Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалардың танымдық процесін, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту

07 тамыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Атырау облысы, Атырау қаласы
Атырау облыстық ақыл - ойы кем дамыған балаларға арналған
интернат үйі медициналық - әлеуметтік мемлекеттік
мекемесінің лекотека маманы: Каликова Айгерім

Балалардың танымдық процесін, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту.

Қазіргі кезде мектеп және мектепке дейінгі, жалпы және түзету мекемелерінде тәрбиеші, мұғалім - логопед, мұғалім - дефектолог, мұғалім - психолог сынды мамандарға арналған ойын арқылы, баланың ой өрісін дамытуға арналған түрлі ойыншықтар жиынтықтары біздің күнделікті жұмысымызда маңызды орын алады.

Мысалы: 1993 жылдан бастап, «Альма» кәсіпорны мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге арнап көп функционалды құрылғылар шығара бастады. Сонымен қатар, бұл жиынтықтар медициналық - психологиялық - педогогикалық тәжірибелердің талаптарына сай қолмен ұстауға жағымды, ыңғайлы, қазіргі замандық материалдарды қолдана отырып, жоғарғы сапалы дәрежеде жасалғандығымен ерекшеленеді.

Бұл жиынтықта балалардың қызығушылығын толығымен ескере отырып, шығарылған мультисенсорлық ойыншықтар - өздерінің көз тартарлық түрлі-түстілігімен ғана емес, жеңілділігімен, ерекшеліктерімен балаларға қоршаған ортаны танып білуге, дендерінің сау болуына жәрдемдеседі.
Ата - аналардың, педагогтардың, психологтардың, медицина қызметкерлерінің, күнделікті өмірде балалармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын барлық мамандардың талап-тілектерін орындап, түрлі білім саласындағы балалармен жүргізілетін комплекстік сабақтардың методикалық нұсқаулықтары ұсынылған.
Біздің көзқарасымызда тек осындай методикалық нұсқаулықтар өзінің практикалық қолданылуымен бала тәрбиесі мен дамуында қажетті дәрежеде нәтиже бере алады. Көп функционалды ойыншықтар жиынтығы – бұл балалардың ойын ойнау дағдыларын, құрастыру қабілетін дамытуға арналған қызықты автодидактикалық материал.
Сабақ кезінде ересек адамның яғни, маманның жиынтықты ойында методикалық жағынан сауатты қолдануы психомоторлық және сенсорлық - перцептивтік қабілеттерінің дамыуына көмектеседі.
Көп функционалды «Гномик» ойыншықтар жиынтығы қауіпсіздік талаптарына сай жасақтаған 28 көлемді бөлшектерден тұрады.
Жиынтықтың әрбір бөлшегі мықты, жуылғыш матадан ішіне паралон толтырыла жасалған төрт негізгі түс қызыл, жасыл, сары түстерден тұрады. Бұл жиынтық 3 жастан асқан балаларға арналған.
Бұл жиынтықты бөлме ішінде пайдаланады. Ойын немесе сабақ бастамас бұрын бөлшектерге зиян келтіретін өткір заттардың, күйдіретін жоғарғы температуралы заттардың жоқтығына көз жеткізіп бөлмені тексеріп, алу

