Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәндіктер әлемінде

25 сәуір 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Таным. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған орта. Құрастыру. Жапсыру.
Тақырыбы: Жәндіктер әлемінде
Мақсаты: Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылығын ояту, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: суреттер, слайд, жәндіктер муляждары, наутбук, картоп, түрлі - түсті қағаздар, желім, қайшы, мақталы таяқша, сулық.
Қолданылған әдіс - тәсіл, технология: "Тәй - тәй технологиясы", "ТРИЗ" технологиясының элементтері, "АКТ", "Оригами" әдісі.
Билингвальды компонент: инелік - стрекоза, бақа - лягушка, көбелек - бабочка, құмырсқа - муравей, өрмекші - паук, шегіртке - кузнечик, қоңыз - жук, ара - пчела.

Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң апайым! Қайырлы таң достарым! Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық. Добрые утро учитель, Добрые утро друзья. Посмотрите друг на другу, Пожелайте добра.
- Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады, есімізге түсіріп алайық. Барлығымыз тақтаға назар аударайық.(Көктем өзгерістерін целофанға жапсырылған суреттер арқылы көрсету)
- Балалар, сонымен қатар көктем мезгілінде тіршілік атаулысы оянады екен.- Балалар, сендердің ақылды, алғыр екендіктеріңді сынау үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
- Тақтада табиғат аясы бейнеленген. Бірақ кейбір суреттері жетіспейтін сияқты. Жұмбақты шешу арқылы осы суретті толықтырып қандай сурет шыққанын көрейік, шешімін табайық.
Жұмбақтар
1. Ағайынды жұмыскер,
Ерінбейді жұмысқа.
Үйі толы бір әскер,
Аты оның....
2. Шидиген ұзын сирағы,
Тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүрген көп жерге,
Аспалы торлар тұрады.
3. Гүл үстінде әдемі,
Төрт жапырақ биледі.
Жұлып алайын деп едім,
Ұстатпай ұшып кетті.
4. Сулы жерді мекендеп,
Құрылықта да секеңдеп,
Шыбын - шіркей аңдиды,
Жемге қашан шешем деп.
5. Ат басты, Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі, Бөкен санды,
Қос қанатты,
Құмырсқа ізді,
Бота тіркесті.
6. Қарайын ұшты қарғадай,
Бармаған жері қалмады - ай,
Жерге түсті ін қазды.
Аяғымен тырмалай.
7. Тыру - тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, сурет те дайын болды.
- Енді осылардың барлығын бір сөзбен не деп айтуға болады?
- Дұрыс, бүгін біз оқу іс - әрекетімізде осы жәндіктер туралы білетін боламыз. Ол үшін біз бүгін 3 белсенді орталықтармен жұмыс жасайтын боламыз.
Яғни "Өнер", "Әдебиет", "Құрылыс" орталықтары."Әдебиет орталығы"
Мақсаты: "АКТ" арқылы жәндіктердің түрлері мен олардың көбеюі және тіршілігімен таныстыру.
Тақпақтар сұрау. Құмырсқа, шегіртке, қоңыз инелік, ара, бақа, көбелек, өрмекші туралы мағлұматтар беру. Жасырынған жәндіктерді табу.
"Өнер орталығы"
Мақсаты: "Оригами " әдісі арқылы қоңыз, қанқызын бүктеу арқылы қиып алып дөңгелекшелермен жапсырту. Шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
"Құрылыс орталығы
"Мақсаты: күнделікті өзіміз тұтынып жүрген көкөніс картопқа сымды есу арқылы тесіп кигізіп өрмекші жасауды үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сергіту сәті. Жел соғады, соғады, Құстар жерге қонады. Көбелектер тығылып, Дір - дір етіп тоңады. Жел кенеттен тынады, Күн де бұлттан шығады. Шегіркелер секіріп, Араларда ұшады.
- Сергіп алсақ сағат тілімен орындарымызды ауыстырамыз.
- Барлығына түсінікті болды ма? Олай болса қай орталыққа баратындарыңды таңдап, бөлінейік. (ұзақтығы 5 мин) Ортаға жинау (сылдырмақ арқылы)- Кім, қандай орталыққа барды? Орталықтарын сағат тілімен ауыстырып тұру.
Билингвальды компонент: инелік - стрекоза, бақа - лягушка, көбелек - бабочка, құмырсқа - муравей, өрмекші - паук, шегіртке - кузнечик, қоңыз - жук, ара - пчела.

Тәрбиеші: Ургенишбаева Г. О.
Жәндіктер әлемінде жүктеу
2 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің характерлік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балаларды түрлі жәндіктермен кездескенде өздерін дұрыс ұстау түсініктерін бекіту.
Жәндіктер тіршілігі
Жәндіктер тіршілігі
Жайнап тұрған бақшамда Гүлдерімді тере кет, Жаңбыр жаушы себелеп, Тақияның астына Тығыла ғой көбелек.
Көбелек және инелік
Көбелек және инелік
Жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Көбелек және инелікпен қысқаша таныстыру. Жәндіктер бейнесін қағаз бетіне жапсыру арқылы, саусақ маторикасын дамыту. Жәндіктер тіршілігіне қызығушылықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге
Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Донецк орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақыт Зейнілғабиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×