Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты лабиринт

28 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызықты лабиринт атты «Таным» білім беру саласы бойынша «Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бөлімінен «Балапан» ортаңғы топ үшін арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Мақсаты: заттарды санымен сәйкестендіру; 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру; сандық және реттік санауды бір - бірінен ажырату; геометриялық пішіндерді айырмашылығын табу және ені, түсі, көлемін ажырата білу; берілген тақырып бойынша «Воскобовичтың дамыту ойындары» элементтерімен жұмыс жасай білу.
Міндеттері: 1, 2, 3, 4, 5 сандарымен жұмыс жасау, өзара ажыратуын көрсету; геометриялық пішіндерінің өзара айырмашылығын түсіндіру; «жуан», «жіңішке», «ұзын», «қысқа», «алдыңда», «артыңда» ұғымдарын естеріне түсіру; Коврограф ларчик және Ойын дидары алаңында өздігінен жұмыс жасай білуге үйрету.
Қолданылатын технологиялар: «Проблемалық оқыту», «Воскобовичтың дамыту ойындары», «Мнемоәдіс», үштілділік компонент.
Қажетті материал: Коврограф Ларчик алаңы (үлкен және кіші), ленталар, магниттік тақта, «Ойын дидары», көк маркер, сүлгілер, 1 - 5 сандары, қиылған геометриялық пішіндер, үнтаспа, 1 - 5 сандары жазылған карточка, қарындаш.
Қатысушылар: «Балапан» ортаңғы тобының балалары.

Барысы
Тәрбиеші балалармен залға кіреді, бір айналып қонақтардың алдына тоқтайды.
Тәрбиеші: Балалар, сендер көріп тұрғандай бізге бүгін көптеген қонақтар келді, қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме! Добрый день! Good morning!
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерді шеңберге шақырамын, сендерге айтатын маңызды хабарым бар (балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрады). Бұл хабарды жеткізер алдыңда сендердің көңіл - күйлерін жақсы екендігін көргім келеді. Сендер бүгін балабақшаға қандай көңіл - күймен келдіңдер? (жақсы). Бір - бірінде көргеніне қуаныштысыңдар ма? (иә). Сендер бір - біріне кім боласыңдар? (доспыз). Осындай керемет ауа райы үшін кімге рахмет айтамыз? (күнге рахмет!). Бақытты өмір сүріп жатқаны үшін кімге рахмет айтамыз? (ата - анама рахмет!). Ақылды, білімді болғандарын үшін кімге рахмет айтамыз? (балабақшаға рахмет!). ал бақытты балалық шақ үшін кімге рахмет айтамыз? (бір - бірімізге рахмет!). Ендеше бір - бірімізді құшақтайық (балалар бір - бірін құшақтайды). Міне, көңіл - күйлеріміз одан да жақсарды. Енді мен сендерге өз хабарымды айтайын. Бүгін таңертең қалалық білім беру бөлімінен бір хат келіпті. Хатта келесі жазылған: «2018 жылдың 13 ақпан күнінде Халықаралық математикалық орталығы «Қызықты лабиринт» атты математика оқу қызметінен онлайын олимпиада өткізіледі. Осы олимпиаданың тапсырмалары да жіберілді. Барлық лабиринт 6 орталықтан тұрады. Әр орталықтағы тапсырманың шарты арнайы таблода жазылған. Тапсырманың орындалуы онлайн қаралып, дұрыстығы немесе қателігі сол жерге дыбыс беру арқылы айтылады. «Дұрыс» деген баға қол шапалақтау, ал «Қате» деген баға барабан тарсылымен дыбысталады». Сендердің осы олимпиадаға қатысқыларың келеді ме? (Иә). Тапсырмалардың орындалу уақыты шектеулі, сондықтан жұмысқа кірісейік.
Қызықты лабиринт жүктеу
4 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір затпен көп затты бір – бірінен айыра білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау.
Қызықты математикалық тапсырмалар
Қызықты математикалық тапсырмалар
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×