Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондықтарды қосу және азайту

18 мам 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ОҚО, Шымкент қаласы,
№89 мектеп - лицей бастауыш сынып мұғалімі
Жунсбекова Айнаш Умеркульевна

Математика - 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Толық ондықтар мен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын қалыптастыру.
Шеберлік: логикалық ойлау шеберлігін арттыру.
Дағды: өзін - өзі бақылауға, бағалауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар толық ондықтарды қосуды және азайтуды үйренеді.
Кіріктірілген модульдер: Сыни тұрғыдан ойлау, оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, АКТ - ны пайдалану, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту Әдіс - тәсілдер: Ой қозғау, «Үндемес» ойыны, Көңілді санамақ, Сатушы мен сатып алушы, Семантикалық карта, Артық санды тап.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Психологиялық дайындық. Бір - біріне сәттілік тілеу:
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі сәрсенбі күні
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Тек бестіктер болсын
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.
І топ: Алмұрт
ІІ топ: Алма
ІІІ топ: Киви
ІY топ: Ананас

Бүгінгі сабағымызда «Бағалау шкаласы» бойынша бағалаймын. Сендер берілген тапсырманы орындауға белсенді қатысып, өздеріңе тиісті бал жинап отырыңдар.
Бағалау шкаласы
Ұпайы Бағасы
20 - 25 «5»
15 - 19 «4»
10 - 14 «3»
0 - 9 «2»

Топтың критерийлері:
1. Тапсырманың дұрыс орындалуы
2. Ойын толық жеткізу
3. Дауыс ырғағының шығуы
4. Жұмыстың ұқыптылығы

Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер мені таныдыңдар ма?
Ия мен қызыл телпекпін.
Балалар, бүгін орманда сұмдық жағдай болды. Ешкінің 6 лағын сұм қасқыр ұрлап кетіпті. Ешкі болса лақтарынан айырылып жылап отыр. Біз қасқырдан ешкінің лақтарын қайтаруды талап еттік. Ал, ол болса менің 6 тапсырмам бар соны орындасаңдар ғана лақтарыңды қайтарамын дейді. Мен қасқырдың
6 тапсырмасын алып, ұзақ жол жүріп, сендерді іздеп келдім. Балалар, бізге көмектесіңдерші.
Аааа айтқандай тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға беретін тәттілерім де бар.
Құрметті ұстаз, сізде бізге көмектесіңізші.
Ал, балалар көмектесе аламыз ба?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, өткенді пысықтау. Үйге №4. 179 бет.
Қасқырдың бірінші тапсырмасы.
1. «Өзіңді - өзің тексер»
Ой ширату, әр топ ұяшық таңдайды.
«Үндемес» ойыны арқылы балалар берілген өрнектердің мәнін стикерге жазып көрсетеді.
2+3+4=
5+3 - 8=
4 - 2+0=
4+5 - 3=
6+3 - 7=2+3+4=
6+1 - 7=
7+2 - 8=

Бұл тапсырма бойынша әр оқушыға дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі
2. Зымыран сұрақтар
1. Заттарды бір - біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз? (қосу)
2. Заттарды бөліп алуда қандай амал қолданамыз? ( азайту)
3. 5 ондықта неше бірлік бар? ( 50 бірлік)
4. 1дм - де қанша см бар? (10см )
5. 1м - де қанша дм бар? ( 10дм)
6. Қосудың компонентін ата. ( қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
7. Азайтудың компанентін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

- Сандар қатарын оқы, әр қатардағы артық санды тап. Дәлелде.(слайд)
1. 2, 6, 10, 8, 4.
2. 0, 3, 7, 9, 5
3. 64, 54, 28, 34, 24.

- Сандарды оқы: 2 ондық, 4 ондық, 1 ондық, 3 ондық.
- Бұл сандардың жазылуы туралы не айталасыңдар? (Бұл сандардың жазылуында ондық деген сөз бар.)
- Осы ондықтардың әрқайсысының өзінің атауы бар екенін білесіңдер. (слайд)
1онд. - 10(он) 1онд. – 10 бірлік
2 онд.- 20(жиырма) 2онд. – 20 бірлік
3 онд.- 30(отыз) 3онд. – 30 бірлік
4 онд.- 40(қырық) 4онд. – 40 бірлік
5онд.- 50(елу) 5онд. – 50 бірлік
6 онд. – 60(алпыс) 6онд. – 60 бірлік
7 онд.- 70(жетпіс) 7онд. – 70 бірлік
8 онд. – 80(сексен) 8онд. – 80 бірлік
9 онд.- 90(тоқсан) 9онд. – 90 бірлік
10 онд.- 100(жүз) 10онд. – 100 бірлік
- Ондықтар туралы тағы не білгілерің келеді? (ондықтарды қосуға және азайтуға бола ма?).
- Бұл сұраққа бүгінгі сабағымызда жауап алатын боламыз.
- Олай болса, сабақтың тақырыбы «Ондықтарды қосу және азайту»
Сабағымыздың мақсаты: Толық ондықтарды қосуды және азайтуды үйренеміз.

