Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


География сабағында жаңа технология элементтерін пайдаланудың тиімділігі

28 қыркүйек 2013, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «География сабағында жаңа технология элементтерін пайдаланудың тиімділігі» (презентациясымен)

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады» (Н. Ә. Назарбаев)

Мақсаты: Оқушыларды бүкіл адамзаттың даму үрдісінің білім мен ғылымның технологиялық даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықтау, оқушыларға дәріс берудің бұрыңғы түрін өзгертіп, жаңарту енгізу, оқушының жеке қабілетін анықтау, әр оқушыны өз деңгейімен бағалау және сабаққа деген қызығушылықты ояту

Міндеттері: Табиғи қабілеттеріне, қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне және дарындық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасау, білімге құлшыныстарын арттыру
Ойлау қабілетінің ұштала түсуіне ықпал жасау және пәнге қызығушылықтарын нығайту
Өз беттерімен ізденіп жұмыс жасау және өз пікірлерін қорғай алу дағдысына бейімдеу
Ынтасын және белсенділігін арттыру, толық бағалау

Ерекшеліктері
Таланттылар өз қабілеттері мен икемділігін одан әрі бекіте түседі.
Әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
Күшті топтарда оқуға деген ынта артады.
Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді.

І деңгей. Міндеті
Оқушылардың міндетті түрде игеруге, білуге және үйренуге жаттығулары мен тапсырмалары қамтылады.
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде оның
танымдылығы мен қызықтылық жақтарына көңіл аудару.

ІІ деңгей. Алгоритмдік
ЖАТТЫҒУЛАРЫ күрделіРЕК МАЗМҰНЫ КОМБИНАЦИЯЛАНҒАН, БЕРІЛГЕН ТАҚЫРЫПҚА СӘЙКЕС БІЛІМДІК ДАҒДЫНЫ ЖЕТІЛДІРЕДІ.
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
2) Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық, үйлесімділік болуы керек. Олар: логикалық есептер, сөзжұмбақтар, ребустар.

ІІІ деңгей эвристикалық деңгей
Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына арналған. Оқушылардың терең ойлауға жетелейтін сұрақтар мен тапсырмаларды енгізу

ІV. Шығармашылық деңгей

Көбіне олимпиадалық есептер, берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндама дайындау және белгілі бір заңдылықты оқушы оқулыққа сүйенбей, мұғалімнің көмегінсіз дәлелдеп беруі де осы деңгейге кіреді.

Тапсырмалар
І деңгей тапсырмасы
Жайық тобына:
1. Қазақстан өзендері қандай алаптарға бөлінеді?
2. Қоректенуіне қарай қалай бөлінеді?
3. Қазақстанда қанша өзен бар?
4. 1000км - ден асатын қанша өзен?
5. Өзен жүйесі қалай орналасқан?

Балқаш тобына:
1. Қазақстандағы көлдердің саны қандай?
2. Көлдердің таралу ерекшеліктері қандай?
3. Қазаншұңқыр пайда болуына байланыста қалай бөлінеді?
4. Бөгендер қанша, ең ірісі?
5. Балқаш көлі нешеге бөлінеді?

ІІ деңгей тапсырмасы
Перфокарта толтыру:

ІІІ деңгей тапсырмасы
1 - топ
Сумен байланысты қауіпті құбылыстар
2 - топ
Су ресурстарын қорғау

ІV деңгей тапсырмасы
Мәнжазба қорғау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 988
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс - тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ.
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Атырау қаласы, №36 орта мектептің химия пәні мұғалімі: Нұрсұлтанова Күләш Атимқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Калмуханова Самал Кудайбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×