүргізуші: - Жасөспірім тәлім - тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді
үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Шығармашылық әрекет.
Жүргізуші: - Ендігі кезекте сіздерге тапсырма: «Сіз балам жақсы болсын деп қандай әрекет жасайсыз?» - топтастыру.
(Ата - аналар түрлі пішіндер бейнесінде ұсынылған қағаздарға тапсырма орындайды.)
Жүргізуші. – Өз ойларымызды ортаға салып отырайық.
(Өз ойларын ортаға салу)

Жүргізуші: - Сіздің тәжірибеңізде баламен сөйлесу барысында қиындық туындаған кездер болды ма? Қандай қиындықтар есіңізде қалды? Қиындық тудырған сәттерде жағдаятты қалай шештіңіз?
(Ата - аналардың пікірін тыңдау)
Жүргізуші: - Сіздерге ғалымдардың зерттеулері бойынша жинақталған «Баламен сөйлесудің 10 ережесі» жайлы мағлұмат бере кетсем:
1. Үйге ашығып келмеңіз, ашыққан адам сабырсыз, ашушаң келеді. Мұндай сәтте бала жүрегіне қаяу түсуі мүмкін;
2. Өте шаршап, қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл - ой жүктемелері өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі;
3. Қызметіңіз туралы айтқанда баланы одан кейін қойып сөйлемеңіз;
4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды екенін естен шығармаңыз;
5. Бала - көмекші, отбасының тең құқылы мүшесі. Оны ұнамсыз жұмыстармен мазаламаңыз;
6. Баламен біліміңізді салыстырып сөйлемеңіз. Ол да өзінің ойын түйе алатынын естен шығармаңыз;
7. Бала тек өзінің естігенін емес, көргенін жасайтынын ұмытпаңыз. Ісіңіз бен сөзіңіз бір жерден шықсын;
8. Тыңдай біліңіз. Өзін тыңдамаған бала қапаланып өседі.
9. Баламен кеңесіңіз. Қуанышыңыз бен уайымыңызды бөлісіңіз. Тек бала жүрегін жаралап алмаңыз.
10. Балаңыз сізге материалды тәуелді екенін ешқашан айтпаңыз. Бұл оның жүрегінде сызат боп қалады. Қарттық шағыңызда өз алдыңызға келуі мүмкін.

Топтық жұмыс.
Жүргізуші: - Бала - ата - ананың жастық шағының айнасы. Баланың әр қимылынан кей кездерді өзіміздің де бейнемізді сеземіз. Себебі ол біздің бауыр етіміз, өн бойына өз жылуымыз бен қаталдығымызды құйып, баптап отырған гүліміз.
Жүргізуші: - Олай болса, құрметті ата - аналар, адамгершілік қағидаларын бала жүрегіне қалай сіңіреміз. Өз ойымызды мына тілшелерге жазып, бала жүрегіне апаратын жол жасайық.
(Ата - аналарға тілше қағаздар үлестіріледі. Ата - аналар өз ойларын жазып ортадағы үлкен жүрекшеге бекітеді.)
5 - аялдама: Қорытынды.
Жүректен - жүрекке.
Жүргізуші: - Міне, балаларымызға арналған сәт те өз мәресіне келіп жетті. Бүгінгі кездесуімізде барлық аялдамалардан өттік. Сіздерге көп - көп рахмет. Ендігі кезекті осы дөңгелек үстел басындағы алған әсерлерімізбен бөлісуге берсек.
(Ата - аналардың пікірі)
Жүргізуші: - Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы
басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт - дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім - тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Егер балаларымыздан осындай дәрежеге жеткізгіміз келсе балаларымыздың жүрегін тек махаббатпен, сүйіспеншілікпен ғана жылытуымыз керек. Өйткені жақсылықтың бәрі жүректегі мейірім мен жылылықтан бастау алады.
Жүргізуші: - Осы бір тамаша сәттің куәсі ретінде сіздерге жүрекшелер бергіміз
келеді. Бұл жүрекшелерді бала үшін бас қосқан осы бір кездесуден алғыс деп қабылдаңыздар.
(Музыка қосылады. Ата - аналарға ізгі тілектер жазылған жүрекшелер үлестіріледі. Ата - аналарды шығарып салу).

Жаңалықтар
Өнерлі отбасы шығармашылық сайыс
Ата - аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата - аналармен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру. Мектеп — отбасы — бала қарым - қатынастың тиімді модельдерін іздестіру
Балаға мейірім сыйла қайырымдылық кешінің сценарииі
Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты ата - аналар, ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі «Балаға мейірім сыйла» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілді, бауырмалдық.
Отбасым - бақыт мекені
Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі екенін түсіндіру, отбасы сыйластығын нығайту, балаларға қамқорлық жасап отырған ата - аналарға қолдау көрсету.
Алтын күз (ертеңгілік)
Жүргізуші: Тырна көкте тыраулап, Қош, қош айтты, «Кеттім» - деп Шөптің басына қыраулап, Күзде келді «жеттім» деп. Құрметті ата – аналар, балалар күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар хормен айтады
Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестіг
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Баланың бас ұстазы – ата-ана
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.