ІҮ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
Мұғалімнің түсіндірмесі:
7 - 5=
7онд.- 5 онд.=
70 - 50=
Балалар ондықтарды қарапайым жай бірліктер сияқты қосуға, азайтуға болады екен.

Қасқырдың екінші тапсырмасы
Топтық жұмыс.
2+4=
2 онд.+ 4 онд.=
20+40=
5 - 1=
5 онд. – 1 онд.=
50 - 10=
7 - 5=
7онд. - 5 онд.=
70 – 50=
3+6= 3онд.+6 онд.=
30+60=

Қасқырдың үшінші тапсырмасы
Оқулықпен жұмыс 180 – бет. №1
Қалып қойған ондықтарды ата:

«Көңілді санамақ» ойыны
Ондықтарды өсу және кему ретімен орыс тілінде және ағылшын тілінде мүмкіндігінше тез санау.

Мағынаны тану.
Қасқырдың төртінші тапсырмасы
№2. Оқушыларға бағандағы мысалдарды есептеу ұсынылады:
І топ өзге топтарды бақылайды.
ІІ топ: ІІІ топ: ІY топ
4+2=66 – 4 = 2
40 + 20=60
6 - 2=460 - 40=20
60 – 20=40
6дм – 2дм = 4дм
4дм + 2дм=6дм
6дм – 4дм=2дм
60см – 20см= 40см
40см + 20см =60см
60см – 40см=20см

№3 Мұғалімнің түсіндірмесі
30 + 20 = 50
20 + 30 =50
50 – 20 = 30
50 – 30 = 20
Қасқырдың бесінші тапсырмасы
ІІ топ өзге топтарды бақылайды
І топ: ІІІ топ: ІY топ:
40 + 30 =
50 + 20 =
60 + 30 =
... +... =
... +... =
... +... =
70 -... =
70 -... =
... -... =
70 -... =
... -... =
... - 60 =

4. Сергіту сәті. Ойын: «Сатушы және сатып алушы»
Қасқырдың алтыншы тапсырмасы
6. Суретті математика. Сандарды магнитті суреттермен алмастырып есепті шығару:
1. Саяжайда 60 алма ағашы өсіп тұр еді. Тағы 20 алма ағашы отырғызылды. Алма ағашы нешеу болды?
2. Гүлге 20 көбелек келіп қонды. Аз уақыттан соң және 20 көбелек ұшып келді. Барлығы неше көбелек болды?

3. Айнұрдың 70 дана құлпынайы бар еді. Ол 30 дана құлпынайын Аружанға берді. Айнұрда қанша құлпынай қалды?
4. Сатушы қыздың 40 дана түймедақ гүлі бар еді. Ол 20 данасын сатты. Сатушы қыздың тағы неше түймедақ гүлі қалды?
5. Қосымша тапсырма:«Адасқан әріптер» ойыны арқылы қосу, азайту амалдары және қосудағы, азайтудағы сандардың атаулары қайталанады.
қсоу - қосу; зтйаау - азайту; сқғышолы - қосылғыш; зғйшааы - азайғыш;
атшзйқаы - азайтқыш;
(уақыт артылған жағдайда өткізіледі)
«Семантикалық» карта

Қорытынды
Балалар бүгін біз нені үйрендік?
Ондықтарды қосуға және азайтуға бола ма?
Алған білімдеріңді өмірде қолдануға бола ма?
Әр баланың жинаған ұпайын есептеу. Жеңімпаз топты анықтау. Мадақтау.

V. Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін өзіміздің біліміміздің арқасында ешкінің 6лағын қасқырдан құтқара отырып, өзіміздің білімді, жанашыр екенімізді білдірдік. Қазақ халқы қай кезде де білім мен ғылымнан, мәдениеттен кенде болған емес. Бірақ әр дәуірдің өз талабы бар.
Қазақстанның болашағы – білім мен ғылымда. Ол сіздердің қолдарыңызда балалар.
VI. Үйге тапсырма. №4 - 5 тапсырма. 180 бет.
57 048
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді аралас сандарды салыстыру.
Cандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант
Cандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант
Ондықтарды, бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталау; бір және екі таңбалы сандарды; шығармашылық тапсырманы шешуді және мүмкін түсіндірме келтіруді топтың ішінде жалғастыру.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу мен азайту ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін
26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту
26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту
Қарқаралы қаласының №1 қазақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Рапихова Куралай
Ондықтарды салыстыру
Ондықтарды салыстыру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Достілеуова Әсем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×