Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз құрамы

12 сәуір 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз құрамы туралы мәлімет, тың ақпараттар бере отырып, өмірге деген көзқарас қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: - Оқушыны іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға бағыттау
- Берілген тапсырманы тез тиянақты орындау, шығармашылықпен жұмыс жасау
Оқытуда қолданылатын модулдер: Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, диалогты оқыту, сыни ойлауға үйрету, АКТ қолдану
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО әдісі
Көрнекілігі: Оқулық, моноблок, постер, маркер т. б
Сабақ кезеңдері:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты топқа бөлу
(ынтымақтастық атмосфера орнату)
Шаттық шеңберін құрады: «Қос қарлығаш» музыкасы арқылы көңіл - күйлерін көтеру. Оқушыларды топқа бөлу.
Топбасшыларын сайлау.
Үй тапсырмасын сұрау: Өткен материалды қайталау. Моноблокты пайдалана отырып, «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылау
- Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтары қай сөз табына жатады?
- Не істеді? Неғылды? Қайтті? деген сұрақтары қай сөз табына жатады?
- Қандай? Қай? сұрақтары қай сөз табына жатады?
- Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтар қай сөз табына жатады?
- Сөз таптарын ата.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Өз ойларын айтады.
Моноблоктағы сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ: Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу. Сол сөзжұмбақтың шешуі бүгінгі сабақтың тақырыбы. «Сөз таптары»
- Олай болса, біз І - топ. Зат есім.. ІІ - топ Сын есім.. ІІІ - топ. Сан есім. ІY Етістік тобы бөлеміз. Әр топта тапсырмалар берілген, сол тапсырмаларды орындау арқылы, әр топ өз білімін көрсетеді. Әр топ өз топтарының аттарын қорғайды. Постермен жұмыс.
1 - жаттығу
«Сөздер банкісі» әдісі бойынша өз топтарының аттарын қорғайды.
Тақырыптық түйінді сөздер. Келтірілген сөздердің қайсысы қай сөз табына жататынын анықтайды. Оқулықпен жұмыс.
Топпен орындайды
Дәптермен жұмыс. Заттың санын білдіретін сөздерді қаншалықты түсінгенін байқау мақсатында«Ішіне, сыртына»әдісін қолдану.
І - топ. 1 - жаттығу. Зат есім теріп жазу.
ІІ - топ. 2 - жаттығу. Етістікті теріп жазу.
ІІІ - топ 3 - жаттығу. Сан есімді теріп жазу.
ІY - топ 4 - жаттығу. Сын есімді теріп жазу Әр топ топпен бірлеседі, ақылдасады, кеңеседі..
Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға өмірмен байланыстыра отырып жауап береді.
Қорытынды: Ой толғаныс сатысы. Бес жолды өлең.(бес жолдан тұратын қорытынды) Ақпаратты түйіндеп айту, көп сөзді тұжырымды қысқа сөзбен жеткізу.
1. Зат есім
2. Сын есім.
3. Етістік.
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
Мәнін қайта айту
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
Бағалау: Смайликтер арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: Үйге тапсырма беру. 5 - жаттығу.

Рефлексия Сабақтан алған әсері туралы пікірін стикерге жазып, «Ізгілік ағашына» жапсыруды тапсыру
- Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе?
- Топпен жұмыс жасаған ұнады ма?
- Топ ішінде бір - біріңе көмектестіңдер ме?

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байдешова Фарида Нышымовна

Толық нұсқасын жүктеу
2 309
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Good morning. Where are you from?
Good morning. Where are you from?
Отбасына байланысты сұрақтарға ағылшынша жауап беріп, өзінің отбасы жайлы айтуға үйрету. Жаңа сөздермен және оның айтылуымен таныстыру.
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Өткен сабақтарды пысықтау тапсырмаларын орындау. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, есте сақтау дағдысын қалыптастырып, сыни ойлауға үйрену.
Сәкен Сейфуллин «Дала» өлең
Сәкен Сейфуллин «Дала» өлең
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №81 Ұлықбек атындағы негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Садокат Кайнарбековна
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×