Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғаттағы су

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Дүниетану пәнінен үшінші сынып оқушыларына «Табиғаттағы су» тақырыбында сабақ өткіздім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттағы су жайлы білімдерін кеңейту, сарамандық жұмыс жасау барысында судың қасиеттерін анықтату.

Алдымен оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал жасатып алдым. Содан соң бүгінгі үй тапсырмасы «Таза ауа – денсаулық кепілі» тақырыбын сұрадым. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап әдісі арқылы қорытындыладым. Жаңа сабақ бастар алдында оқушыларға байқап көру әдісі арқылы ыдыстарға құйылған сұйық зат – суларды байқап көріп айтуларын ұсындым. Білім алушылар сұйық заттың мұз, ыстық су, суық су күйінде екендігін анықтады. Осылайша оқушылармен бірлесе отырып жаңа сабақтың тақырыбын аштым. Бүгінгі сабақта «Табиғаттағы су» тақырыбымен таныстырдым. Әрбір оқушының алдына «Білемін, Білгім келеді? Үйрендім» әдісі жазылған парақшаны таратып, бірінші бағанға қазіргі кезде не білетіндерін, келесі бағанға не білгісі келетіндерін жазып толтырттым. Сынып оқушыларын топқа бөліп отырғыздым. Кітаппен жұмыс болды. Оқушылар іштей оқыту, жеке оқыту, тұтас оқыту әдістері бойынша оқыттым. Әр топқа жеке тапсырма берілді.
I топқа «Су қайдан шығады?»
II топқа «Су буға қалай айналады?»
III топқа «Су қалай қатады?».
Осы сұрақтардың жауабын флипчартқа жазып қорғады. Үш топ та өздеріне берілген санаулы, белгіленген уақытта дұрыс орындап шықты. Осылайша сынып оқушылары арасында бір - біріне деген қамқорлығы, қайырымы нығая түсті. Үш топқа ортақ «Су бізге дос қана емес, ол тілсіз жау» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? – деген ой тастадым. Бұл сұраққа жауап алу барысында әр топтан әр түрлі ой - пікірлер айтылды. «Дос» деген сөз және «Жау» деген сөз құлаққа қалай естіледі? «Дос» сөзі жағымды, «Жау»сөзі жағымсыз естіледі. Олай болса судың жағымды, жағымсыз қасиеттерін флипчартқа жазады.

Бұл тапсырманы орындауда тыс қалған оқушылар болды. Ол оқушыларға жеке тапсырма бердім. Сурет бойынша өз ойларын жеткізді. Сарамандық жұмыс жүргіздім. Әр топтың алдына құйғыш салынған екі стақан қойдым. Құйғыштың біреуінде құм шекер, екіншісінде мақта салынған. Лайланған суды осы екі құйғышқа бірдей мөлшерде құйдым. Оқушылар көріп, бақылап, зерттеп судың қандай күйде екендігін байқады және оны дәлелдеп шықты. Сыни ойлауды дамыту үшін әр топқа мынадай ситуациялық сұрақтар берілді. Сұраққа жауап беру барысында екі топ өз сұрақтарын толық қорғап шықты. Ал қалған бір топ орташа деңгейде орындады. Олардың орындай қалмаған кейбір тұстарын басқа топтардың оқушыларына көмек ретінде орындатқыздым. Оқушылар өздеріне берілген межелі уақытта тапсырманы орындап болған соң топ басшылары ортаға шығып, тақырыптарын қорғап шықты. Бұл «ойлан - топтас - талқыла» кезеңіндегі тапсырманы орындау барысында байқағаным енжар деген оқушының өзі де жауапкершілік сезініп, топпен бірлесе отырып, белсенді қатысты. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, ауада, суда, құрлықта тіршілік ететін жануарлар топ таптамасы көрсетіледі. Осының ішінен суда тіршілік ететін жануарларды топтастырды.
Бүгінгі сабақты көрнекілік әдісімен қорытындыладым.

Үйге тапсырма: «Табиғаттағы су»
Бағалау: Әр топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалады. Сандық бағалау нәтижесінде әрбір топ критерий бойынша бір - бірлерін олқы кеткен тұстарын ашып, дәл, нақты бағалауға үйренді.
2 823
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су. Табиғаттағы су айналымы
Су. Табиғаттағы су айналымы
Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Қысқа мерзімді жоспар. Табиғаттағы су айналымы
Қысқа мерзімді жоспар. Табиғаттағы су айналымы
Табиғатта су айналымы болмаса не болар еді? - Балалар, судың ұлы саяхатшы екенін білесіңдер ме? Ол бір орында отырғанды ұнатпайды. - Бұл неге байланысты? (температура мен ауа қысымына байланысты
Табиғаттағы тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
Табиғаттағы тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
Табиғаттағы тірі организмдер туралы, адам организіміндегі химиялық элементтер жөнінде және тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар туралы түсінік қалыптасады.
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз өлеңін оқып, ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Табиғаттағы су. Судың құрамы
Табиғаттағы су. Судың құрамы
Судың құрамына сандық және сапалық талдау жасай отырып, табиғатта таралу ерекшелігін қарастыру.
Табиғаттағы су
Табиғаттағы су
Сабақтың тақырыбы: Су және оны қорғау. «Табиғаттағы су»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×