Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында халықтық педагогиканы кеңінен қолдану

06 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Баяндама
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында халықтық педагогиканы кеңінен қолдану
Қазақ халқының болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Ел жастарының патриоттық сезімін, білім мен біліктілігін, дағдыларын, ізгілікті қасиетін, дүниетанымдық көзқарасын, жағымды мінез - құлық нормалары мен сыпайы этикалық қарым - қатынастарын халық педагогикасы арқылы қалыптастыру керек.

Әрбір қоғам дамуының әлеуметтік мәселелері адамның рухани - эстетикалық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты. Бұл байланыстың жеке адамды рухани жан - жақты, эстетикалық мәдениеті жетілген тұлға етіп тәрбиелеудегі мәні ерекше. Халықтық тәрбиенің түп төркіні халықтық педагогикада жатыр. Халықтық педагогика халықтың рухани әрекетінің барлық саласын қамтиды. Оның басты түйіні, тәрбие көзі халық ауыз әдебиетінің түрлері мен аңыз - әңгімелерде, ертегілерде, тұрмыс - салт жырлары, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер, батырлар жыры, ғашықтық жырлары, эпостық жырлар, ақындар айтысы билердің нақыл сөздері мен ғибратты тәрбиелік ой - пікірлерімен сабақтасатын халықтық тәрбиені құрайды.

Халықтық педагогика жас ұрпақты әсемдікті игеруге, сұлулықты сезініп, оны сүйе, қастерлей білуге, оны өз бойына дарытуға, яғни бір сөзбен айтқанда оған эстетикалық тәрбие беруге бағытталған.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері қашаннан - ақ эстетикалық сипатты болып отырған, онда әсемдік ойдан жырақ, сұлулықтан тыс дүние жоқ. Бұлар халықтық ой - сананың туындысы ретінде үнемі эстетикалық оймен терең астасып жатады. Өмірдегі құбылыстар, ел қорғаған батыр, бас бостандығы үшін күрескен ұл мен қыз, ақылгөй дана қарт әсемдік заңдарына сәйкес жырланады.
Қай өнер туындысының да барынша әсем, көркем болып келуін көздеген халық жырдағы әуезділік пен үнділікті, музыкадағы нәзіктік пен ойлылықты, қолөнердегі жарастылық пен көріктілікті негізгі сипат деп таныды.

Оқушыларға әсемдік, әдемілік әлемін түсініп, оны сезіне білуге баулу үшін олардың эстетикалық қызығуын қалыптастыру керек. Бала санасына әсемдік айнала қоршаған өмірдегі сұлулыққа ерекше әсерлену, көз алдында болып жатқан құбылыстарды, табиғат өміріндегі сұлулықты сезінуі түсінуі, қызығуы, қабылдауы нәтижесінде ғана орнығады. Сонда ғана оқушылардың табиғат сұлулығын, әсемдікті сезінуін, оны бағалай білуін, танымдық, қызығушылық көзқарасын қалыптастыруға болады. Осының барлығын оқушылар бойына қалыптастырудың бір жолы – халық педагогикасы.

Жас баланы бесікке салуды қазақтар қуаныш етіп, тойлап өткізген. Мұны да ойын - сауыққа айналдырған. Онда айтылған өлеңдерден жас баланың дені сау, ер - азамат болып өсуін халықтың тілейтіндігі де көрініп отырады. Кейіннен бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой - арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық "Бесік жыры" деп атайды.
"Бесік жырында" ананың балаға деген мейірімі, махаббаты беріледі.
Қазақ халқының әдет - ғұрып, салтынан туған ойын - сауықтар кезінде өлең, әңгіме - жырлар ғана айтылып қойған жоқ. Ойын - сауық үстінде, жиналған жұртты күлдіру үшін, ауыз әдебиетінің бұдан басқа да ұсақ түрлері айтылған. Соның бірі - жаңылтпаш.

Жаңылтпаш айтқанда екі нәрсе ескерілуі тиіс. Біріншіден, жиналған жұртты күлдіру; екіншісі - әрбір сөзді тез шебер айтуға, тіл ұстартуға үйрету. Жаңылтпаштың сөздері жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. Егер жаңылтпаш айтушы адам қиыннан құралған қырлы сөздерді орамына келтіре алмаса, аздап тайып кетсе - онда күлкі боларлық тіпті ұятқа соғарлық жағдайға әкеледі. Сондықтан ол әрбір сөзді жылдамдата тақпақтаумен қатар, нақышына келтіре, мүлт жібермей, оралымын таба айтуға тиіс. Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінде, кейде өлең секілді ұйқасып келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық ауыз әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті
Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған.
Қазақтың ұлттық қолөнері
Қазақтың ұлттық қолөнері
ШҚО, Үржар ауданы, Қаратал орта мектебінде технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Жунусов Марат Садырбайұлы
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Балжан Бөлтірікова атындағы № 4 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Керімбаева Ләзат Амангелдіқызы
Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы
Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясы ММ Дуйсенбекова Сулушаш Талпаққызы
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×