қажет. Бөлшектер кірлеп, ластанған жағдайда, сабынды сумен жуып, таза сумен шайып, жұмсақ құрғақ матамен сүрту қажет.
Көп функционалды «Гномик»т. б. жиынтығы - балалардың іс әрекетін дамытуға арналған ұсақ сенсорлы жабдық.
Көп функционалды «Гномик»т. б. жиынтығы дене шынықтыру залы, лекционды бөлме, ойын бөлмелеріндегі сабақтарға арналған қазіргі заманғы балалар құрастырмасы.
Бұл автодидактикалық материал балалармен ойын барысында тығыз байланыста қоршаған орта туралы, түс, көлем, сандар жөнінде түрлі мағлұматтар қалыптастырады. Осы бөлшектер арқылы балалар түрлі құрастырма жасап, бейнелей алады. Кейін сол ойын әрекеттерін дене шынықтыру және ән сабағында пайдалана алады. Заттық дамытушылық ортада, балабақша, мектеп қана емес, бұл жиынтық тәрбиеші, дене тәрбие нұсқаушысы, мұғалім - логопед, мұғалім - дефектолог, мұғалім - психологтарға пайдалану кеңінен ұсынылады. Осындай ойыншықтар жиынтығы балалардың мақсатты бағытталған қозғалыстарын дамытады, қалыпты салмақты, бір қолмен, екі қолмен ұстауды қалыптастырады. Көп функционалды жиынтықтардың көмегімен балалардағы төмендегі әрекеттерді қалыптастырып, дамытуға болады.
• Бөлшектерді зерттеу қабілетін көру және тактильді түрде өзара салыстыруды.
• Сенсорлы – перцептивтік және моторикалық компонентті әрекеттілігімен қарапайым көру моторикалық координациясын, бұлшық ет шыдамдылығын, берілген белгі бойынша кеңістікте қозғалуына, қозғалыс бағдарын таңдау негізін.
• Заттық - практикалық және ойындық әрекетті жиынтық ғимараттар құрастыруға, балалар жиһазын, транспорт құралдарын, театрландырған ойын, сюжеттік рольдерді сомдауға қажетті құрал. Мысалы: Осы бөлшектерден баспалдақ, қамал, жиһаз, ракета, корабль, саяжайдағы жолдарды құрастыруға болады.
• Заттық практикалық әрекетте және ойын барысында орындалатын әрекеттердің сезінілуі мен жанамалылығын.
• Құрылыс ойынына қызығушылығы, сюжетті рөлдік ойындарында және құрылыс - құрастырма ойындарда құрылғыларды жасағанда бөлшектерді пайдалануға ұмтылуын.
• Қалыпты кеңістіктегі бағыт - бағдарды.
• Кеңістіктегі қозғалысты дәл бақылау, басқару қабілеттілігін.
• Зейінін.
• Еден тегістігіне қатысты бөлшектер жиынтығының жеткілікті шекарада орта есеппен тігінен немесе жалпағынан орналастыру.
• Заттардың тегістікке орналасуына қатысты санау әрекетіне қатысты ықпалын сезіну.
• Үлкен кеңістікте орналасқан көрнекі құралдағы тіке және келесі бетіндегі реттік сандарды айыра білу.
• Уақыт көріністері ( 7 түрлі модель - апта модель, 4 түрлі цилиндр – жыл мезгілі символы, қызыл - жаз, сары - күз, көк - қыс, жасыл - көктем);
• Көрнекі – әрекеттік және көрнекі - образдық ойлау.
• Ауызша қозғалыс бағдарын түсіну қабілетін.
• Құрастырмалы бөлшектерді пайдаланып топтық ойын ойнау.
Көп функционалды ойыншықтар жиынтығын пайдаланып, ойнатылатын ойын түрлері:
1. Шапшаң және ептілер.
Екі аяқтың ортасында жерде тұрған жиынтық бөлшегін алға еңкейіп алып, екі қолмен жоғары көтеру.
2. Бөлшектерді домалатамыз.
Тізерлеп отырған баланың алдында, еденде домалақ бөлшектер жатады.
1. Бала оңнан солға, солдан оңға қарай бөлшекті өзін айналдыра домалатады.
2. Біресе оң қолмен солға, сол қолымен оңға қарай домалатады.
3. Түстес үйді тап.
Еденде түрлі түсті бөлшектер шашылып жатады. Балалар музыка әуенімен билеп жүреді. Музыка тоқтағанда балалар жүргізуші атаған бөлшектің түсін танып, сол бөлшектің үстіне отыра қалу керек.
4. Қамал тұрғызамыз
Түрлі түсті, түрлі көлемді бөлшектер шашылып жатады.
Жүргізушінің нұсқауы бойынша белгілі бір түсті, бөлшекті жинап қамал тұрғызады.
5. Пішіні бойынша бірдей үйді тап.
Жерде түрлі бөлшектер шашылып жатады. Жүргізушінің нұсқауы бойынша бала өзінің үйін тауып, соның қасына тұра қалу керек. Ересек адам бала атымен, бөлшек пішінін атайды.
6. Орманға саяхат.
1) Орман жолдары.
Сабақтың мақсаты: Жүріп, тұруға үйрету, қозғалу координациясын дамыту, арқасын дұрыс ұстауды қалыптастыру, бұлшық ет, жұлынын, табанын қатайту.
Көрнекілігі: Бұжыр тақтай, массажды кілемше, көп функционалды жиынтық, арқан, гофр, кілемше, доп.
Сабақ мазмұны: Көрнеліктерді қолдана отырып, түрлі тақтайшалармен дұрыс, тіке жүру.
2) Жемістер мен саңырау құлақтарды жинаймыз.
Мақсаты: Бұлшық ет, жұлындарын, табандарын қатайту, аяқ бармақтары қозғалысын дамыту, қозғалыс координациясын дамыту.
Көрнекілігі: Жалбыр шүберекшелер, шариктер, жеміс, саңырау құлақ тәріздес уақ ойыншықтар, себет орнына дөңгелекшелер, жиынтықтың ұсақ бөлшектері.
Мазмұны: Балалар жұмсақ бөлшекке отырып, аяқ бармақтарымен айналасындағы ойыншықтарды алып, себетке салады.

VFL.RU - ваш фотохостинг
6 137
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға диагнозы бойынша топқа бөлу және түзете - дамыту сабақтарын тиімді әдіс - тәсілдермен ұйымдастыру, дефектологиялық көмек көрсету, әлеуметтік бейімдеу.
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Сөйлеу қабілеті – психикалық және сапалы дамудың маңызды шарты болып табылады. Л. С. Выготскийдің тұжырым бойынша «сөйлеу танымның күрделі және ең жоғарғы түрі болып есептелінеді».
Дәстүрлі емес сурет салу арқылы психологиялық дамуында тежеулері бар балалардың шығармашылық қабілетерін дамыту
Дәстүрлі емес сурет салу арқылы психологиялық дамуында тежеулері бар балалардың шығармашылық қабілетерін дамыту
Шығармашылық тұлғаның қалыптасуы – заман ауи кезенде педагогикалық теория мен тәжірибеде маңызды мәселенің біреуі болып табылады. Осы саланы мектепке дейінгі жастан бастап дамыту нәтижелі болады.
Ұрпақ тәрбиесі - ел мұраты
Ұрпақ тәрбиесі - ел мұраты
Жезқазған қаласы Диагностикалық орталықтың логопеді Көкенова Еркежан
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Психикалық даму тежелісі /ПДТ/ дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×