Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош, бол балабақша!

25 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қош, бол балабақша!

(Зал іші мектепке шығарып салу кешіне байланысты безендірілген.
Балалар көңілді музыка әуенімен бір ұл, бір қыз болып қол ұстасып кіріп, вальс билейді, екі жаққа тұра қалады.)
Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
1 – Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

2 – жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайың,
Болсын солай әр бір күнің, айың.

ӘН “Ән біз мектепке барамыз”. (отырады)

Диана: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата - ананы,
Мектепке кетіп барамыз.

Еркебұлан: Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл - санамыз.
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз.

Нұрасыл: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.

Жалқаубек залға жүгіріп келеді, балалар Жалқаубекті қоршап «Жалқаубек» әнің айтады
Ән: “Жалқаубек”. (отырады)
Жалқаубек: Балалар ойын ойнайықшы, мен жалғыз өзім ішім пысып, сендерді іздеп келдім. Міне менде көп ойыншықтар бар, Келіңдер ойнайық

Азамат: Жалқаубек мына жүрісің не?
- Беті қолынды жусайшы.
- Дұрыс киімінді ки, жалқау болма.
- Сен өзін мектепке барғын келеме?

Жалқаубек: Ия

Тәрбиеші: Балалар Жалқаубекке қандай көмек қажет.
Кәне олай болса Жалқаубекті көмекші тәрбиеші апайларымызға тапсырайық. Ал біз Жалқаубек жуынып тазаланып келгенше ән шырқайық.

Ән: Ақ әжем орындайтын. Зульфина, Зейнеп Диана

Жүгіріп оқушы келеді, қатарласа Жалқаубек келеді

Оқушы: сәлеметсіздер ме балалар. «Құлыншақ» балабақшасындағы мектепке баратын балаларды өзіммен бірге алып кетейін деп келдім жолда Жалқаубекті кездестіріп оны да ертіп алып келдім. Ол да мектепке барғысы келеді екен.
Тәрбиеші: Балалар, осы балабақшадағы әр күндерін қызықты өтуін қадағалап отырған апайларыңа арнаған өлең, билеріңді, тақпақтарыңды ортаға паш етіңдер.

Олжас: Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Бізге мұнда әрдайым
Бәрі - бәрі дап - дайын
Қамымызды ойлаған
Гүлляр апайым
Мейірімі мол шуақты.

Үнді биі: Ақүміт

Зульфина: Талай-талай баспалдақты аттармыз
Ата - ананың үмітінде ақтармыз
Ментай, Айнұр Зарина
Сізден алған тәрбиені
Есімізде өмір бойы сақтармыз
Мақсат
Тамылжытып би билетіп үйреткен
Мың бұралта белімізді билеткен
Лаура апай сізді
Мың алғыс сәби бала жүректен

Зейнеп
Еңбек еткен еңселі
Сырты менен ішінен
Балабақшаның қызметін
Иығына көтерген
Дәмді, тәтті тағамды
Жеткізген бізге дүкеннен
Қоймашы Толқын, Жарқын апайға
Алғыс сәби жүректен

Нұрдаулет
Әр күніміз той - думан
Рахатқа батып ек
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Жамилия Майра
Апайларға рахмет

Хор: Біздің балабақшамыз

Тәрбиеші: Балалар сендерге кішкентай топ бүлдіршіндерде өз өнерлерін алып келіпті
Би: «Балапандар»

Тәрбиеші: Рахмет бүлдіршіндер өнерлерін өрге жүзсін, талаптарыңа нұр жаусын.

Би: Жігіттер биі
Ойын: күн шуағы

Би «Вальс»

2 - Жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды.
Құшақ жайып мерекені қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтайды меңгеруші баршаны.

1 Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

2 Жүргізуші Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың

Ән: Біз мектепке барамыз
(Балалар оқушымен бірге шығып кетеді)
3 834
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×