Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Исатай ауылы «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі
Доскалиева Айнагуль Мураткалиевна

Білім беру саласы: таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: қарапайым математика
Тақырыбы: Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру, заттарды санау, жыл мезгілдері (күз) оң жақта, сол жақта
Мақсаты: 4 көлеміндегі заттарды санауға үйрету, үлгі бойынша санау, екі топтағы заттарды теңестіру, жыл мезгілдері (күз) туралы түсінігін нығайту, заттың орналасу ретін сөзбен баяндай алу қабілетін нығайту, қағаз бетінде бағдарлай алу.
Көрнекіліктер: теледидар, жұмыс дәптері, геометриялық фигуралар
Әдіс - тәсілдері: ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру, демонстарциялық, практикалық

Мотивациялық - қозғаушы:
Арайлап бүгін атты күн
Шашып бізге шуағын
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуанышын, шаттығын
Қайырлы таң, қайырлы күн
Қуанатын күн бүгін!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Ұйымдастырушы - іздестіру: 3 пен 4 саны туралы түсінік беріп, тақтаға салып көрсетемін. Үстелде 2, 3, 4 - тен топтастырылған геометриялық пішіндерді санатып, заттың санын сан атауымен сәйкестендіріп атай білуін қадағалаймын.
Ойын: «Жоқ санды тап»
Шарты: 1, 2, 3, 4 сандары экраннан беріледі. Біреуі алынып қалған. Қай сан жоқ екенін балалар табады.
Ойын: «Шатасқан сандар»
Шарты: 1 - ден 4 - ке дейінгі сандар орны ауыстырылып беріледі. Балалар сандарды өз ретімен қоя білуі керек.

Дәптермен жұмыс.
1 - тапсырма.
- жоғарғы қоршаудың ішіндегі шарларды, доптарды санаңдар. Төменде көрсетілген бос орындарға сонша шар, сонша доп салыңдар.
- неше шар, неше доп салдыңдар?
- шар көп пе, доп көп пе?
Суреттерді салыстыруы тиіс.

2 - тапсырма.
Жұмбақ шешу.
Төрт аяқты, тағанды
Тасиды ол адамды
Жанармайды құйып ап
Тез жүріп ол зулайды
(автокөлік)
Мүйізінен ұстап ап
Айдайды адам абайлап
Қане, балалар ойланып
Табыңдаршы, бұл қандай ат?
(велосипед)
Суреттен велосипед пен машинаны тауып, олардың неше дөңгелегі болса, сонша дөңгелекті бояуды тапсырамын.
- велосипедтің дөңгелегі көп пе, әлде машинаның ба?

Сергіту сәті.
«Екі шапалақ» ойын - жаттығуы.
Жоғары екі шапалақ
Алға екі шапалақ
Енді қолды артқа ұстап
Қос аяқтап секіреміз.

3 - тапсырма.
Балалар алдымен сендерге күз туралы өлең оқып берейін.
Жапырақтар сарғайып
Жерге ағылып төгілсе
Құстарымыз жиналып
Жылы жақты көздесе
Күз дегенің осы ғой
Жауын жауар жер тесе.
- балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- күз көріністерін бояу үшін қандай түсті пайдаланамыз?
- суретте бұдан басқа тағы қандай жыл мезгілдері бар?

4 - тапсырма.
- оң жақтағы суретті мұқият қарап шығыңдар. Олар қалай ораласқан?
- енді екінші суретке күн мен шыршаны оң жақтағы суретке керісінше салып шығыңдар.
- екі суреттен нені байқадыңдар?

Рефлексиялық - түзетушілік: Өзін - өзі бақылау, өз атқарған жұмысына баға беру.

Толық нұсқасын жүктеу
8 222
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құлыншақ ортаңғы тобының оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Құлыншақ ортаңғы тобының оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Құлыншақ ортаңғы тобының ----- оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
Балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір затпен көп затты бір – бірінен айыра білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау.
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру, оң мен солды айыра білуге қабілетін нығайту.
Қысқа мерзімді жоспар (Математика 1 - сынып)
Қысқа мерзімді жоспар (Математика 1 - сынып)
Математика оқулығы, А. Б. Акпаева, Л. А. Лебедева, В. В. Буровова.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×