Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы

28 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
«Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы» (6 - сынып)
Білімділік мақсаты: Оқушыларға ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі туралы мағлұмат беру, ғұндар туралы 5 - сыныпта өткендерін, білетіндерін толықтыру Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген ынталарын арттыру, ой - өрістерін кеңейту, есте сақтау, ойлау, шапшаңдық қабілеттерін дамыту Тәрбиелілік мақсаты: білімділікке, достыққа, татулыққа, Отанын, елін, жеріне деген сүйіспеншілікке, туған елінің тарихын білуге, азаматтық - патриоттық тәрбие беру Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекіліктер, құрал - жабдықтар: электронды оқулық, слайд, плакаттар, карточкалар, компьютер, интерактивті тақта, карта, шарлар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, математика Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ( Сәлемдесу, түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Дұрыс па, бұрыс па? ойыны ( слайдта гүлдердің астында жасырылған сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс болса, дұрыс екенін, бұрыс болса дұрыс жауабын айтып жауап береді) Қойылатын сұрақтар:
1. Қаңлылар б. з. б. 3 - 2 ғасырлар - б. з. 5 - ғасыры аралығында өмір сүрді (дұрыс)
2. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді деп жазған қытай тарихшысы Сыма Цянь( бұрыс. Ежелгі Ираннның б. з. б. 6 ғ жазылған «Авеста» қасиетті кітабы)
3. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы туралы қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «Тарих жазбаларында», қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерде жазылған (дұрыс)
4. Тарихшы ғалымдар қаңлы ескерткіштерін зерттей келе 4 - ке бөлді: Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар, Көк - Мардан ( бұрыс, 3 - ке Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар)
5. Қаңлылардың негізгі қонысы Әмудария өзенінің орта ағысы, қазіргі Бішкек жерінен Қаратау жеріне дейінгі аралықты алып жатыр ( бұрыс, Сырдария өзенінің орта, төменгі ағысы, қазіргі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы, Қаратау бөктерінен Талас өзеніне дейінгі аралықты алып жатыр)
6. Қаңлы елінің билеушісі - хан, Астанасы - Битянь қаласы (дұрыс)
7. Алтын - асар, Көк - мардан, Пұшық - мардан деген қалалары болды? ( дұрыс)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сабақтың мақсатымен жоспары мен таныстырып өту (слайд арқылы)
Жоспары:
1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі
2. Мемлекеттік құрылымы
3. Ғұн тайпасының бірлестігі

(6 - сыныпқа арналған электронды оқулықты қосып, тыңдау) Б. з. б. 1 мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігінде Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияны көптеген тайпалар мекендеген. Солардың бірі ғұн тайпасы. Қытай деректерінде ғұндар туралы б. з. б. 3 ғасырдың аяғынан бастап айтылады. Ғұн сөзі сунну, гун руң, хун ю т. б. атаулармен берілген.
Ғұндар кезеңі: б. з. б 4 ғасыр б. з 3 ғасыры аралығын қамтиды
Орналасқан жерлері, территорияларын картадан көрсету
Ғұн мемлекетінің әскери жүйесі

Мемлекеттің ең жоғарғы басшысы – шаньюй деп аталды. Одан кейінгі орында түменбасылар шаньюйдің жақын - туыстары тұрды. Ғұндар 24 рудан тұрған. 24 түменбасы, олардың әрбіреуінде 10 000 атты әскері болған.

Ғұндардың қанша әскерлері болғанын есептеп шығарыңдар:
Жылына 3 рет ақсақалдар кеңесі болып тұрды. Б. з. б. 3 ғасырда Цинь патшалығы солтүстіктегі көршілерінен қорғану мақсатында Ұлы Қытай қорғанын салды. Сендер Ежелгі дүние тарихынан бұл туралы Ежелгі Қытайды өткенде оқыдыңдар - Қорғанның биіктігі қанша, ұзындығы қанша?
- Қорғанның үстінен қанша адам, немен жүре алады дедік?
- Жаудан қорғану үшін 60 - 100 метр сайын нелер орналастырылды?
Ғұн тайпасының бір мемлекетке бірігіп, күшейген кезі б. з. б. 2 - ғасырмен 1 ғасыр аралығында Мөденің билік тұсында болды. Оның жасаған әскери реформалары арқасында Ғұн мемлекеті қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю - банды да жеңіп Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзені орта ағысына дейінгі аралықты иемденді. үйсін, қаңлы, алан. т. б. тайпаларды басқарды
б. з. б. 1 - ғасырдың ортасында, яғни б. з. б 55 жылы

Ғұндар қаңлылармен бейбіт келісімде болды, бірақ тұрақтап тұрмай б. з. б 2 ғасырдан бастап б. з. 4 - ғасыры аралығында Батыс Европаға дейін қоныс аудара бастады.
Бекіту кезеңі: Оқушылардың алдына мәтін беріледі. әрбір сөйлемді оқып, диагностика жасайды. Диагностика жасау үлгісі тақтада плакатта көрсетіліп тұрады. Білмеймін дегендерді дәптерлеріне көшіріп жазады. 2 - 3 оқушы оқып береді.
5 жол өлең құру: (слайдта көрсетіледі, мысалы)
1. Зат есім. Мемлекет
2. Зат есім+ сын есім не сан есім. Ғұн мемлекеті
3. Зат есім+ сын не сан есім+ етістік. Ғұн мемлекеті бөлінді.
4. Толық сөйлем. Ғұн мемлекеті б. з. б. 55 жылы 2 - ге бөлінді
5. Зат есімге синонимдес сөз жазу. Хандық, орда, әмірлік, республика
Тақтада ілінген шарлардың ішінде жасырылған сұрақтарға жауап беру

Бас қатырғыш сұрақтар:
1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылған. Оларды қалай атады?
2. Ғұн мемлекетінің өмір сүрген кезеңі
3. Картадан ғұндардың мекендеген жерлерін көрсет.
4. Мемлекеттің құрылымы
5. Ғұн мемлекеті қай уақытта, нешеге бөлінді?
6. Қай ханның тұсында мемлекет жерін кеңейтті, қай тайпалармен соғысты, басып алды?

Сабақты өзіндік бағалау:
Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау
Үйге тапсырма: §20 оқу, ғұндардың қыш ыдыстарының суретін салып келу, өзіндік бағалауды аяқтау
22 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы
Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы
Мөде құрған державаға тән ерекшеліктерді анықтау; Ғұндардың әскери өнер жетістіктерін сипаттау; Ғұн мемлекетінің көрші елдермен қарым - қатынасын анықтау, картаға белгілеу.
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы Конспект Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б. з. б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша
Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары. Еділ – Ғұн мемлекетінің әйгілі билеушісі
Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары. Еділ – Ғұн мемлекетінің әйгілі билеушісі
Ғұн елінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі, тұрмысы мен Еділ патша кезіндегі ғұн мемлекеті туралы білу.
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Арыс қаласы, № 32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кадирова Толқын Есеновна
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×