Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме

16 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме.

Қазіргі заман талабына сай әр оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтанда сабақтарымды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмалардың сабақта болуын қадағаладым.
Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдердің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен де тығыз байланысты деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Мектептегі тәжірибе кезінде менің әр сабағым диалогтан құрылды, себебі сабағым әдебиеттік оқу болғандықтан көбінесе оқушылардың ауызекі сөйлеуіне мән бердім. Жұптық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Алғашқы сабағымды бастағаннан ақ оқушыларды жұппен жұмыс істеуге үйреттім. Балалар жұптасып тақырып бойынша пікір алмасып, бір - біріне сұрақтар қойып, жауаптарын салыстыруды үйренді. Жұптық жұмыс кезінде әр оқушы өздерінің пікірлерінің бағаланатынын түсінді. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектескеніне көзім жетті. Жұптық жұмысты мен үй тапсырмасын тексеру кезінде «Ішкі - сыртқы шеңбер» әдісін пайдаландым.

Білу кезеңінде жаңа сабақтың мазмұнымен танысқан кезде және сабақтың жинақтау кезеңдерінде жұптық жұмысты кеңінен пайдаландым.
Сабақтардың барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, соның ішінде ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана сезім секілді ерекшеліктерге мән бере отырып сабақ барысында әрдайым оқушылардың белсенді болуға, дәлелдерді талдай алуға, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолдана алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз етуді мақсат тұттым. Осында қарастырылған стратегиялар оқушылардың бірін - бірі тыңдап, дәлелдерді талап етіп, тиянақты және нақты да жан - жақты болуға, ынымақтастықпен бір - бірін құрметтеуге үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуда. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен сабақ өтуім оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы. Осы талаптарды әрі қарай дамыту әрине әр мұғалімнің парызы. Оқушылар күнделікті сабақтан, бүгінгі сабақтардың айырмашылығы; топтық, жұптық және жеке жұмыстардың нәтижесінде өздігінен бағалау, өз ізденістерінің арқасында бұрын мұғалімнің түсіндіргенінен өз бетінше ізденуінің нәтижесінде көптеген өз білімдерінде өзгеріс болғандығын байқады.

Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп.
Балтабаева Салтанат Кадыровна – бастауыш сынып мұғалімі
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме жүктеу
2 989
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзектілігі
Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзектілігі
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады.
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туреева Майсагүл Ашықбайқызы
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулі сабақтар топтамасында
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулі сабақтар топтамасында
Кенжебаева Бибинур Ормантайқызы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Южный кенті №9 балабақша - мектеп кешені бастауыш сынып мұғалімі Халым Айгул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×