Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәйтерек

04 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: «Бәйтерек»
Саласы: «Тіл дамыту»
Бөлімі: «Жапсыру»
Мақсаты:
1. Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев туралы түсініктерін кеңейте отырып, Елордамыз – Астана қаласы және Бәйтерек туралы мағлұмат беру.
2. Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Шығармашылыққа жұмысты ретімен атқара білуге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық мазмұнды суреттер, дайын аппликация үлгілері, желім, ақ қағаздар.
Методикалық әдістер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап. Раунд - Робин.

Оқу іс - әрекетінің барысы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, оларды шаттық шеңберіне шақырады.
- Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей, бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Жыл мезгіліне, айға, аптаға тоқталу.
Балалар, біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз
1 - Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналады.
Тақырыбы: Бәйтерек
- Балалар, айтыңдаршы, біздің Республикамыз, яғни еліміз қалай аталады?
- Қазақстан

Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан!

- Жарайсыңдар, біз қай тілінде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

- Мемлекеттік Рәміздерді атай аламыз ба?
- Ту, Елтаңба, Әнұран
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.

Толқыған дәні бар,
Мамырланған малы бар
Қыран қанат әні бар.
Қазақстан келбеті,
Елтаңбадан табылар.

Әнұран – жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мың қайталап айтам мұны.

- Жарайсыңдар, елордамыз қай қала?
- Астана қаласы

Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып,
Біз үлкен болғанда да.

- Елбасымыз кім?
- Н. Ә. Назарбаев

Халқымыздың тірегі,
Арман үміт тілегі,
Ел деп қала соғады
Елбасының жүрегі.
- Өте тамаша. Балалар, елбасымыз қай қалада тұрады?
- Астанада

Астана қаласы туралы суреттер экраннан көрсетіліп, түсіндіріледі.

Сергіту сәті.
- Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.
- Балалар біз қазір
Бәйтеректің бейнесін түрлі - түсті қағаздан жапсыру
Жұмыстың орындалу реті түсіндіріле отырып, балаларды бәйтеректің бейнесін жапсыруға жұмылдыру. Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдай отырып, бәйтеректің бейнесін жапсырады.

Қорыту, рефлексия
1 Балалардың жасаған жұмыстарын көрмеге қою.
- Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізді әдемі өлеңмен аяқтайық.

Сөнбе ешқашан күніміз!
Тілейді мұны еліміз!
Тілейді мұны жеріміз!
Тілейміз мұны бәріміз!

3. Қуанышты хабарлама тарату. Бәйтерек бейнесі.
Күтілетін нәтиже
Біледі: Астана қаласы және Бәйтерек туралы түсінік алды.
Түсінеді: Жұмысты ретімен, тиянақты орындау керектігін.
Жасай алады: Түрлі түсті қағаздан Бәйтеректің бейнесін жапсыра алады.
46 761
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім - ардағым, туған жерім - шаңырағым
Туған тілім - ардағым, туған жерім - шаңырағым
Балалардың тілін дамыту; зейінін тұрақтандыру; ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорын байыту; байланыстыра сөйлеуін дамыту; Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту, Отанын, туған жері туралы білу, құрметтеу
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жыл мезгілдерін ажырата білу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Қыс кереметі
Қыс кереметі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №11 «»Балапан балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Аппликация «Бәйтерек»
Аппликация «Бәйтерек»
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Наурыз Ләззат Қуанышқалиқызы
Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.
Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×